Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТӨУЕЛСІЗДІК

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТӨУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫ ҚАЛЫПТАСҚАН ЖЕР ИЕЛЕНУШІЛЕР МЕН ЖЕР ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ.
Нарықтық экономикаға көшу, ақылы жер пайдалану жүйесін енгізу, мемлекеттік жер меншігі мен қатар шектеулі түрде оның жеке меншікте болуын, жерді жылжымайтын мүлік және құкықтық реттеу объектісі ретінде бағалау, жер реформасының әрі қарай даму жөніндегі міндеттерді, оның жаңа кезеңдерін белгілейді. Жердің ұтымды пайдаланылуына және қорғалуына мүдделі жер пайдаланушылардың құқықтарын қамтамасыз ету, сонымен бірге жер рыногінда дамуына жағдай жасау өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Жер реформасы қазіргі кезеңде мыңадай бағыттарда жүзеге асырылуда:
- техникалық жағынан дәлді, экономикалық және экологиялық тұрғыдан негізделген шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасау және жер бетіне түсіру арқылы азаматтар мен занды тұлғалардың жер үлестерінің аудандары мен межелерін нақтылау;
- қазіргі жер үлестерін пайдалануға немесе иеленуге құқық беретін құжаттарды нақтылау, жаңаларын дайындау және заң органдарында тіркеу;
- зерттеу және іздестіру материалдарын жаңарта отырып, жер кадастры істерін қалыптастыру және мемлекеттік жер кадастырын жүргізу;
- кейінкен қайта бөлу мақсатымен арнайы жер қорын жасау және оның сапалық күйін талдау;
- жердің пайдаланылуы және қорғалуы жөніндсгі мониторинг пен мемлекеттік бақылауды жүргізу;
өндіргіш қасиеттерін топырақ құнарлылығын, орналасуын, суландырылғандығына және т.б. ескере отырып, жердің әрбір учаскесінің пайдалану тиімділігін әрі қарай арттыру мақсатымен жерді категориялары және алаптары бойынша қайта бөлу;
-жерді, қала жерлері мен ауылшаруашылық алаптарыныда базистік ставкаларын, арттыру және кеміту коэффициенттерін, жер рыногін дамыту және салық көлемін анықтау мақсатыыен, толық түгелдеу және құңдық тұрғыдан бағалау;
-территория реттілігін қалпынам келтіру және одан ары жетілдіру мақсатынан накты ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобаларын жасау;
-ауылды елді мекендердің жүйесін түгелдей отырып, олардың жаңадан ұйымдастырылған шаруашылық құрылымдарының орталықтары ретінде пайдаланылуын белгілеу.
Жер реформасын жүзеге асырудың нәтижесінде республикада шаруашылық жүргізу субъектілерінің кұрамы мен жер меншігінін формалары айтарлықтай өзгерді. Үш миллионнан астам азаматтар жеке үй (қосалқы) шаруашылығын, саяжай, тұрғын үй және басқа құрылыстарды жүргізу үшін жеке меншікке жер учаскелерін алды. Шаруа (фермерлік) қожалықтары да дамуда. Олардың жалпы саны 2003 ж. 1- қарашасында 151,9 мыңға жетті. Бұлардың қарамағына 32,8 млн.ға, яғни ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердіи 39,4 %, пайдалануға берілген.
