Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы

Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы
Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Заңы Қазақстан Республикасының азаматтығы адамның мемлекетпен тұрақты саяси-құқылық байланысын айқындайды, бұл байланыс олардың өзара құқылары мен мiндеттерiнiң жиынтығынан көрiнедi. Қазақстан Республикасында әрбiр адамның азаматтық алуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының азаматтығы осы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады. Қазақстан Республикасының азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзiнiң азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды. Ескерту. Кiрiспеге өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.10.03. N 2477 Заң күшi бар Жарлығымен.

1-тарау Жалпы ережелер
1-бап. Азамат және мемлекет
Қазақстан Республикасы өзiнiң мемлекеттiк органдары мен лауазымды адамдары арқылы Республика азаматтары алдында жауапты, ал Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасы алдында жауапты. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға, Қазақстан Республикасының мүдделерiн, оның территориялық тұтастығын қорғауға, мемлекеттiк тiл мен оның территориясында тұратын барлық ұлттардың тiлдерiне, әдет-ғұрпына, дәстүрлерiне құрметпен қарауға, Қазақстан Республикасының күш-құдiретiн, егемендiгiн және тәуелсiздiгiн нығайтуға жәрдемдесуге мiндеттi. Ескерту. 1-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2002.05.17. N 322 Заңымен.
2-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңдар
Қазақстан Республикасының азаматтығы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен және Қазақстан Республикасының соған сәйкес шығарылатын басқа да заң актiлерiмен реттеледi.
3-бап. Қазақстан Республикасының азаматы болу
Мына адамдар:
осы Заң күшiне енгiзiлген күнге дейiн Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын;
Қазақстан Республикасының аумағында туған және шет мемлекеттiң азаматтығында тұрмайтын;
осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады.
Қазақстан Республикасы азаматының басқа мемлекеттiң азаматтығында болуы танылмайды.
Қазақстан Республикасы жаппай құғын-сүргiн, күштеп ұжымдастыру кезеңдерiнде, адамгершiлiкке жат өзге де саяси шаралар салдарынан Республика территориясынан кетуге мәжбүр болған адамдар мен олардың ұрпақтарының өз территориясына қайтып оралуы үшiн, сондай-ақ басқа мемлекеттер территориясында тұратын қазақтар үшiн жағдай жасайды.
Ескерту. 3-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.10.03. N 2477 Заң күшi бар жарлығымен, Қазақстан Республикасының 2002.05.17. N 322 Заңымен.
4-бап. Азаматтық туралы құжат
Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты болып табылады. 16 жасқа дейiнгi баланың азаматтығы оның туу туралы куәлiгiмен, ата-анасының қайсысының болса да паспортымен расталады.
Ескерту. 4-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.10.03. N 2477 Заң күшi бар жарлығымен, Қазақстан Республикасының 2002.05.17. N 322 Заңымен.
5-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық
жағдайы
Қазақстан Республикасының азаматтығы, оның қандай негiзде алынғанына қарамастан, бiрыңғай және тең болып табылады.
Қазақстан Республикасының азаматтары тегiне, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, нәсiлi мен ұлтына, жынысына, бiлiмiне, тiлiне, дiнге көзқарасына, саяси және өзге де сенiмдерiне, кәсiбiнiң түрi мен сипатына, тұрғылықты жерiне және басқа мән-жайларға қарамастан заң алдына тең.
Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында жарияланған, кепiлдiк берiлетiн азаматтық, саяси, экономикалық және әлеуметтiк құқықтар мен бостандықтарды барынша толық иеленедi.
Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.10.03. N 2477 Заң күшi бар жарлығымен.
6-бап. Шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың
құқықтық жағдайы
Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасында азаматтар үшiн белгiленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ мiндеттердi мойнына алады.
Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.05.17. N 322 Заңымен.
7-бап. Қазақстан Республикасы азаматтығының сақталуы
Қазақстан Республикасы азаматының республикадан тыс жерлерде тұруы Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға әкеп соқтырмайды.
Қазақстан Республикасы азаматының немесе азаматшасының республика азаматы емес адаммен некеге тұруы, сондай-ақ мұндай некенi бұзуы азаматтықтың өзгеруiне әкеп соқтырмайды.
8-бап. Қазақстан Республикасының азаматын басқа мемлекетке
беруге болмайтындығы
Республиканың халықаралық шарттарында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының азаматын шет мемлекетке беруге болмайды.
Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.10.03. N 2477 Заң күшi бар жарлығымен.
9-бап. Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегi
азаматтарды қорғау
Қазақстан Республикасы өзiнiң одан тыс жерлерде жүрген азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепiлдiк бередi.
Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң 1995.10.03. N 2477 Заң күшi бар жарлығымен.

