Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Батыс Қазақстандағы мәдени-тарихи ескерткіштер

Батыс Қазақстандағы мәдени-тарихи ескерткіштер

Шопан-Ата жер асты мешіті Оңтүстік Маңғыстау өңірінде, бағзы Хорезм керуен жолының бойында орналасқан. Солтүстік шығысқа қараған сай тұйығынан қашалған үлкен бөлме. Оң жағындағы тағы бір шағын бөлме, оның едені биік. Сол жақ қабырға астынан қабірхана үңгілген. Төрден сай үстіне шығып кететін есік бар. Есіктің сыртқа шығар аузы алдында беті шымылдықпен перделенген қабірхана. Аңыз бойынша, оған Шопан - Атаның қызы жерленген. Мешіт үсті тастақты жүлге. Жүлге бойынан суағарлар жасалып, олардың тоғысқан жерінен сиымдылығы 10-15 текше метрлік су қоймалары қазылған. Олар кезінде мешіт тұрғындарын бүкіл жыл бойы сумен қамтамасыз етіп тұрған. Мешіттің төменгі жағында құдық бар. Кіре берістің сол жақ қапталында жар бетінен төрт шаршы етіп қашалған бөлмелер орналасқан. Олардың алдында тұт ағашы егілген. Мешіт қабырғаларында айшықты нақыштар жоқ. Ел аңызы мешіттің салыну кезеңін Оғыз тайпаларының Маңғыстауға келе бастаған Мерзіміне меңзеді.
Қараман – Ата ескерткіші Маңғыстаудың орта бөлігінде, ол үш бөлмеден тұрады. Кіре беріс бөлме, оған жалғас намаз оқитын зал. Онда төбені тіреп тұратын ұстындар бар. Төбе сол жердің бетін алып жатқан ұлутастан тұрады. Аңыз бойынша Қараман – Ата Шопан – Ата әулиетінің інісі екен делінеді. Екі мешітті жалғастыратын жер асты жолы болған, бірақ ол уақыт өте құлап қалған. М.Мендіқұлов Қараман – Ата мешітінің салыну кезеңін 13 ғасырға жатқызады. Ал Әбілғазы Қараман – Атаны Балқаннан түркмендерді Маңғыстауға бастап келген бектердің бірі дейді.
Археологиялық ескерткіштер. Батыс Қазақстан аумағындағы ең көне археологиялық ескерткіштер облыстың оңтүстік жағындағы ежелгі шақпақ тас жыныстары қазындылардан табылды. Бұлар - шель-ашель құралдары мен оларды дайындауға пайдаланылған заттар ұшырасатын тұрақтар. Аймақтың ежелден-ақ қоныс орны болғанына ерте тас дәуіріне жататын петроглифтер де куә.
Кейінгі палеолит кезеңінде қазіргі Батыс Қазақстан аумағының табиғат жағдайы құбылмалы болды. Мұз қабатының еруі мен Кавказ жотасының солтүстік сілемдерінің жаңадан тектоникалық түзілуі Каспий маңы деңгейін жоғарылатты, сөйтіп бүкіл бүкіл Каспий маңы ойпатын тегіс су басты (“Қазақ ССР тарихы”, 1 –том, Алматы, 1980,81 – бет). Осындай елеулі жергілікті өзгерістер климаттың құрғап, шөлейттеуіне әкелді. Ірі – ірі шөп қоректі жануарлар қырылды. Ең соңғы мамонттардың бірі Жайық өзенінің сол жағында бұдан шамамен 8000 жыл бұрын жойылған (Сонда, 82 – бет). Қазақстан аумағындағы неолит пен энеолит кезеңінде Еуразияның кең – байақ кеңістігіндегідей андронов мәдениетіне ұқсас, біртеті шаруашылық сипатына қарай біріккен, ірі тарихи – мәдени аймақтар қалыптасты (қ. 5 – қосымша).