Колхоздарды таратып жіберудің және мемлекеттік ауылшаруашылық көсіпорындарды жекешелендірудің нәтижесінде республикада 6.5 мыңға таяу мемлекеттік емес жаңа агроқұрылымдар пайда болды, солардың ішінде:
2 мыңғажуық ауылшаруашылық кооперативтері, 3 мыңнан астам шаруашылық серіктестіктері мен акционерлік қоғамдары, 1,5мындай басқа көсіп орындармен ұйымдар. Шаруа қожалықтары мен жоғары аталған шаруашылық субъектілерінің қарамағында ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердің 96,6 % қамтылған. Осы субъектілердің басым бөлігіне жерді-тұрақты пайдалануға құқықберетың құжаттарталсырылған, ал шаруа қожалықтарының алғашқыларында (1991-1995 ж.ж.), солкездегі Қ.Р. Жер Кодексіне сәйкес берілген жерді өмір бойы иеленуге және мұра ретінде қалдыруға құқық беретін, мемлекеттік актілері бар. Дегенмен жаңа Жер Кодексі (2003ж) бойынша аталған құқық иелері өз қарамағындағы жерді сатып алуға немесе әр түрлі мерзімге жалға алуға тиісті.
Ұйымдастырылған агрокұрылымдардағы жаңа формалары өлі тұрақтанған жоқ. Ауылшаруашылық көсіпорындарының, серіктестіктердің, кооперативтердің, шаруа қожалықтарының бұрыннан барларының жойылу және жақаларының құрылу процесі жалғасуда.
Сондай-ақ, мемлекеттік ҒЗИ мен оқу – тәжірибелік шаруашылықтары да біршама көбеюде. Соңғы 5 жылдың ішінде олардың саны 342 ден 593 дейін өсті. Бұл шаруашылықтар категориямына жататындардың ауданы айтарлықтай көп емсе. Республика бойынша олардың жалпы ауданы 1,5 млн.га төңірегінде.
2. КЕРГЕ ҚҰҚЫҚ БЕРЕТІН ҚҰЖАТТАРДЫ РӘСІМДЕУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ
Жерге кұқық беретін құжаттарды рәсімдеу және тапсыру жер-ка-дастрлық істерді тіркеу, азаматтар мен заң тұлғаларының құқықтарына қорғау, жер рыногін қалыптастыру, мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, жердің пайдалануын және қорғалуын бақылау ісінде негізгі тетік болып табылады.
Жер құқығын растайтын құжаттармен (актілер) қатар жер учаскелерінің пландары жасалып тапсырылады. Әрбір жер учаскесіне жер-кадастрлық ісжасалады.
2001 ж. қаңтарында қабылданған "Жер туралы" заңға дейін жер учаскесіне жеке меншік және тұрақты жер пайдалану кұқықтарын куәландыратын актілер берілген болатын. Жоғарыда аталған заңның 124 б. бойынша енді барлық ШФҚ мен мемлекеттік емес заң тұлғаларының ұзақ мерзімді жалдаушыларға айналды. Заңды жүзеге I асыру мақсатымен бүкіл жер пайдаланушылардың учаскелері қайта тіркеуге алына бастады. Бұл іс-қимылдардың астарына жұртшылық жер жеке меншігін мақұлдамайды деген пайымдау алынып, "тұрақты; пайдалану" және "өмір бойы мұраға қалдыру жолымен иелену" статусы "жеке меншік" ұғымымен теңестірілді. Осы ой желісі I басшылыққа қойыла отырып, жер пайдаланушылықтарды белсенді түрде қайта тіркеуден өткізу жұмыстары жүргізіле бастаған.
Бірақ, Республика Президентінің жолдауында (2002ж. Сәуір) бұл; мәселе мүлде басқа тұрғыдан қаралып, жер (сонымен қоса ауылшаруашылық алаптары) жеке меншігін енгізу туралы заңды дайындау міндеті қойылды. Қазіргі кезде жаңа Жер Кодексі дайыадалып іске қосылады.

3.ЖАҢА ЖЕР КОДЕКСІ, ОНЫҢ ҚЫСҚАША ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Жаңа жер кодексі 170 бап пен 21 тарауды қамтитын 5 бөлімнен
тұрады.
Бөлімдер мен тараулардың тек аттарын ғана келтіре отырып, олардың ерекше жаңашылдықтары барларын қысқаша сипаттап өтелік.
