Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Қазақстан-2030

Қазақстанда "Қазақстан-2030" Стратегиясын жүзеге асырудың аралық қорытындылары шығарылуда.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің 30 жылдан астам уакыт алға озатын даму бағдарламасын бекіте отырып 1997 жылы айтарлықтай батыл қадамға барды. "Қазақстан-2030" Стратегиясы шенберінде реформалаудың ұзак мерзімді бағдарламасының негізгі жеті басымдықтары белгіленді, олар — ұлттык қауіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамды топтастыру, экономикалық өсу, азаматтардың денсаулығын сақтау, білім алуы және жақсы тұрмысы, энергетикалык ресурстар, инфрақұрылым, кәсіби мемлекет. 12 казанда Астанада "Қазақстан-2030" Стратегиясының кабылдануының 10 жылдығына орай конференция өтеді. Қазақстан басшылығы бағдарламаны жүзеге асырудың аралық қорытындыларын шығармақ, расында да олардың мақтанарлықтай реті бар.
"Алдымен экономика, содан кейін саясат "— Президент Назарбаев дамудың басты принципін осылайша мәлімдеді. Өткен он жылдық Қазақстан үшін ең жаңа тарихтағы барынша кең ауқымды өзгерістер уақытына айналды. Оны салыстырмалы түрде алғанда экономикалық тұрғыда әлсіз елдің демократиялық құндылықтар мәні арта, түскен және өмір сүрудің нарықтық принциптері басым өңірлік көшбастаушы мәртебесіне секіруі ретінде сипаттауға болады. Ел қажетті нарықтық реформалардың нәтижесінде 1997-1998 жылдардағы азиялық дағдарыс, әлемдік экономикалық рецессия сынақтарынан толық сеніммен етті.
Қазақстанның экономикалық табыстарына шетелдік институттар мен сарапшылар шынайы баға беруде. Бүкіләлемдік банктің бағалауы бойынша, Қазақстан реформалар жүргізуде ТМД-ның бүкіл елдері ішінде көшбастаушы болып табылады, 2002 жылдың өзінде-ақ АҚШ-тың сауда министрлігі осынау орталықазиялық елге "нарықтық экономикадағы ел" мәртебесін берді. Қазақстан 2003 жылдың өзінде дағдарысты 1991 жылға дейін болған өнеркәсіп өндірісін қайта қалпына келтірген Достастықтағы бірден бір ел. Республика бүкіл соңғы он жыл бойына экономикалык, өсудің жоғары қарқынымен ерекшеленеді. "Қазақстандағы прогресс шынымен де таңқаларлық- Қазақстан көптеген озық белгілері бар ырғақты экономика құрды... Мұндағы экономика мен азаматтық қоғамдағы прогресс орасан " деп атап көрсетті 2004 жылдың мамыр айының өзінде-ақ Мооdу s рейтинг агенттігінің басшысы Джон Резерфорд.
"Қазақстан-2030" Стратегиясы Қазақстан үшін кезекті даму жоспарынан гөрі үлкенірек маңызға ие болды. Нәтижелерге қарай отырып, оған аталған құжатта көрініс тапқан тұжырымдардың деркезділігі мен сәйкестілігі арқылы алғышарттар жасалған деуге болады. Стратегияның іс-әрекеті жаңа талаптарға сәйкес Қайта құрылуға мәжбүр болған мемлекеттік. органдар жумысы сипатының әзгеруі аркылы көрініс тапты. Мемлекеттің кызметі, соның ішінде Қазақстанның әріптестері үшін де, анағұрлым мөлдір бола түсті, ал ол оның халықара ұйымдармен өзара іс-қимылдарының белсенділ айтарлыктай арттырды.
"Қазакстан-2030" Стратегиясының ТМД ел үшін алғашқы тәжірибе болғанын атап көрсі кажет. Нұрсұлтан Назарбаевқа дейін бірде посткеңестік лидер мемлекеттің модернизацияланған моделін құру үшін ұзақ мерзімді стратегия жасауға барған емес. Бәлкім, саясаткерлер кеңес дәуірдің жоспарлы экономикасымен астаі кетуінен сақтанған болуы мүмкін. Бәлкім, әншейін өздерінің бағдарламалық уәделерінің ең құрығанда бір бәлігін жүзеге асыруға өз күштерін қабілеттерінің жетеріне сенбегендей болуы мүмкін, Ресейде де іс-қимылдардың жалпы мемлекетт жоспарын жасауға талпыныс болды — 2003ж Ресей президенті 2010 жылы ІЖӨ-ні екі есе ұлғайту жөнінде бастама көтерді. Әлеуметтік сала, ауыл шаруашылығында ұлттық жобалар қосылды. Дегенмен, "Қазақстан-2030" Стратегиясы қамтитын салаларының ауқымы жағынан да, уакыттық шеңберлері жағынан да мемлекеті реформалаудың ерекше бағдарламасы болып қалады.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.001 ]