Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының Заңы
ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
Осы Заң Қазақстан Республикасында өнімнің, көрсетілетін қызметтің , процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құқықтық негіздерін белгілейді.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аккредиттеу- аккредиттеу жөніндегі орган заңды тұлғаның белгілі бір салада техникалық реттеу объектілірінің белгілінген талаптарға сәкестігін растау жөніндегі жұмыстарды орындауға құқылы екенін ресми танитын рәсім;
2) аккредиттеу аттестаты-сәйкестікті растау және аккредиттеу саласында жұмыс жүргізу ережелеріне сәйкес берілетін, сәккстікті растау жөніндегі органның және (немесе) сынақ зертханаларының(орталықтарының) белгілі бір салада белгіленген талаптарға сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау құқығын куәландыратын құжат;
3) аудит( сәйкестікті растау саласындағы) – сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органдардың және сынақ знрт/ң қызметін жүйелі, тәуелсіз құжатталған талдау , сондай-ақ өтінім берушінің бастамасы бойынша жүргізілетін сертификатталған өнімнің, көрсетілген қыметтің, процестердің, сапа менеджменті жүйелерінің белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылау;
4)өнімнің, көрсетілген қызметтің жән прцестердің қауіпсіздігі(бұдан әрі- қауіпсіздік)- қауіпті фактордың іске асу ықттималдығы мен оның зардаптарының ауырлық деңгейінің үйлесімін ескере отырып, адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, оның ішінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне зиян келтіруіне байланысты жол берілмейтін қауіп-қатердің болмауы;
5) үйлестірілген стандарт- техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін стандарт;
6) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі- өз құзыреті шегінде тнхниекалық реттеу саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің, стандарттардың жиынтығы;
7) техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктеуіші- техникалық-экономикалық ақпарат объектілерінің жіктеу топтпрының кодтары мен атауларының жүйеленген жиынтығын білдіретін құжат;
8) мемлекеттік стандарт- уәкілетті орган бекіткен және тұтынушылардың көпшілігі қло жеткізе алатын стандарт;
9) техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттардың мемлекеттік қоры- техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, стандарттың және мемлекеттік органдардың өз құзыреттері шегінде қалыптастыратын өзге де құжаттарының мамандандырылған қорларының жиынтығы;
10) сйкестік туралы декларация- дайындаушы(орындаушы) айналысқа шығарылатын өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат;
11) сәйкестікті ерікті растау- дайындаушының немесе сатушының бастамасы бойынша жүргізіліп, өнімнің, көрсетілген қызметтің, процестердің стандартқа, өзге де құжатқа немесе өтінім берушінің арнайы талаптарына сәйкестігін растау жүзеге асырылатын рәсім;
12)өнімнің өмірлік циклі- өнімді жобалау, өндіру , пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу, кәдеге жарату және жою процестері;
13) мүдделі тараптар- қөызметі техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеумен тікелей байланысты жеке тұлғалар және олардың қауымдастықтары, одақтары, сондай-ақ қатысуы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген өзге де тұлғалар;
14)өтінім беруші- сәйкестігін растау үшін өнімді, көрсетілген қызметті, процестерді ұсынған жек немесе заңды тұлға, сондай-ақ аккредиттеуге және аудитке)сәйкестікті растау саласында) өтінім берген заңды тұлғалар;
15)сәйкестік белгісі-өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде, стандарттар мен өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау рәсімінен өткені туралы сатып алушыларды хабардар етуге арналған белгі;
16) өнімді, көрсетілетін қызметті бірдейлендіру- белгілі бір өнімді, көрсетілетін қызметті ерекшелейтін белгілері бойынша бірмағыналы тануды қамтамасыз ететін рәсім;
17) дайындаушы(орындаушы)- өнімді кейіннен иеліктен шығару немесе өндірістік мақсаттарда өзі тұтыну үшін өндіретін, сондай-ақ өтеулі және өтеусіз шарт бойынша жұмыстарды орындайтын немесе заңды тұлғалар;
18) инспекциялық тексеру- сертификатталған өнімнің, көрсетілген қызметтің, процестің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын тексеруі;
19) сынақ зертханасы(орталығы)-өнімнің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сйкестігіне сынақ жүргізетін зертхана, соның ішінде мемлекеттік органдар зертханасы;
20)халықаралық стандарт- стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым қабылдаған және тұтынущылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт;
21)ұлттық стандарт- шет мемлекттің стандарттау жөніндегі уәкілетті органы қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт;
22) стандарттау жөніндегі нормативтік құжат- стандарттау жөніндегі нормативтік құжат- стандарттау жөніндегі қызметтің әр түріне немесе оның нәтижелеріне қатысты нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды, принцптерді белгілейтін құжат;
23) техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық акт- осы Заңға және «Нормативтік құқұықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдаған, техникалық реттеу саласындағы құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысанадағы жазбаша ресми құжат;
24)аккредиттеу саласы- сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органдарға және сәйкестікті растау саласындағы жұмысты жүзеге асыратын зертханаларға техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін бекітіліп берілген объектілердің тізбесі;
25) міндетті сертификаттау- сәйкестікті растау жөніндегі органдардың қатысуымен өнімнің, көрсетілген қызметтің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау нысаны;
26) сәйкестікті міндеті растау - өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқұықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жүзеге асырылатын рәсім;
27) сәйкестік растау жөніндегі орган-сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға;
28)негізге алынатын стандарт- қолдану саласы кең немесе техникалық реттеудің белгілі бір саласына арналған жалпы ережелері бар стандарт;
29) сәйкестікті растау- нәтижесі объектінің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін құжаттамалық куәландыру(сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты түрінде) болып табылатын рәсім;
30) беруші-өнім беретін, қызмет көрсететін жеке немесе заңды тұлға;
31) өнім- прцестің немсе қызметтің нәтижесі;
32)процесс-өнімнің өмірлік циклінің процестерін қоса алғанда, қандай да бір тапсырылған нәтижеге жету жөніндегі өзара байланысты және дәйекті іс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы;
33) стандарттау жөніндегі өңірлік ұйым – географиялық немесе экономикалық бір ғана өңірдің стандарттау жөніндегі тиісті органдары қызметіне қатысу үшін ашық болатын стандарттау жөніндегі ұйым.
34) өңірлік стандарт – стандарттау жөніндегі өңірлік ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт;
35)мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімі- техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, стандарттарды есепке алу құжаты;
36) қауіп-қатер- зардаптарының ауырлық деңгейі ескеріле отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға,оның ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне зиян келтіру ықтималдығы;
37)сәйкестік сертификаты-өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелеріне сәйкестігін куәландыратын құжат;
38)сертификаттау-сәйкестік растау жөніндегі орган өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша куәландыратын рәсім;
39)стандарт-уәкілетті орган көздеген тәртіппен бекітілген,көп мәрте және ерікті пайдалану мақсатында техникалық реттеу объектілеріне ережелеріне, жалпы принциптер мен сипаттамаларды белгілейтін құжат;
40)ұйым стандарты- ұйым бекіткен стандарт;
41)стандарттау-нақты қойылып отырған және ықтимал міндеттерге қатысты көпшілікке ортақ, көп мәрте және ерікті пайдалану үшін ережелер белгілеу арқылы өнімге, көрсетілген қызметке және прцестерге қойылаты

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.003 ]