Жаңа Жер кодексі, 2001 жылдың 24 қаңтарында қабылданған *Жер туралы» заңның орнына, 2003ж. маусым айында енгізілді. Жалпы алғанда екі құжаттың мазмұндары ұқсас. Дегенмен, екінші бөлімнің 3,5,9,10,20 және 21 тарауларында айтарлықтай жаңашылдықтар байқалады.
Жалпы алғанда кодекс ірі жер пайдалаяушылықтар мен тұрақты — рентабельді бәсекелеске төзімді және экспортқа шығарылатын өнімді
өндіретін шаруашылықтарды дамытуға бағыттайды.
Алдын ала, жер туралы қатардағы заңның орнына толыққанды және көпбапты Кодекстің әзірленуін жоғары бағалау қажет.
Кодекстің мазмұнын сипаттай келе, бірінші кезекте мыңадай жағдайды атап өткен жөн. Жалпы елдің экономикасының, әсіресе оның агросаласының дамуына орасан зор ықпалды ауылшаруашылық алаптарға жер жеке меншігін енгізу механизміне қатысты тараулар мен баптар жасайды.
Бірқатар баптарда жерде еңбек ететіндерге жеңілдіктер ескерілген (жерді сатып алу бағаларының азайтылуы, осы бөліп-бөліп төлеу және т.с.с.)
Тәуелсіздік жылдары экономикалық сонымен бірге аграрлық және жер реформаларының барлық кезеңдерінде, кейбір әлеуметтік топтардың ара наразылығына қарамастан, жерге жеке меншік бірте-бірте қоғамдық өмірге еніп бейімделе бастады. Бұл бағытта аса маңызды қадам болып ҚР Конституциясының 6-бабы мен 1995 жылдың 22 желтоксанында қабылдантан заң күші бар Президенттің Жарлығы саналады. Соңғысын жүзеге асыру нәтижесінде ҚР-ның 2496 мың атты қазір ұсақ жер учаскелерінің иесіне айналып отыр.
Осымен қатар 2300 мың ауыл тұрғындарына шартты жер үлес иемдеуге құқық беретін куәліктер тапсырылған болатын.
Бірақ, 2001 жылы бекітілген «Жер туралы» Заң бойынша бұл куә-ліктер заң күшін жоғалтып, оны тірілту» мақсатымен жер учаскелерін азаматтарға тегін беру жөніндегі ұсыныстар қабылданбай қалды.
Заң шығару ісінде, басқа салаларда сияқты, белгілі бір сабақтастық байқалады. Жер қатынастарын реттеуге тікелей қатысты жер заңдарын шығару ісінде де бұл құбылыс орын алады. Осыған орай жаңа кодекс пен оның алдындағы жер заңындағы тараулар мен баптар мазмұндарының ұқсастығын атап өткен қажет.
Ауылшаруашылық мақсаттағы жерге жеке меншік институтын енгізу осы екі құжаттың ең басты айырмашылығы. Кодекс бойынша экономиканың барлық салаларына, сонымен бірге ауылшаруашылық өндірісіне, тарату ұмтылу сезіледі.
Жер жеке меншігін енгізу аса күрделі саяси және әлеуметтік-эко-номикалық проблема, өйткені оны жүзеге асыру әр түрлі әлеуметтік топтар мен таптардың мүдделерін қозғайды.
Осымен бірге шетел тәжірибесін де ескерген қажет: ұсақ фермерлік шаруашылықтары ауыл шаруашылығының қазіргі мүшкіл жағдайы өзгертуге оның тиімділігін жақсартуға қаблетті деу өте қиын.
Дегенмен, жер қатынастарының берікті құқықтық негізі салынғаны шүбәсіз. Ендігі мәселе осы құқықтық негізге тіректене отырып, жер кодексін қоғамдық өмірге енгізудің нақты механизмін қамтамасыз ету. Бұл жерге орналастырушы және жер кадастры инженерлерінің аса маңызды міндеттерінің бірі.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]