Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКСІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКСІ
2007 жылғы 9 қантар, № 212-III
(2007.27.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)


ЖАЛПЫ БӨЛІМ

1-Бөлім. Жалпы ережелер

1-тарау. Негізгі ережелер

1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) биологиялық әртүрлілік - бір түр аясында, түрлер арасындағы және экологиялық жүйелердегі жануарлар мен өсімдіктер дүниесі объектілерінің әртүрлілігі;
2) биологиялық ресурстар - генетикалық ресурстар, организмдер немесе олардың бөліктері, популяциялар немесе экологиялық жүйелердің адамзат үшін нақты немесе ықтимал пайдасы немесе құндылығы бар кез келген басқа да биотикалық компоненттері;
3) генетикалық түрлендірілген организмдер - өсімін молайтуға немесе тұқым қуалайтын генетикалық материалды беруге қабілетті, табиғи организмдерден ерекше, гендік инженерия әдістері қолданыла отырып алынған және құрамында гендік-инженерлік материал (гендер, олардың фрагменттері немесе гендер комбинациясы) бар организмдер;
4) генетикалық түрлендірілген өнімдер - гендік инженерия әдістері пайдаланыла отырып алынған, құрамында жансыз генетикалық түрлендірілген организмдер немесе солардың компоненттері бар өсімдіктен және (немесе) жануарлардан алынатын өнімдер;
5) ең озық қолжетімді технологиялар - пайдаланылатын және жоспарланатын салалық технологиялар, шаруашылық қызметтің қоршаған ортаға теріс әсерінің деңгейін қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері қамтамасыз етілетіндей деңгейге дейін азайтуға бағытталған, ұйымдастыру және басқару шараларын қамтамасыз ететін техника және жабдық;
6) инертті қалдықтар - елеулі физикалық, химиялық немесе биологиялық өзгерістерге ұшырамайтын әрі қоршаған ортаға және адамның денсаулығына қолайсыз әсер етпейтін қалдықтар;
7) коммуналдық қалдықтар - елді мекендерде, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болған тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы және жиналу сипаты жағынан осыларға ұқсас өндіріс қалдықтары;
8) қалдықтар сыныптауышы - қалдықтарды сыныптау нәтижелері қамтылған, қолданбалы сипаттағы ақпараттық-анықтамалық құжат;
9) қалдықтарды есепке алу - қалдықтардың сандық және сапалық сипаттамалары және олармен жұмыс істеу тәсілдері туралы ақпаратты жинау және беру жүйесі;
10) қалдықтарды жою - қалдықтарды көму және жою жөніндегі операциялар;
11) қалдықтарды залалсыздандыру - механикалық, физикалық-химиялық немесе биологиялық өңдеу жолымен қалдықтардың қауіпті қасиеттерін азайту немесе жою;
12) қалдықтарды кәдеге жарату - қалдықтарды қайталама материалдық немесе энергетикалық ресурстар ретінде пайдалану;
13) қалдықтарды көму - қалдықтарды шектеусіз мерзім ішінде қауіпсіз сақтау үшін арнайы белгіленген орындарға жинап қою;
14) қалдықтарды өңдеу - қалдықтардың көлемін немесе қауіпті қасиеттерін азайту үшін олардың сипатын өзгертетін, олармен жұмыс істеуді жеңілдететін немесе оларды кәдеге жаратуды жақсартатын сұрыптауды қоса алғанда, физикалық, жылу, химиялық немесе биологиялық процестер;
15) қауіпті қалдықтар паспорты - қалдықтардың шығу көзі бойынша пайда болу процестерінің, олардың сандық және сапалық көрсеткіштерінің, мұндай қалдықтармен жұмыс істеу ережелерінің, оларды бақылау әдістерінің, бұл қалдықтардың қоршаған ортаға, адам денсаулығына және (немесе) тұлғалар мүлкіне зиянды әсер ету түрлерінің стандартталған сипаттамасы, қалдықтарды шығарушылар, меншігінде қалдықтар бар өзге де тұлғалар туралы мәліметтер қамтылған құжат;
16) қалдықтарды орналастыру - өндіріс және тұтыну қалдықтарын сақтау немесе көму;
17) қалдықтарды сақтау - қалдықтарды кейіннен қауіпсіз жою мақсатында оларды арнайы бөлінген жерлерде жинап қою;
18) қалдықтарды сыныптау - қалдықтардың қоршаған ортаға және адам денсаулығына қауіптілігіне сәйкес оларды жіктеуге жатқызу тәртібі;
19) қалдықтардың түрі - шығу көзіне, қасиеттеріне және жұмыс істеу технологиясына сәйкес жалпы белгілері бар, қалдықтар жіктеуіші негізінде айқындалатын қалдықтар жиынтығы;
20) қалдықтармен жұмыс істеу - қалдықтардың пайда болуының алдын алуды және оларды азайтуды, есепке алу мен бақылауды, қалдықтардың жиналып қалуын, сондай-ақ қалдықтарды жинауды, өңдеуді, кәдеге жаратуды, залалсыздандыруды, тасымалдауды, сақтауды (жинап қоюды) және жоюды қоса алғанда, қалдықтармен байланысты қызмет түрлері;
