Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҚЫН ЕЛДЕРМЕН БАЙЛАНЫСЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҚЫН ЕЛДЕРМЕН БАЙЛАНЫСЫ

Қазақстан тәуелсіздігін алған күнін жариялағанда, Өзбекстанда тұратын бауырлар бір-бірінен сүйінші сұрап, қуаныштан бас киімдерін аспанға атып, жасы үлкендер Ташкент, Самарқанд, Бұқара мешіттерінде Аллаға жалбарынып, “Қазағымның қуанышын ұзағынан сүйіндір, қазақ елін, оның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты аман қыла гөр!” деп көк қошқарларын құрбандыққа шалды.
Біздер, Өзбекстан қазақтары, әлі есімде, 1992 жылғы Дүниежүзі қазақтарының бірінші құрылтайына қатысып, әлем мемлекеттерінен келген қандас бауырларымызбен қауышқанбыз. Сонда Елбасымыз Республика сарайында жүрекжарды сөзін бізге арнады. “Ау, ағайындар, тәуелсіз мемлекет болдық, атамекендеріңе оралыңдар, шамамыз жеткенше қарсы аламыз. Мына асқар Алатау, анау кең жазира дала, өзен-көлдер, теңіздер сіздердікі” дегенде қуаныштан көзімізден жас шығып, елде бас қосқан барша қазақтар иіндері солқылдап отырды. Әлі оңы мен солын тани алмай отырып, бізді атамекеніміз шақырады екен-ау, құдайым тіл-көзден аман қылғай, сені тапқан ата-анаңнан, қазақ халқынан айналдық. Біздің Отанымыз болар ма екен-ау деп жүргенде, Алла тағала сый ретінде Сізді бізге берді, мың қайтара шүкір.
Міне, қас-қағым сәтте 15 жыл да өте шығыпты. Уақыт – төреші деген ақиқат екен. Содан бері Қазақстан да көк туын желбіретіп, өркениетті елдермен терезесі тең болып, тарих сахнасына шықты. Қасиетті Қазақстан атты жерімізде Менделеев кестесі элементтерінің бәрі түгел бар. Мұнда алтын да, газ да, күміс те, уран да, гауһар да бар. Мұндай тағдыр, қызыр дарыған ел жер бетіндегі халықтардың бәрінің маңдайына жазыла бермейді.
Өзге елде жүрсек те қазақ туралы жаман сөз естімедік. Біздің бар байлығымыз сол болды. Қай мемлекетте жүрмейік, үйде, түзде, мешіттерде қазақты аман қыла гөр, атамекеніміз аман болғай, тәуелсіз мемлекет болып, қазақ атты халқымыздың даңқы арта берсін деп тілейміз бір Алладан.
Тәуелсіздік алған күннен бастап, Нұрсұлтан Назарбаев баршамызға: Мынау сенің Қазақстаның, сенің алтын бесік, туған жерің, сенің байлығың, сенің тау мен далаң, егін ек, ағаш отырғыз, мал бақ, еңбек ет, – деді. Біз де осындай кең байтақ еліміздің барын мақтан тұтамыз. Біздер Өзбекстаннан күн сайын көктеммен бірге ұшып жеткен жыл құстарындай елге оралып жатырмыз. Алыс-жақын шет елдерде жүрген қазақтың да, атамекеніміздегі қазақтың да Отаны біреу. Ол – Қазақстан. Басқа Отанымыз жоқ. Қала мен дала қазағына айтар тілек-өтінішіміз біреу-ақ.
Қазақстан атты Отанымыздың мықты бір кірпіші болып қаланайық, бір-бір уығы болып шаншылайық, ағайын. Керегеміз мықты ел болайық! Қазақ елі тектілік түнеген, бақ дарыған құт мекен. Қаймақтай ұйып отырған құт мекенде алауыздық болмаса екен деп тілейміз.
