Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘСКЕРИ ДОКТРИНАСЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘСКЕРИ ДОКТРИНАСЫ
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы (бұдан әрі - Әскери доктрина) мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, соғыстар мен қарулы қақтығыстардың (бұдан әрі - әскери қақтығыстардың) алдын алуға, әскери құрылыс ісіне, сондай-ақ ұлттық мүдделерді қорғау және Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау мақсатында Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қолдануға негіз болатын көзқарастар жүйесі болып табылады.

Осы Әскери доктрина егемен мемлекеттің қалыптасуы және екі жақты әлемнен көп жақты әлемге көшу кезеңінде әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыруға бағытталған 1993 жылғы Қазақстан Республикасы Әскери доктринасының негізінде әрі оны дамыта отырып әзірленді. Бұл міндет негізінен орындалды.

Бүгінгі таңда жаңа Әскери доктринаны қабылдау үшін бірқатар ішкі және сыртқы алғышарттар бар.

Қазақстанның геосаяси ортасы сапалы өзгерістерді басынан кешіруде. Ел қауіпсіздігіне жаңа қатерлер пайда болуда. Атап айтқанда, экстремизмнің таралуы, әскери қақтығыстардың өршуі, біздің шекарамызға тікелей таяу жерде жаңа ядролық мемлекеттердің пайда болуы аймақтағы тұрақсызданудың елеулі факторы болып отыр.

Ел қауіпсіздігіне осынау және басқа да жаңа қатерлер онымен санасуды және тиісті шаралар қабылдауды талап етеді.

Бұған қоса, бүгінгі таңда қарулы күрес құралдары және қазіргі заманғы әскери қақтығыстардың сипаты сапалы өзгерістерге ұшырауда. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы өзінің Қарулы Күштерін өзгерген болмысқа бейімдеуге тиіс.

Жаңа Әскери доктринаны қабылдаудың қажеттілігі сол сияқты демократиялық және құқықтық мемлекет құрылысының кезекті кезеңінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында, соның ішінде әскери салада да жаңа ұлттық мүдделердің қалыптасуымен байланысты.

Осы Әскери доктрина әскери салада 1999-2005 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігі стратегиясының негізгі ережелерін нақтылайды және мемлекеттік шекара шебінде Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, агрессия жасалған жағдайда елдің қорғанысын ұйымдастыруға, сондай-ақ ұжымдық әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі одақтас мемлекеттермен бірлескен күш-жігерді үйлестіруге бағытталған.

Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы орта мерзімді кезеңге есептеліп жасалған, қорғаныстық сипатқа ғана ие, әлемдегі және аймақтағы әскери-саяси жағдайдың жай-күйін кешенді бағалауға, мемлекеттің экономикалық болмысы мен ресурстық мүмкіндіктеріне сүйенеді.

Әскери доктрина құрылымы өзара байланысты үш бөлімді қамтиды: әскери-саяси негіздер, елді қорғау мен қорғанысының әскери негіздері және Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін әскери-экономикалық қамтамасыз ету негіздері.

Әскери доктринаның құқықтық базасын Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының заң және өзге де нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы халықаралық шарттар құрайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздігінің 1999-2005 жылдарға арналған стратегиясының құрамдас бөлігі ретінде Әскери доктринаның қағидалары Қазақстан Республикасының заңдарымен әскери құрылысты, елдің және оның одақтастарының қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттері жүктелген барлық лауазымды тұлғалардың, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың орындауы үшін міндетті болып табылады.
1. Қазақстан Республикасы Әскери доктринасының әскери-саяси негіздері
Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы саясаты
1.1. Қазіргі заманғы геосаяси жағдай блоктар тайталасы аяқталып, халықаралық қарым-қатынастардың жаңа жүйесінің қалыптасуына орай әлемдік қоғамдастықта болған принципті өзгерістермен сипатталады.

Дүниежүзілік соғыс ашу және жаппай қырып-жоятын қарудың ядролық та, басқа да түрлерін қолдану қатері төмендеді. Көп жақты әлемнің қалыптасу үрдісі дәйекті даму үстінде. Қару-жарақты бақылау, әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту саласында айтарлықтай ілгерілеушілікке қол жеткізілді.