2-тарау Қазақстан Республикасы азаматтығын алу
10-бап. Азаматтық алу негiздерi
Қазақстан Республикасының азаматтығы:
1) тууы бойынша;
2) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау нәтижесiнде;
3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген негiздер мен тәртiп бойынша;
4) осы Заңда көзделген өзге де негiздер бойынша алынады.
Ескерту. 10-баптың 3) тармақшасына өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1995.10.03. N 2477 Заң күшi бар жарлығымен.
11-бап. Ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматы
болып табылатын баланың азаматтығы
Бала туған кезде ата-анасының екеуi де Қазақстан Республикасының азаматы болса, ол туған жерiне қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Ескерту. 11-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2002.05.17. N 322 Заңымен.
12-бап. Ата-анасының азаматтығы әртүрлi болған
жағдайындағы баланың азаматтығы
Ата-анасының азаматтығы әртүрлi болып, бала туған кезде олардың бiреуi Қазақстан Республикасының азаматы болған жағдайда бала:
1) Қазақстан Республикасының территориясында туса;
2) Қазақстан Республикасынан тыс жерде туса, бiрақ, ата-анасының немесе олардың бiреуiнiң бұл кезде Қазақстан Республикасы территориясында тұрақты тұрғылықты жерi болса, ол Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Ата-анасының азаматтығы әртүрлi болып, бала туған кезде олардың бiреуi Қазақстан Республикасының азаматы болған жағдайда, егер осы кезде ата-анасының екеуiнiң де Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрғылықты жерi болса, Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған баланың азаматтығы ата-анасының жазбаша түрде бiлдiрген келiсiмi бойынша анықталады.
Бала туған кезде ата-анасының бiреуi Қазақстан Республикасы азаматтығында болып, ал екiншiсi азаматтығы жоқ адам болса, не оның азаматтығы белгiсiз болса, бала қай жерде туғанына қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Баланың анасы азаматтығы жоқ адам болып, ал әкесi Қазақстан Республикасының азаматы деп танылып, әкелiгi анықталған ретте 14 жасқа толмаған бала қай жерде туғанына қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болады. Бұл бала Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұрған ретте оның азаматтығы ата-анасының жазбаша арызы бойынша анықталады.
Ескерту. 12-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2002.05.17. N 322 Заңымен.
13-бап. Ата-анасы белгiсiз баланың азаматтығы
Ата-анасының екеуi де белгiсiз Қазақстан Республикасы территориясындағы бала Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Ескерту. 13-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2002.05.17. N 322 Заңымен.
14-бап. Азаматтығы жоқ адамдардың баласының Қазақстан
Республикасы азаматтығын алуы
Қазақстан Республикасы территориясында тұрақты тұрғылықты жерi бар, азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасы территориясында туған баласы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Ескерту. 14-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2002.05.17. N 322 Заңымен.
15-бап. Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдау
Шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың өтiнiштерi бойынша осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдануы мүмкiн.
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтiнiштер бойынша шешiмдi Қазақстан Республикасының Презид

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]