Батыс және Орталық Қазақстан аумағында палеолит кезеңінде, көптеп табылған жебе тәрізді заттардан көрінетіндей, аңшылыққа бейімделген біртұтас материалдық мәдениет қалыптасқан. Неолит дәуірінің тұрақты өзендік және көлдік типті болып келеді. Бұл кезең мәдениетінің Оңтүстік Орал, Солтүстік Қазақстан және Арал маңы мәдениеттерімен ұқсас тұстары да бар, оның басты ерекшелігі – көшпелі тұрмыс кешкен дала аңшыларының әдениетімен сипатталады.
Аңшылар мен балықшылардың тығыз мәдени – шаруашылық байланыстары, әсіресе кельтминар мәдени қауымдастығын айқын байқалады, олар Батыс Қазақстан аумағында бедерлі қолөнер түрінде ( шапақ тас құралдары мен ерекше пішін оюланаған қыш ыдыстар) ұшырасады. Батыс Қазақстан облысындағы көне мәдени ошақтарының арасында барынша зерттелгені – кельтминар археологиялық мәдениеті неолитте пайда болып, қола дауірінің ортасына дейін созылды. Бұл мемлекет өзін шектен тыс тұрақтылығымен ерешеленеді,, археологиялық деректердің материалдық тұрмыстары бірнеше мыңжылдықтар бойы өзгеріссіз сақталды. Кельтминар археологиялық мәдениеті Жайық өңірінде, өздерінің теңізге жағасына таралды. Бұл, алдымен, аулаушылар – терімшілер болды, кейін құғақ жерлерді игеруге орай аулаушылар – терімшілер мәдениетіне ұласты. Бұл мәдениет өкілдері мүмкін алғашқы ұсақ жануарларды қолға үйрете бастаған болар, бірақ кельтминалықтар жалпы алғанда “неолит төңкерісі” - өндіруші шаруашылықтың пайда болуына қатысқан жоқ. Кельтминар археологиялық мәдениетінің ескерткіштері Ақтөбе облыс аумағында барынша зерттелді. Батыс Қазақстан облысындағы “Солянка” (тасқала маңы) қоныстарында материалдарын зерттеуші ғалымдар осы археологиялық мәдениетке жатқызып жүр.
Соңғы 25 жыл көлемінде Ғ.А.Кушаевтың далалық зерттеулері нәтижесінде анықталған ескерткіштер Далалық Жайық бойы аумағы б.з.б. ғасырдың басына дейін қола мәдени – тарихи қаудастығына кіргеннін көрсетті. “Кресты” қонысы мен қорымында жүргізілген көпжылдық қазба жұмыстары барысында едәуір қызық материалдар табылды. Қазіргі кездегі бұл аймақтағы қара шұңқырлы археологиялық мәдениеттің (б.з.б. 3 ғасыр – 2 ғасыр басындағы) Далалық полтавкиндік архиология мәдениеті өрісіне кіреді деген болжамға дәлел де (кейбір табындылар негізінде) бола алатын бірден бір ескерткіш. Дәлме - дәл осы жерінде қима мәдениеті жергілікті варианты – ескі қорға шұңқырсыз топырақты қосымша үю арқылы жерлеу қалыптасады. Ал қалғандары керамика формасы, ою – нақышы, жер ғұрпы – Дон бойы мен Еділ жағалауында қималық жерлеуді толық қайталады.
Батыс Қазақстан облысының Бөрілі ауданы аумағында “Қырықоба” атты ескерткіш 19 – ғасырдан ғалымдарға белгілі, 1883 жылы Кастаньенің тізбесінде “Қараоба” деген жергілікті атаумен енген, Еуразиядағы ең улкен қорғандар кешенінің бірі қима мәдениетінің ерекшеліктерін көрсетеді.
