Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

IFRS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ

4 IFRS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ
Сақтандыру шарттары
Бұл нұсқа 2005 жылғы 31 желтоқсанға дейін шығарылған түзетулері енгізілген жаңа IFRS-нан туындайтын түзетулерді қамтиды.
4 IFRS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ
Сақтандыру шарттары
МАҚСАТЫ
1 Осы Стандарт мақсаты осындай шарттарды шығаруды жүзеге асыратын (осы Стандартта сақтандырушы деп аталады) кәсіпорынның сақтандыру шарттары бойынша қаржылық есептілігін Басқарма сақтандыру шарты бойынша өзінің жобасының екінші сатысын аяқтаған сәтке дейін сипаттау болып табылады. Атап айтқанда осы Стандарт мыналарды талап етеді:
(а) сақтандыру шарттары бойынша сақтандырушының бухгалтерлік есебіндегі шектеулі жетілдірулерді;
(b) сақтандырушының қаржылық есептілігіндегі сақтандыру шарттарына байланысты туындаған сомаларды айқындайтын және түсіндіретін және осы қаржылық есептіліктің пайдаланушыларына сақтандыру шарттары бойынша болашақ ақша қаражатының көлемін, уақыт бойынша бөлуді және айқындалмауын түсінуге көмектесетін ашып көрсетуді.
ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
2 Кәсіпорын осы Стандартты мыналарға қолдануы тиіс:
(а) ол шығаратын сақтандыру шарттарына (қайта сақтандыру шарттарын қоса алғанда) және оның иелігіндегі қайта сақтандыру шарттарына;
(b) ол қалауы бойынша қатысу құқығымен шығаратын қаржы құралдарына (35-параграфты қараңыз). 7-«Қаржы құралдары – ашып көрсету» IFRS осындай құқықтары бар қаржы құралдарын қоса алғанда, қаржы құралдары туралы ақпаратты ашып көрсетуді талап етеді.
3 Осы Стандарт 45-параграфтағы өтпелі кезеңнің талаптарын қоспағанда, сақтандырушыларды есепке алудың сақтандырушылардың иелігіндегі қаржы активтерін және сақтандырушылар шығарған қаржы міндеттемелерін (32 IАS және 39-«Қаржы құралдары - тану және бағалау» IАS қараңыз) бухгалтерлік есепке алу сияқты аспектілерін қозғамайды.
4 Кәсіпорын осы Стандартты мыналарға қолданбауы тиіс:
(а) тікелей өндірушілер, дилерлер немесе бөлшек сатушылар ұсынатын өнімге берілген кепілдікке (18-«Түсім» IАS және 37-«Бағалау резервтері, шартты міндеттемелер және шартты активтер» IАS қараңыз);
(b) жұмыс берушілердің қызметкерлерге сыйақы жоспарлары бойынша активтері мен міндеттемелеріне (19-«Қызметкерлерге берілетін сыйақылар» IАS және 2-«Үлестік құрал негізіндегі төлемдер» IFRS қараңыз) және белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарларының есептілігінде көрсетілген зейнетақы жоспарлары бойынша міндеттемелерге (26-«Зейнетақы жоспарлары бойынша есеп және есептілік» IАS қараңыз);
(c) болашақтағы пайдалануға немесе қаржылық емес бапты пайдалану құқығына қатысты шарттық құқықтарға немесе шарттық міндеттемелерге (мысалы, кейбір лицензиялық төлемдер, роялти, шартты жалдау төлемдері және осындай баптар), сондай-ақ қаржылық жалдауда құрылған жалдаушының тарату құнына берілген кепілдікке (17-«Жалдау» IАS, 18-«Түсім» IАS және 38-«Материалдық емес активтер» IАS қараңыз);
(d) қаржылық кепілдік берулер қаржылық кепілдіктер, аккредитивтер немесе сақтандыру шарттары ретінде сипатталатынына не сипатталмайтынына қарамастан, 39 IАS 32 IAS және 7 IFRS кәсіпорын беретін немесе олар бойынша басқа тарапқа осы Стандартты қолдану аясына кіретін қаржылық активтерді немесе қаржылық міндеттемелерді өткізу кезінде жауапкершілік сақталатын қаржылық кепілдік берулерге. Эмитент мұндай таңдауды әрбір жеке шартқа қатысты қолдана алады, бірақ бір рет жасағаннан кейін ол одан шегінуге құқылы емес;
(e) бизнесті біріктіру кезінде төлеуге немесе алуға жататын шартты өтемге (3-«Бизнесті біріктіру» IFRS қараңыз);
(f) кәсіпорын иеленген тікелей сақтандыру шарттарына (яғни, кәсіпорын полисті ұстаушы болып табылатын сақтандыру шарттарына). Дегенмен, цедент осы Стандартты ол иеленген қайта сақтандыру шарттарына қолдануы тиіс.
5 Қолайлылық үшін осы Стандартты сақтандыру шартын шығаратын кез келген кәсіпорын, ол заңды немесе қадағалау мақсаты үшін сақтандырушы болып табылатынына не табылмайтынына қарамастан, сақтандырушы деп атайды.
6 Қайта сақтандыру шарты – бұл сақтандыру шартының түрі. Тиісінше сақтандыру шарттарының осы Стандарт аталған барлық ескертулері де қайта сақтандыру шарттарына жатады.
Қондырылған туынды құралдар
7 39 IAS кәсіпорынның негізгі шарттардан кейбір құрылған туынды құралдарды бөлуді, оларды әділ құны бойынша өлшеуді және олардың әділ құнының өзгерістерін пайда немесе залалға енгізуін талап етеді. 39- IАS, құрылған туынды құрал өздігінен сақтандыру шарты болып табылатын жағдайларды қоспағанда, сақтандыру шарттарында құрылған туынды құралдарға қолданылады.