Нұрсұлтан Назарбаев ТМД-ға ғана емес, әлем жұртшылығына танымал басшы дәрежесіне көтерілді. Кейінгі кезде көзі ашылған бұлақтай болып, тың идеялар мен ұсыныстар жасап, батыл қадамдарға барып жүр. Елбасы өте тәжірибелі, іскер әрі өткір басшы. Көпшіл, жұртшылықпен ашық әңгімеге, бетпе-бет кездесуге барып, кез келген топпен тіл табыса біледі. Екі тілге жүйрік. Жады мықты. Небір сан фактілерді жатқа айта береді. Өнерлі, ширақ, шымыр. Шынын айтар болсақ, кей елдің президенттері елін тастап қашып жүргенде, Нұрсұлтан Әбішұлы өз халқының ортасында болып, өз ойларын ашық ортаға салатын басшы. Соны көргенде шүкіршілік етіп, марқайып қаламыз.
Халықтың, көпшіліктің жайын ойлап, жарғақ құлағы жастыққа тимейді. Баспасөз, теледидардан байқап отырсаңыз, ауыл тұрғындарымен әрбір жүздесулерінде оның жүзінен де, бойынан да дала иісі аңқып тұрғанын сеземіз. Бүгінде алыс-жақын шет елдермен байланыс күшейді. Қорғаныс қабілетін арттыру, халықтың әл-ауқатын жақсарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, т.б. ауқымды шараларды есепке алсақ, осы мәселелердің әрқайсысы Н.Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Қазіргі заманғы саясат атаулының жұлыны – экономикалық саясат. Оны білмей ел басқару мүмкін емес. Осы күні Н.Назарбаевтың абзал да абыройлы аты арқылы жұмыр жердің жұртшылығы Қазақстанды танып білді. Ендеше, қолда бар алтынның қадірін білейік, ағайын.
Тәуелсіздік алдық. Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшеміз, әлем жұртшылығы таныған ел болдық. Қайтсек Қазақстанды дамыған өркениетті елдердің қатарына қосамыз деген ұлы мақсат жолында қажымай-талмай халықты алға Н.Назарбаев бастап келеді. Елбасымыздың биылғы Жолдауы көкірегімізге құт-береке дарытқандай болды. Бүкіл әлемде белгілі тұлғалар, саясаткерлер Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың идеяларын мақұлдап, мойындап жатқанын қазақ халқы үшін мақтаныш деп қарауымыз керек.
Президентіміз сол биіктен түспей жүре берсін, абыройдың биігінен айырмасын. Еліміздің болашағы әрі тірегі – ана мен балаға жәрдемі, оларды тегін емдетіп, өркениетті елдерде оқытып алу жолдары өте орынды. Күні кеше Президентіміз халықпен жүздесуінде ашық айтты: осыдан он жыл бұрын жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім 700 доллардан аспап еді, ал үстіміздегі жылы бұл өнімнің көлемі 2700 долларға жетті. Биылғы жылдың қорытындысымен 3 мың доллардан асамыз ба деген болжамы қуантарлық жай.
Қазақ халқының ұлылығы – оның қарапайым мінезінде, сұлулығы кіршіксіз жүрегінде, елінің күш-қуаты бауырмал бірлігінде. Қазақ әдебиеті мен өнері Абай, Шәкәрім, Әуезов шығармаларында, Құрманғазы, Тәттімбет, Динаның домбырасының шанағында. Қазақтың ұлылығы оның кеңпейілдігінде. Қазақ халқы бұрын құлыптың не екенін білмеген, оны есігіне ілмеген, иесі жоқ үйге бас сұғып ешкім кірмеген. Қазақтың ұлылығы оның меймандостығында. Тамағының дәмдісін қонағына сақтаған. Қазақтың ұлылығы оның төзімділігінде. Таудай қайғы басқанда да иілген, бірақ сынбаған. Талай рет тәні жаралы болды, жүрегі налалы болды, жалалы болып жаны сыздады, қаралы болып, қайғыға батты, сонда да елдігін жоғалтқан жоқ.
Қазақтың байлығы – кең жазира, ұлан-байтақ даласы мен асқар таулары, жарқыраған өзен-көлдері, еңбексүйгіш адамдары мен мәрт жігіттері, сұлу қыздары.
