Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму стратегиясы

зақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму стратегиясы


Кері қарай


Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясынан ережесі
Стратегияның маңызды мiндеттерiнiң бiрi Мақсатты инвестициялық және ғылыми-техникалық стратегияларды iске асыру, инвестициялық белсендiлiктi реттеу мен ынталандыру болып табылады, бұл индустриялық-инновациялық дамудың қазiргi мемлекеттiк басқару жүйесiн қайта қарауды және белгiлi бiр дәрежеде қайта құруды қажет етедi.
Стратегияда айқындалған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн жаңа мемлекеттiк даму институттарын құру және қазiргi барын, атап айтқанда: Қазақстанның инвестициялық қорын, Қазақстан Даму Банкiн, Инновациялық қорды, Экспортты сақтандыру корпорациясын нығайту қажет.
Тұтастай алғанда, даму институттарының тұрлаулы жұмыс iстеуi орталықсыздандыру, мамандандыру, бәсекелестiк және ашықтық қағидаттарына негiзделетiн бiрыңғай жүйенi қалыптастыруға тиiс.
Орталықсыздандыру қағидаты жеке сектордың бастамашылықтарын қолдау (қаржылай қолдауды қоса алғанда) көздерiнiң сан түрлi болуын бiлдiредi. Iс жүзiнде бұл мемлекеттiң қаржы және ақпараттық ресурстарды бiр ғана даму институтына жұмылдырмайтынын бiлдiредi. Бұл:
шешiмдер қабылдау кезiнде ықтимал жүйелi қателердi болдырмауға;
бәсекелестiктiң негiзiн салуға, соның нәтижесi ретiнде қолдау көрсету кезiнде неғұрлым ашық саясат жүргiзуге;
жеке сектордың бастамашылықтарын неғұрлым терең талдауды жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi. Мысалы, егер перспективалы жоба даму институттарының бiрiнде қолдау таппаса, онда оны басқа институттан алу мүмкiндiгi сақталады.
Мамандану қағидаты даму институттарының қызметтiң белгiлi бiр операцияларына және/немесе түрлерiне мамандануын бiлдiредi. Мысалы, Қазақстан Даму Банкi жобаларды банктiк кредиттеу арқылы; Қазақстан инвестициялық қоры - жарғылық капиталға үлестiк (бақылаусыз) қатысу арқылы; Инновациялық қор - гранттар, оның iшiнде ғалымдар мен ғылыми мекемелерге гранттар беру және капиталға үлестiк қатысу арқылы жобаларды қаржыландыруға маманданады. Мамандану қағидаты даму институттарының мамандану шеңберiнде операциялармен және қызмет түрлерiмен ғана айналысатынын бiлдiрмейдi. Олар өздерi үшiн негiзгi болып табылмайтын басқа операцияларды да (қызмет түрлерiн) жүзеге асыра алады. Бұл үшiн негiзгi емес операциялар мен қызмет түрлерiн жүзеге асырудың лимиттерi белгiлендi.
Бәсекелестік қағидаты даму институттарының қызметiн бәсекелестiк негiзде жүзеге асыруды бiлдiредi. Мұндай қажеттiлiк институттардың көпшiлiгiнiң дамудың осы кезеңiнде жоқ нарық институттарға елiктеуге бейiлдi екенiмен байланысты. Институттардың қызметi нарықтық институттарға елiктеудi бiлдiретiнiн ескере отырып, әуел бастан олардың қызметiн нарықтық, яғни бәсекелестiк негiзде құру қажет. Бәсекелестiк қағидаты қандай да бiр институттың қызметi нәтижелерiн салмақтауға мүмкiндiк бередi.
