Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Қызыл армияның әскери бөлімдері мен құрамалары (1918-1920 ж. ж.)

Қазақстанда Азамат соғысы жылдарында жасақталған Қызыл армияның әскери бөлімдері мен құрамалары (1918-1920 ж. ж.)
Қазақстанда азамат соғысының басталуына байланысты жергілікті халықтың көптеген өкілдері өз еркімен революция жеңісін қорғаушылар қатарына қосылды. Халықтың осы патриоттық қозғалысын ескере отырып, РСФСР Ұлт істері жөніндегі халкоматы 1918 жылы тамызда Қазақ ұлттық оскери бөлімдерін құру жөнінде шешім қабылдады. 1919 жылы 3 сәуірде республиканың әскери-революциялық советі Қырғыз (қазақ) әскери комиссариаттары туралы Ережені бекітті. Ереже бойынша республика әскери комиссариатьшың негізгі міндеті еңбекші қазақ халқы арасынан Отан қорғауға әрбір әскери бөлімдер құру болып белгіленді.
Алғашында әскери бөлімдер бүкіл елімізде, оның ішінде қазақ өлкесінде 1918 жылы 15 (28) қаңтарда В.И.Ленин қол қойған жұмысшы шаруа Қызыл Армиясын ұйымдастыру жөніндегі Халкомсовтың декретіне сәйкес еріктілерден жасақталды (1918 жылы қаңтар-мамыр). Оның алғашқы әскери бөлімдерін жасақтау жөніндегі мәселе бүкшелкеде еңбекшілердің көптеген съезд, жиналыс және митингідерінде талқылаңды. 1918 жылы наурыз-сәуірде советтердің Торғай қыстық съезі Совет өкіметін қолына қару алып қарғағысы келетін қазақ еңбекшілерінің тілегіне орай, атты әскер дивичиясын жасақтау жөнінде шешім қабылдап, Торғай облысының төтенше әскери комиссары Ә.Т.Жангелдин арқылы Холкомсовқа өтініш етіп, осы дивизияны қару-жарақ- пен және киіммен қамтамасыз етуге көмек көрсетуін сұрады. Совет әскери бөлімдерді толықтыру жөніндегі нұсқауды бекітті. 1918 жылы наурыз айының басында Семей облысының жұмысшы, шаруа, солдат, қырғыз (қазақ) және қазақ даутаттарының біріккен 1-съезінің шешімі бойынша облысқа , советтің жасақтау жөніндегі комиссиясы әскер қатарына еріктілерді жазуға кірісті. Наурызда Советтің шешімімен Форт-Александровскіде (Ақтау) 100 жауынгерден тұратын рота жасақталды. Петропавл уездік Советінің аткомы құрған құрамында И.Д.Дубинин, В.Трацевский т.б. бар әскери штаб пен жасақтау жөніндегі комиссия сәуірде атқыштар ротасы мен атты әскери эскадронды Ақмолада 200 адамдық отряд, наурызда коммунист Л.П.Емелев басқаратын Қызыл Армияның 1300 адамдық бірінші Жетісулық Социалистік жаяу әскер полкі, Верный (Алматы) қаласында жұмысшы-металлист И.Маментов басқаратын 500 адамдық отряд жасақталды. Қостанайда осы кезде жалпы саны 1045 жауынгерден тұратын 10-Орал атқыштар полкі мен ерекше атты әскер отрядын жасақтау аяқталды. Әскери бөлімдерді жасақтау жергілікті жерлердегі партия, совет ұйымдарының жұмысшы, шаруа және әскерден босатылған майдангер-солдаттар, тыл жұмысындағылар арасында ықпалды жұмыс жүргізуінің нәтижесінде жүзеге асты. Өлкенің барлық ұлттарының еңбекшілері — қазақтар, орыстар, қырғыздар, украиңдар, татарлар, дүнгендер, ұйғырлар т.б. Қызыл Армия әскери бөлімдерін құруды қызу қолдап, өз еріктерімен оның қатарына етті. Азамат соғысы мен әскери интервенция басталуының алдында құрылған әскери бөлімдер, негізінен, жергілікті жерлерде Совет өкіметін нығайту және құлатылған қанаушы таптардың қарсылығын басу үшін пайдаланылады. Олар Орынбор даласында Дутовты талқандауға, Петропавл мен Қостанайдағы (наурыз), Жетісудағы (1918 ж. сәуір — мамыр) бүліктерді басуға қатысты. Сан жағынан алғанда жергілікті жерлерде еріктілерден жасақталған өскери бөлімдер онша көп емес еді. 1918 жылдың май айына дейін Қазақстан жерінде жасақталған құрамалардағы еріктілердің саны 7 мың адамнан аспады. Оларда ұйымдық жағы жеткілікті дәрежеде нығаймаған, қатал тәртіп орнатылмаған еді. Бір ізге түскен, орталықтандырылған басқару аппараты болмады. Командалық кадрлер жетіспеді, әскери дайыңдық әлсіз болды. Соған қарамастан Қазақстанда сол уақытта, бүкіл еліміздегі сияқты, В.И.Ленин сөзімен айтқанда, күш жинап, "...тас үстіне тас қалап, нағыз социалистік Қызыл Армияның ірге тасын қалап..." жатқан кез болды.