Бұрын-соңды қазақ жастарынан әлемнің өркениетті елдерінде білім алғаны бірен-саран еді, енді жыл сайын 3 мыңдай жас шет елдің ең озық оқу орындарында оқиды. Басқалармен салыстырғанда, қазақ жастарының қабілеті жақсы екенін атақты ғалымдар жасырмай айтуда.
Әлем тарихында өз елінің іргесін қалап, дамудың мұндай жолына салып жіберген тұлғалар саусақпен санарлық. Солардың бірі Нұрсұлтан Назарбаев екені біз үшін зор абырой.
Қазақтың қазанына ешқашан ешкім ас салып бермеген. Өзіне сенген, егінін салған, шөбін шапқан, малын баққан, жан азығын тапқан. Халқымыздың бір дана сөзінде: “Әр көргеніңді қыдыр деп біл, әр мезетіңді қызыр деп біл”, дейді екен. Қыдыр қонып, қызыр жайлаған Қазақстан иншалла, бақ-дәулеті жақсы болады. Қазақстанның болашағы жарқын.
“Бегі әділ болса, елі бақытты, халқы түзу болса, бегі бақытты”, деп Баласағұн бабамыз айтқандай, қазақ елінің бақыты Нұрсұлтан Әбішұлының басшылығында болса, өз басшысының айтқанын құп көріп, соңынан ерген Қазақстан халқы Елбасының да бақытын арттырып отыр. Қазақстан халқы әр түрлі тілде сөйлесе де, мемлекеттік тұтастық, бауырмалдық арқылы бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқаны қуантады.
Қазақстанда бір жаңалық болса, елең етіп құлағымызды тосамыз. Күні кеше ғана 24 тамызда Президент Н.Назарбаев тікелей эфир арқылы Қазақстан халқымен дәстүрлі жүздесуі кезінде өзбекстандық қазақтар қазақтың теледидарының алдына келіп жайғасты. Ауылда тұратын қазақтар Ташкент, Самарқанд, Бұқара қалаларында тұратын тамыр-таныстарының үйіне келіп, тыңдап көрісті. Екі сағатқа жоспарланғанымен, 3,5 сағатқа созылды. Көнекөз қариялар “Айналайын шаршады-ау, демалыңыз дейтін бір адам жоқ па”, деп жиналғандарға қарады. Өздерінің көкейде жүрген ойларын жеткізіп жатты. Өткенде Өзбекстан қазақтарына 10 мың отбасына квота бөлгенін естігенде, қуаныштан көздеріне жас алып еді.
Көпті көрген 90-нан асқан Нұралы атамыз, қуанышын жасыра алмай, Қазақстан деген түбіміз, тіреушіміз бар екенін айтып, біздерді тәнті қылды. Қазаққа Құдайдың көзі түзу болып, қойны-қонышы байлыққа толы жерді сыйға тартқан ғой. О шеті мен бұ шетіне жеткенше ат тұяғы тозып, құс қанаты талатын жер ата-баба қанымен суарылған. Тәуелсіздік алғалы Қазақстан үлкен дамуды бастан өткізді. Елбасымыз қазақ жеріндегі атом, сутегі бомбаларын Семей жерінде сынауды біржолата тоқтатты. Қазақ елінің жеке ақшасы айналымға түсті. Алыс-жақын шет елде жүрген қандас бауырларымызды атамекенге шақырып, жағдай туғызып жатыр. Елдің экономикасы көтеріліп, жалақы, зейнеткерлердің зейнетақысы, студенттердің шәкіртақысы көбейіп жатыр. Сарыарқа төсінен жаңа Астана аққу қаздай таранып, бой көтерді. Автокөлік жолдары, теміржолдар салынып, ел игілігіне беріліп жатыр. Қазақстанның әлеуметтік жағдайы күн сайын жаңарып, өсіп келеді.
Сондықтан оралман ағайындар “елден не алам деп емес, елге не берем деп барыңдар” деп Нұралы атамыз батасын беріп отыр.
Әлем саясаткерлерінің дін басшыларының Нұрсұлтан Назарбаевты Нобель сыйлығына ұсынып жатқандарын шын жүрегімнен қолдаймын. Президентіміз арқылы қазақ халқына деген құрмет деп түсіну керек.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.003 ]