Ашықтық қағидаты менеджерлердiң есептiлiгi мен жауапкершiлiгiн, қаржы ресурстарын мақсатты әрi тиiмдi пайдалану үшiн тиiстi бақылауды қамтамасыз ететiн дамудың мемлекеттiк институттарын корпорациялық басқарудың ашық жүйесiн құруды бiлдiредi. Мемлекет даму институттарының алдына қойылған мiндеттердi тиiсiнше iске асыру мақсатында олардың қызметiне қандай да бiр қысымнан қорғауды қамтамасыз етуi тиiс. Осы қағидатты жүзеге асыру үшiн тәуелсiз директорлар институты (мiнсiз iскерлiк беделi бар шетелдiк жоғарғы бiлiктi менеджерлердi тарта отырып), сондай-ақ корпоративтiк басқарудың қазiргi заманғы құралдары белсендi пайдаланылатын болады.
4.1. Қазақстанның инвестициялық қоры
Қазақстанның инвестициялық қорының (ҚИҚ) мақсаты Қазақстанда да, шет елдерде де кәсiпорындардың жарғылық капиталына үлестiк және бақылаусыз қатысу арқылы жеке сектордың экономиканың шикiзаттық емес секторындағы бастамаларына қаржылай қолдау көрсету болып табылады.
ҚИҚ құру қажеттiлiгi қор рыногының дамымауымен, отандық компаниялардың капиталдану төмендiгiне, отандық рынокта өңдеушi өнеркәсiпке келiп түсетiн инвестиция ағымына ықпал ететiн барабар нарықтық тетiктердiң болмауымен байланысты болып отыр. ҚИҚ құру қаржы секторы үшiн қызмет етудiң сапалы жаңа деңгейiне көшу қажеттiлiгiне белгi болып табылады. Банктермен және басқа да қаржы агенттерiмен ҚИҚ әрiптестiгi жаңа өндiрiс пен қаржы рыногының дамуы үшiн белсендi серпiлiс болады.
Жеке инвестициялық қорлардың пайда болуымен мемлекеттiк қаржы институты ретiндегi ҚИҚ рөлi қысқартылатын болады. Қаржы рыногында 3-5 бiрдей жеке инвестициялық қорлардың пайда болуымен жекешелендiрiлетiн болады.
Қаржылай қолдау көрсету туралы шешiм ҚҚТ әдiснамасы бойынша кешендi талдау жасалып, тiзбенiң неғұрлым маңызды элементтерi анықталғаннан кейiн жүзеге асырылатын болады. Егер ҚҚТ талдауының тұжырымдары ҚҚТ-да бiрқатар өндiрiс құру қажеттiгiн көрсететiн болса, онда барлық қажеттi негiзгi өндiрiстi құру көтермеленетiн болады. ҚҚТ әдiснамасы бойынша талдау технологиялық әрi жоба үшiн маңызды өзге де сипатта жүзеге асырылуы тиiс. Бұл ретте жобаларды бағалаудың бiрiншi кезектегi өлшемдерiнiң бiрi олардың коммерциялық қайтарымдылығы болып табылады.
Бағалаудың басқа өлшемдерi жобаның экспортқа бағдар ұстануы немесе импорт алмастыру бағыттылығы болады. Талдау мәнi экономиканың шикiзат секторына жатпайтын жеке сектордың барлық бастамалары болуы тиiс.
Жобаларды қаржыландыруды жеңiлдету үшiн, жеке секторда қаражат жетiспеген жағдайда ҚИҚ жарғылық капиталға (акцияларды сатып алуда) бақылау пакетiн алмай қатысу арқылы бiрлесiп қаржыландыруға қатысатын болады. Сонымен қатар мемлекеттiк пакеттiң жобасы iске асырылғаннан кейiн сатылатыны жөнiнде нақты ереже белгiленуi тиiс.
Бұл ҚИҚ-қа жаңа өндiрiстер, оның iшiнде жоғары технологиялы өндiрiстер құруда ғана емес, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногын дамытуда да ықпал ету мүмкiндiгiн бередi.
ҚИҚ Қазақстанның Даму Банкiмен тығыз қарым-қатынаста жұмыс iстеуi тиiс. Бұл екi институт банк желiсi бойынша жобаларды қаржыландыру және капиталды бастапқы орналастыру бағытында бiрiн-бiрi толықтыруы тиiс.
Таяу және орта мерзiмдi перспективада шетелдiк маманданған қаржы ұйымдарын ҚИҚ қызметiне тарту туралы мәселе қаралатын болады. Ынтымақтастық шетелдiк мамандарды тарту бағытымен қатар ҚИҚ жарғылық капиталына қатысу бағытында да жүзеге асырылатын болады.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.001 ]