1918 жылдың мамыр айынан 1920 жылдың қараша аралығыңда халықаралық империализмнің қарулы қоқан-лоқысы өзінің шеңберінен шығып, жеңіліске ұшыраған ішкі контрреволюцияны ұйымдастырудағы шешуші факторға айналған кезде Қазақстанның советтенген аудандарындағы партия совет органдары, бүкіл еліміз сияқты, Советтердің Бүкіл россиялық 5-съезінің шешімі негізіңде жалпыға бірдей әскери міндеттілікті енгізіп, тұрақты армия құруға кірісті. Болыс, уезд, губерния және облыстарда әскери бөлімдерді жасақтаумен Халкомсовтың 1918 ж. 8 сөуірдегі декретіне сәйкес құрылған әскери іс женіндегі комиссариаттар айналысты. Қазақстандағы советтік аудандар, Шығыс Ақтөбе және Жетісу майдандарыңцағы әскери бөлімдер мен құрамалар жауынгерлер жасақтайтын базаға айналды. Ақтөбе, Перовск, Қазалы, Жетісу партия ұйымдары мен әскери комиссариаттары майданды жауынгерлермен толықтырып, қару-жарақ пен оқ-дәрілер жіберіп отырды. Наурызда Перовск әскери комиссариаты Ақтөбе майданына өздері жасақтаған 440 адамдық отряд, Темір комиссариаты 400 адамдық батальон жіберді. 1918 ж. тамызда РСФСР Ұлт істері жөніндегі халкоматы қазақ ұлттық әскери бөлімдерін жасақтау туралы қаулы қабылдады. Бұл қазақ халқының мемлекет қорғанысы ісіне тартудың бір түрі еді. Торғайда әскери комиссар А. Иманов пен Қырғыз (қазақ) Дала өлкесінің комиссары Ә. Жанкелдин 1919 ж. қаңтар — наурызында 500 адамдық үш атты әскер эскадронын жасақтады. Қостанайда Қызыл әскерлер арасында төртіпті күшейтіп, тәрбие жұмысын жүргізуге Кәкімжан Саркин, Ильяс Қоғалбаев ат салысты. Қазақстанның Батысында қазақ әскери бөлімдерін жасақтау ісімен 1918 жылдың екінші жартысынан бастап Орда селосында орналасқан Түнғаншин Мұхамедияр Хангерей ұлы басқаратын ұлт істері жөніндегі халкоматтың Қырғыз бөлімінің әскери бөлімшесі айналысты (кейіннен белімше әскери іс жөніндегі Қырғыз (қазақ) комиссариаты болып қайта құрылды). Оған Бөкей даласындағы жергілікті партия, совет органдары көмекгесті. Мұнда Орда, Казақ Таловкасы, Шоңай, Сайхын, Жанғала, Жәнібек т.б. селолар мен ауылдардың еңбекшілерінен дербес атқыштар полкі жасақ-талды. Бұл полк 1919 ж. дербес Александров-Гай атқыштар бригадасының қүрамына кірді. Жәнібек ауданында қазақ кедейлерінен Н.Дрюнин басқарған дербес өскери бөлім жасақталды. 1919 жылдың жайы қарсаңында Ордада ондаған пулеметтер мен зеңбіректерден, мотоциклшілер взводынан түратын 1700 адамдық Қазақтың 1-үлгілі атты әскер полкін жасақтау аяқталды. Полктің алғашқы ұйымдастырушыларының бірі 1918 жылдан коммунист Бисен Жөнікешев кейін оның комиссары болды. Полкте коммунистер Ғабит Сарбаев, Алма Оразбаева, Хамит Чурин, Нұрсұлтан Бикетовтар ұйымдастырушылық және саяси жұмыстар жүргізді. Кейін инженер-техник әскерлерінің генерал-майоры болған Ш.