Сарматтық археологиялық ескерткіштері барынша жан - жақты зерттелген мәдениеттердің бірі болып саналады. Зерттеудің объектілі жағдайларынна бөлінеді, атап айтқанда – а) Прохоровтық (ерте сарматтық) – б.з.б. 4 ғ. - б.з.б. 2 ғ.; ә) Сусловтық (орта сарматтық) - б.з.б. 2 ғ. – 2 ғ.; 3 ( соңғы сарматтық – 2 ғ. – 4ғ. Соңғы археологиялық мәдениет жылдары Шипов станциясы маңынан зерттелген ескерткіштерге байланысты шиповтық деп аталған еді. Бірақ одан әрі зерттеу барысында олар б.з. 4 – 5 ғасырларындағы ғұндар заманына жатқызылады.
Темір дәуірі Далалық жайық өзенінде б.з.б. 9 ғасырдың соңынан 4 ғасырға дейін Савромат архиологиялық мәдениетінің қалыптасу кезеңі болды. Осы кезеңді зерттеуші К.Ф.Смирнованың пікірінше, Жайық өңіріндегі аталмыш тайпаның іріктелуі нәтижесінде Еділ бойында б.з.б. 8 ғасырда савромат ескерткіштерінің еділбойлық жергілікті тобы пайда болады. Бұл мәдениеттің қалыптасуындағы негізгі құрамдас бөлік қима археологиялық мәдениетін жасаушы тайпалар еді.
Жалпы алғанда савроматтардың археологиялық мәдениеті қару – жарақты жауынгерлерді о дүниелік азығы саналатын ірі – ірі жануарлар қаңқаралымен бірге жер бетіне жерленген қорғандық ескерткіштермен сипатталады. Өте қызғылықты ескерткіштердің бірі – Володарка селосы маңындағы фалларлы жерлеу. Мұндағы мәдени материалдар савромат тайпаларының герк – фракациялықтармен байланысын куаландырады. Савроматтық археологиялық мәдениеттің соңы осы аймақта аса ірі (4 м жоғары) қорғандардың пайда болуымен аяқталады. Әдеттегідей, олардың көпшілігі тоналған, әйтседе сол уақытты сипаттайтындай сан – алуан деректер сақталған. 1987 -1988 жылдары Филиповка селосы түбіндегі қорғанды зерттеу кезінде көркедік құндылығ,ына баға жетпейтін, түсті және бағалы металдардан жасалған өте көп бұйымы бар, үш қойма табылды. Сарматтардың савроматтармен тектік байланысы бар, бірақ уақыт өте келе олардың арасына алан тайпаларының (Жайық өңірі массагеттерінің барынша күшті этникалық бөлігі) сіңісуімен материалдық мәдениеттің сыртқы бет – бедері өзгере береді. Сарматтық археологиялық мәдениет қорғандық ескерткіштерден, жерастылық, кейде жер бетіндегі қорымдардан тұрады. Көптеген қару - жарақ - ұғымалы қола және және мыс жебе, қанжар ұзын найзалар бірге көмілген. Өліктің басы көбінесе оңтүстікке қаратылады. О дүниелік тағам ретінде қой сүйектері мен ішінде қандай да бір сусын болған, қоладан жасалған қыш ыдыстар ұшырасады. Көптеген қорымдар ерте заманда – ақ тоналған, әйтсе де сақталғандарының үлес салмағы аз емес және олардан көптеген дерек алуға болады. Уақыт өте келе со4ғы сарматтардың көпшілігі хундармен (сюннулармен) араласып, жұтылып кетті және Батысқа бет алған көшке қосылды.
Б.з.б. 6-4 ғасырларда Еділ – Жайық бойы даласының ұлан – ғайыр аумағын бір –бірімен туытас тайпалар мекендеді. Еділ – Жайық өзендері аралығында археологиялық ескерткіштер Қараөзен және Сарыөзен жағалауларынан, Қамыс – Самар көлдерінің маңынан табылды. Жайық өңірінде олар көбінесе Елек, Шаған, Шыңғырлау өзендері жағалаурарында, Қобданың Елекпен қосылған жерінде, Жайықтың сол жағалауында кездеседі. Археологиялық ескерткіштер шартты түрде екі тарихи кезеңге: савромат мәдениеті (б.з.б. 7 -5 ғасырлар) мен сар

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.001 ]