8 39 IAS талаптардан айырмашылық ретінде сақтандырушыға полисті ұстаушының сақтандыру шартынан белгіленген сома үшін (немесе белгіленген сомаға және пайыздық ставкаға негізделген сома үшін) бас тарту мүмкіндігін, тіпті егер осы мүмкіндікті пайдалану бағасының негізгі сақтандыру міндеттемесінен айырмашылығы болса да, әділ құны бойынша бөліп көрсету және өлшеу қажет емес. Дегенмен 39 IAS Халықаралық стандартының талабы, егер бас тарту бағасы қаржылық айнымалының (үлестік құралдың немесе тауардың бағасы немесе индекс сияқты) немесе шарт бойынша тарапқа жатпайтын қаржылық емес айнымалының өзгеруіне қатысты өзгерсе, сату опционына немесе сақтандыру шартында құрылған ақша қаражатына айырбас ретінде бас тарту мүмкіндігіне жатады. Сонымен бірге, бұл талап сондай-ақ, егер ұстаушының сату опционын немесе ақша қаражатына айырбас ретінде бас тарту мүмкіндігін пайдалану мүмкіндігі осындай айнымалылықтың өзгеруімен (мысалы, егер қор нарығының индексі белгілі бір деңгейге жетсе, сату опционын пайдалануға болады) болса, қолданылады.
9 8-параграф тең дәрежеде қалауы бойынша қаржылық құралдан бас тарту мүмкіндігіне де қолданылады.
Депозиттік құрамды бөлу есебі
10 Кейбір сақтандыру шарттарының сақтандыру құрамы және сол сияқты депозиттік құрамы бар. Кейбір жағдайларда сақтандырушыдан осы құрамдарды бөлу талап немесе рұқсат етілген:
(а) егер мына екі талап қанағаттандырылса, бөлу талап етіледі:
(і) сақтандырушы депозиттік құрамды (бас тартудың құрылған мүмкіндігін қоса алғанда) бөлек (яғни, сақтандыру құрамды есепке алмай) өлшей алады;
(іі) сақтандырушының есеп саясаты одан өзгеше түрде депозиттік құрамға байланысты туындаған барлық міндеттемелер мен құқықтарды тану талап етілмейді;
(b) егер сақтандырушы депозиттік құрамды (а)(і) тармағындағыдай бөлек өлшесе, бөлу рұқсат етілген, бірақ талап етілмейді, бірақ оның есеп саясаты одан депозиттік құрамға байланысты туындаған барлық міндеттемелер мен құқықтарды, осы құқықтар мен міндеттемелерді өлшеу үшін қандай негіз пайдаланылатына қарамастан, тануды талап етеді;
(с) егер сақтандырушы депозиттік құрамды (а)(і) тармағындағыдай өлшей алмаса, бөлуге тиым салынған;
11 Бұдан әрі сақтандырушының есеп саясаты одан депозиттік құрамға байланысты туындаған барлық міндеттемелерді талап етпейтін жағдайдың мысалы келтіріледі. Цедент қайта сақтандырушыдан залалдар өтемін алады, бірақ шарт цедентті болашақ жылдары осы өтемді кері төлеуге міндеттейді. Бұл міндеттеме депозиттік құрамға байланысты туындайды. Егер цеденттің есеп саясаты керісінше жағдайда оған осы өтемді туындайтын міндеттемелерді танусыз кіріс ретінде тануға рұқсат етсе, онда бөлу талап етіледі.
12 Шартты бөлу үшін сақтандырушы:
(а) осы Стандартты сақтандыру құрамына қолдануы;
(b) 39 IАS депозиттік құрамына қолдануы тиіс.
ТАНУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
Басқа Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарынан уақытша босату
13 8-«Есеп саясаты, есептік бухгалтерлік бағалаулардағы өзгерістер және қателіктер» IАS 10-12-параграфтары бапқа тікелей қолданылатын Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары болмағанда кәсіпорын есеп саясатын әзірлеу кезінде пайдалануы үшін қажетті критерийлерді белгілейді. Дегенмен осы Стандарт сақтандырушыны осы критерийлерді өзінің есеп саясатында қолданудан босатады:
(а) ол шығаратын сақтандыру шарттарына қатысты (сатып алуға арналған тиісті шығындарды және 31 және 32-параграфтарда жазылған материалдық емес активтерді қоса алғанда);
(b) ол иеленген сақтандыру шарттарына.
14 Сонымен бірге, осы Стандарт сақтандырушыны 8 IАS Халықаралық стандартының 10-12-параграфтарындағы кейбір критерийлерінің ықпалынан босатпайды. Атап айтқанда, сақтандырушы:
(а) сақтандыру шарттары бойынша туындайтын, есепті күні болмаған ықтимал болашақ шағымдар бойынша кез келген бағалау резервтерін міндеттеме ретінде танымауы тиіс (апаттық тәуекелдер бойынша бағалау резервтері және шығындылықтың өзгеру резервтері сияқты);
(b) 15-19-параграфтарда жазылған міндеттемелердің баламалығын тексеруі тиіс;
(c) сақтандыру міндеттемесін (немесе сақтандыру міндеттемесінің бір бөлігін) баланстан, тек ол өтелген кезде, яғни шартта көрсетілген міндеттеме орындалған немесе жойылған немесе оның қолданылу мерзімі аяқталған кезде ғана алып тастауы тиіс;
(d) мыналарды есепке алуы тиіс емес:
(і) қайта сақтандыруға байланысты, тиісті сақтандыру міндеттемелері бар активте

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]