Сонымен бірге әлемде өтіп жатқан орасан зор өзгерістерге кейбір күрделі және қарама-қайшы үрдістер тән: бір жағынан, - әлемдік қоғамдастық ынтымақтастықты кеңейту және даулы мәселелерді бейбіт жолмен шешу, жанталаса қарулану мен ядролық қарудың таралуын шектеу жөнінде нақты шаралар қолдануда; екінші жағынан, - қауіпсіздіктің жаңа тәуекелдері мен қатерлері пайда болуда, олардың ішінде әр түрлі әскери қақтығыстардың туындау мүмкіндігінің артуы, экстремизмнің, халықаралық терроризмнің, ұйымдасқан қылмыстың таралуы, қару мен есірткінің заңсыз айналымы мейлінше қауіпті болып табылады.

Осы жағдайда Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы саясаты мынадай көзқарастарға негізделеді:
• • мемлекетаралық және ішкі қайшылықтарды шешу құралы ретіндегі қандай да болмасын қақтығысқа жол беруге болмайды;
• • Қазақстан Республикасының өзіне және өзінің одақтастарына қарсы агрессия жасалған жағдайда қарулы қорғануға, жеке және ұжымдық қорғанысқа құқығы бар.
1.2.Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету мынадай негізгі принциптерге негізделеді:
• • басқа мемлекеттердің егемендігін, мемлекеттік шекарасының мызғымастығын, аумақтық тұтастығын құрметтеу және олардың ішкі істеріне қол сұқпау;
• • өзара тиімді ынтымақтастық пен өзара түсіністік негізінде барлық елдермен достық қарым-қатынаста болу;
• • басқа елдердің қауіпсіздігі мен жалпыға ортақ қауіпсіздікке залал тигізбей Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
• • аймақта сенім шаралары мен әскери саладағы ашықтықты нығайту;
• • халықаралық дау-дамайларды бейбіт реттеу;
• • Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды халықаралық құқыққа және ұлттық заңдарға сәйкес қолдану;
• • халықаралық міндеттемелерді сақтау және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын шарттардың мақсатқа қол жеткізуіне жәрдемдесу;
• • әскери қақтығыстардың алдын алуға, бейбітшілікті қолдау мен қалпына келтіруге бағытталған пәрменді ғаламдық және аумақтық қауіпсіздік жүйесін құруға қатысу;
• • Республика Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының құрылысын «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясы» саяси бағытына сәйкестендіру;
• • жаппай қырып-жоятын қаруды таратпаудың халықаралық режимдерін бекітуге жан-жақты жәрдемдесу;
• • қару-жарақпен, әскери техникамен, әскери және қос қолданысты технологиялармен сауда жасаудың халықаралық нормаларын сақтау.
1.3. Қазақстан Республикасы мемлекеттің пәрменді әскери ұйымдастырылуына сүйене отырып, өз қарамағындағы күштердің, құралдар мен ресурстардың күллі жиынтығымен әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы елдің әскери қауіпсіздігіне қатерлердің алдын алудың, тұмшалаудың және жоюдың саяси дипломатиялық және басқа да әскери емес құралдарына ден қояды.

Елді қарулы қорғауды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары жүзеге асырады.

Агрессия жасалған жағдайдағы ел қорғанысы Қазақстан Республикасын қарулы қорғауды, мемлекеттің күллі әскери және экономикалық әлеуетін жұмылдыруды, азаматтық және аумақтық қорғанысты жүзеге асыруды, одақтас мемлекеттердің күштерімен бірлескен іс-қимылдарды көздейді.

1.4. Қазақстан Республикасы әскери қақтығыстардың алдын алу, халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту ісінде :
• • Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында – Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт шеңберінде, сондай-ақ екіжақты және көпжақты негізде;
• • аймақтық деңгейде - Орта Азия мемлекеттерімен, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске қатысушы елдермен, сондай-ақ « Шанхай бестігі » шеңберінде;
• • ғаламдық ауқымда – Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше барлық мемлекеттермен халықаралық құқық нормалары негізінде ынтымақтастық жасасады.
Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігі үшін негізгі қауіп-қатер
1.5. Қазақстан Республикасының орта мерзімді кезеңдегі әскери қауіпсіздігі үшін негізгі қауіп-қатер мыналар болып табылады:

сыртқылары:
• • республика шекарасына тікелей таяу жерде болып жатқан және ықтимал әскери қақтығыс ошақтары;
• • республика аумағында бандалық құралымдардың, экстремистердің, халықаралық терроршылардың ену мүмкіндігі;
• • жекелеген елдердің әскери қуатын сандық та сапалық жағынан шектен тыс арттыруы нәтижесінде аймақтық тұрақтылықтың әлсіреу мүмкіндігі;
• • жаппай қырып-жоятын қарудың, оны жеткізу құралдарының және қазіргі заманғ

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.003 ]