Жексенбаев, генерал атағын алған Рамазан Құрманғалиев, т.б. осында бөлімше командирлері болды. 1919 жылдың жазында қарақшыларға қарсы шайқаста көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін полк БОАК-тың Құрметті Қызыл Туымен наградталды. Орал контрреволюциясын жойғаннан кейін полк оңтүстік майданда шайқасып, Қырымды азат етті. 1919 ж. шілдеде Қырғыз әскери комиссариаты Аткарск қаласында Бөкей даласындағы қазақтардан 3500 жауынгерден тұратын Дербес қазақ атты әскер бригадасын жасақтауды аяқтады. Ұлттық әскери бөлімдерді жасақтауға М.В.Фрунзе, В.В.Куйбышев, В.И.Чанаев, Ә.Әйтиев коп көмек көрсетті. Қазақ еңбекшілері 4-Армияның қолбасшысы М.В.Фрунзенің "Туысқан кырғыздар" деген үндеуін жылы қабылдады. Қазақстандық әскери құрамалар, Колчак, Дутов, Врангельді талқандауға, контрреволюциялық басшылары К.К.Мамонов, Б.А.Анненков, Г.И.Семенов, Р.Ф.Унгерн Фон Штернберг әскерлерін жоюға қатысты. Қазақ халқы көп ұлттық Совет халқымен бірге Совет өкімет орнату жолындағы күресте шынығып, социалистік Отанды революция жауларынан жанқиярлықпен қорғады. Бригада құрамына кіретін Қазақтың 2 үлгілі атты әскери полкын С.А.Кузинин (кейіннен Совет армиясының полковнигі) басқарды. 4-Шығыс майданы армиясына қосылған бұл бригада Орал даласында ақ қазақтарды толық талқандағанша шайқасты. 1919 жылы Ақтобе майданының құрамында Қостанай партизандарынан жасақталған 785 адамдық 4-Долбышын атқыштар полкі қосылды. Осы кезде Орал облысының Зауралье бөлігінде дербес экскадрон базасында Экземплярский басқаратын атты өскери полкі құралды. Оның үш пулеметі, 700 адамды болды. Оларға әкелінген полк қаланың 600-ге жуыық Ммунистерімен бірге қоршауға кезінде Оралды қаһармандъіқпен қорғады. Қазақстаңда Совет өкіметін орнатуға белсене ат салысқан құрамалардың бірі 1918 жылы Николаевск қаласында жасақталған 25-атқыштар дивизиясы болды. Дивизия 1918 жылдың аяғы — 1919 жылдың басында ақ чехтар Еділ бойындағы ақ қазақтармен шайқасты. 1918 жылы 7 қазанда Самараны, 1919 жылы 24 қаңтар Оралды, 1919 жылы наурызда Ілбішінді азат етті.
1919 жылы маусым-шілде Оралды қоршаудан босатуға қатысып, 1919 жылы 5 қаңтарда Гурьевті жаудан босатты. 1919—1920 жылдар құрамында көптеген қазақстандықтар болған бірқатар құрамалар жасақталды. 1919 жылы 26 қазанда Түркістан майданы Әскери Революциялық Советінің
бұйрығымен Орынбор мен Ақтобедегі 1-Армия бөлімдерінен 1 -Түркістан атқыштар дивизиясы жасақтала бастады. Республика әскери революциялық Советінің 1920 жылы 12 қараша дағы бұйрығымен Оңтүстік майданындағ

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.001 ]