21) қауіпті қалдықтар - құрамында қауіпті қасиеттері (уыттылығы, жарылыс қаупі, радиоактивтілігі, өрт қаупі, жоғары реакциялық қабілеті) бар зиянды заттар болатын, дербес немесе басқа заттармен байланысқа түскен кезде қоршаған ортаға және адам денсаулығына тікелей немесе ықтимал қауіп төндіретін қалдықтар;
22) қауіпті емес қалдықтар - қауіпті және инертті қалдықтарға жатпайтын қалдықтар;
23) қолайлы қоршаған орта - жай-күйі экологиялық қауіпсіздікті және халықтың денсаулығын сақтауды, биоәртүрлілікті сақтауды, ластануды болғызбауды, экологиялық жүйелердің тұрақты жұмыс істеуін, табиғи ресурстарды молықтыруды және тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін қоршаған орта;
24) қоршаған орта - атмосфералық ауаны, Жердің озон қабатын, жер бетіндегі және жер астындағы суларды, жерді, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ осылардың өзара әрекетінен туындайтын климатты қоса алғанда, табиғи және жасанды объектілердің жиынтығы;
25) қоршаған ортаға келтірілетін залал - табиғи ресурстардың жұтаңдауы мен сарқылуын немесе тірі организмдердің қырылуын туындатып немесе туындататындай етіп қоршаған ортаны ластау немесе табиғи ресурстарды белгіленген нормативтерден артық алу;
26) қоршаған ортаға эмиссиялар - ластағыш заттардың шығарындылары, төгінділері, қоршаған ортада өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру, зиянды физикалық әсер ету;
27) қоршаған ортаға эмиссияларға арналған квота - нақты табиғат пайдаланушыға белгілі бір мерзімге бөлінген қоршаған ортаға эмиссияларға арналған лимиттің бір бөлігі;
28) қоршаған ортаға эмиссияларға арналған лимиттер - белгілі бір мерзімге арнап белгіленетін қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтік көлемі;
29) қоршаған орта сапасының нормативтері - қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың адам өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы жай-күйін сипаттайтын көрсеткіштер;
30) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері - қоршаған ортаның сапасын біртіндеп жақсарту қажеттігі ескеріле отырып, қоршаған ортаның белгілі бір уақыт кезеңіне арнап нормаланатын параметрлерінің шекті деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер;
31) қоршаған ортаны қорғау - қоршаған ортаны сақтау мен қалпына келтіруге, шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға теріс әсерін болғызбауға және оның зардаптарын жоюға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі;
32) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган - қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыру мәселелері бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ оның аумақтық органдары;
33) қоршаған ортаның авариялық ластануы - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыруы кезінде болған авариядан туындаған және зиянды заттарды атмосфераға шығару және (немесе) суға ағызу салдары немесе жер беті учаскесінде, жер қойнауында қатты, сұйық немесе газ түріндегі ластағыш заттардың жайылуы немесе иістің, шудың, тербелістің, радиацияның пайда болуы немесе сол уақыттағы жол берілетін деңгейден асатын электромагниттік, температуралық әсер ету, жарықтың әсері немесе өзге де физикалық, химиялық, биологиялық зиянды әсер ету арқылы қоршаған ортаны кенеттен абайсызда ластауы;
34) қоршаған ортаны ластау - қоршаған ортаға ластағыш заттардың, радиоактивті материалдардың, өндіріс және тұтыну қалдықтарының түсуі, сондай-ақ шудың, тербелістердің, магнит өрістерінің және өзге де зиянды физикалық әсерлердің қоршаған ортаға ықпалы;
35) қоршаған ортаның ластану учаскелері - жер бетінің және су объектілерінің қауіпті химиялық заттармен белгіленген нормативтерден артық ластанған шектеулі учаскелері;
36) қоршаған ортаның сапасы - қоршаған ортаның құрамы мен қасиеттерінің сипаттамасы;
37) тіршілік ету ортасы - қандай да бір организмнің немесе популяцияның табиғи мекендейтін жерінің типі немесе орны;
38) мемлекеттік экологиялық бақылау - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының, қоршаған орта сапасы нормативтерінің және экологиялық талаптардың сақталуын бақылау жөніндегі қызметі;
39) өндіріс және тұтыну қалдықтары (қалдықтар) - шикізаттың, материалдардың, өзге де бұйымдар мен өнімдердің өндіріс немесе тұтыну процесінде пайда болған қалдықтары, сондай-ақ өзінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан тауарлар (өнімдер);
40) өндіріс пен тұтынудың тұрақты моделі - қайта жаңартылмайтын ресурстарды т

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]