Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

ҚАЗАҚСТАННЫҢ КОРЕЯМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ КОРЕЯМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ

14 қарашада Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев Корея Республикасы Президентінің арнайы елшісі Ким Хан-Гені қабылдады.
Қабылдау кезіндегі әңгімеде Мемлекеттік хатшы Қазақстан алдағы уақытта Корея Республикасымен саяси үнқатысуды және өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты белсенді дамытуға ынталы екендігін, ал бұған 2008 жылға белгіленіп отырған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Корея Республикасына сапары жаңаша серпін беретінін атап өтті.
Ким Хан-Ген Корея Президенті мен Корея халқы Қазақстан басшысының саясатын қолдайтындығын, екі ел басшылары өткен кезеңдерде төрт рет кездескенін, мемлекеттердің ынтымақтастығын дамытуға жоғары деңгейдегі сол кездесулер тікелей ықпал еткендігін айта келіп, Қ.Саудабаевқа Корея Президентінің Қазақстан Президентіне жеке жолдау хатын табыс етті. Кореяда президент сайлауы өтеді, – деді бұдан соң арнайы елші. – Жаңа президент сайланып, наурыз айында қызметіне кіріседі. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасының жаңа президентінің бірінші құрметті қонағы болады деген ойдамыз.
Корея Қазақстанның бастамашы болуымен дүниеге келген Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске тұрақты қатысып келеді, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізуді қолдайды. Ал Қазақстан солтүстіккореялықтардың ядролық проблемаларын бейбіт жолмен реттеуді жақтайды. Сонымен қатар, Корея Қазақстан экономикасына тікелей инвестиция салуда алдыңғы орындардың бірінде тұр. Оның көлемі бүгінде 2,5 миллиард долларға жетті.
Қабылдау барысында, сондай-ақ Корея Республикасының 2012 жылы ЕХРО халықаралық көрмесін өз елдерінде өткізу туралы берген өтінішіне қатысты мәселе де талқыланды. Мемлекеттік хатшы кореялықтардың аталмыш көрмені өткізу жөніндегі өтінішін қолдауға Қазақстан Үкіметі барлық мүмкіндікті қарастыратынын жеткізді. Қазіргі кезде “EXPO-2012” халықаралық көрмесін өткізуге үш қала – Польшаның Вроцлав, Марокконың Танжер және Оңтүстік Кореяның Иесу қалалары басты үміткер болып отыр. Ал қайсы қаланың көрмені қабылдайтындығы жақын күндері Париждегі халықаралық көрме бюросында белгілі болады.
Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.

ДОСТАСТЫҚ БАЙҚАУШЫЛАРЫНЫҢ МОНИТОРИНГІ ЖАЛҒАСУДА

ТМД қатысушы мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясының байқаушылары Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасына сайлау бойынша сайлау науқанының барысымен танысуда.
2007 жылғы 13 қарашада Мәскеу қаласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы (ТМД ПАА) бақылаушылары тобының басшысы, “Нұр Отан” ХДП Төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Бақытжан Жұмағұлов Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасына сайлау бойынша сайлау науқанының барысымен танысып, РФКП фракциясы басшысының бірінші орынбасары Сергей Ришульскиймен, “Единая Россия” фракциясы басшысының бірінші орынбасары Валерий Богомоловпен және “Справедливая Россия” – “Родина” фракциясының мүшесі Сергей Григорьевпен кездесті.
ТМД қатысушы мемлекеттерінің Парламентаралық Ассамблеясы (ТМД ПАА) бақылаушылары тобының үйлестірушісі Бақытжан Жұмағұлов пен ТМД ПАА Кеңесінің Бас хатшысы Михаил Кротов Ресей Федерациясы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Владимир Чурновпен кездесті. Кездесу барысында 2007 жылғы 2 желтоқсанға белгіленген Ресей Федерациясы Федеральдық Жиналысы Мемлекеттік Думасына сайлау барысын халықаралық бақылау мәселесі талқыланды.
ТМД ПАА-ның байқаушылары Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасына сайлау бойынша сайлау науқанының мониторингісін жалғастыруда. Бақытжан Жұмағұлов РЛДП фракциясының көшбасшысы, Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасы Төрағасының орынбасары Владимир Жириновскиймен және Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының депутаты Геннадий Селезневпен кездесті.

WEB-САЙТ ОТАНШЫЛДЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕЙДІ

Кеше Достық үйінде “Алматы қаласының ақпараттық web-ресурстары негізінде патриотизмді қалыптастыру” тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Оған қала әкімдігі ішкі саясат департаментінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық қоры ұйытқы болды. Осы маңызды шараға БҰҰ жанындағы Халықаралық ақпараттандыру академиясының бас директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор А.Цеховой, осы академияның оқу-тәрбие ісі жөніндегі проректоры, профессор Д.Жүсіпәлиева, республикалық ұлттық-мәдени орталықтардың басшылары, Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар одағы өкілдері қатысып, ой-пікір бөлісті.
Жоғарыда аталған web-сайтты құрудағы мақсат – азаматтар бойында жоғары патриоттық сана, өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру. Әлбетте, патриоттық тәрбие жүйесін мақсатты дамыту арқылы азаматтық борыш пен Отан мүддесін қорғау орайындағы конституциялық міндеттерді орындауға деген құштарлық-ұмтылыс әр адамның жан-жүрегінде өркен жаюы елдік өресін биіктете түспек.
Осы жобаны әзірлеу барысындағы көзқарас-тұрғының негізінде ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқан: “Қазақстан – біздің ортақ үйіміз” деген идея жатыр. Жобаның табысты жүзеге асуы қоғамның одан әрі топтасуына, елдегі тұрақтылықты сақтауға, азаматтық татулықты нығайта түсуге септігін тигізбек.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.003 ]