Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

ӘЙЕЛ БАҚЫТЫ – ҚОҒАМ АЙНАСЫ

ӘЙЕЛ БАҚЫТЫ – ҚОҒАМ АЙНАСЫ

Елбасы Н.Назарбаев: “Қоғамның даму барысын өмірде – нәзік, көңілде – биік, ал істе – мығым әйелдер қауымынсыз көзге елестету мүмкін емес”, – дейді.
Президенттің кешегі сайлаудағы жарқын жеңісі – тілеуін тілеп отырған миллиондаған аналардың, апалардың, қарындастардың да ойындағысының орындалғаны.

Жексенбі күнгі Президент сайлауында біздің институтымыздың ұжымы ерекше ауызбірлік, ұйымшылдық танытты – студенттер мен аспиранттар, жас оқытушылар тұратын жатақханалар қарайтын сайлау учаскесінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевты жақтап 94 пайыз дауыс берілді.
Осы жағдай мені қатты толқытып, қолыма шұғыл қалам алдыртып отыр. Жалпы, еліміз бойынша сайлау ерекше жауапкершілікпен, үлкен өрлеумен өтті ғой. Соның өзінде де біздің Қазақтың қыздар педагогика институтындағы көңіл-күйдің бөлекше болуының сырына ой көзімен үңілгенде мен Елбасымыздың халқымыздың әйел-анаға, қыз балаға деген құрметін бойына сіңірген қасиетін алдымен еске аламын. Бұл қамқорлық дәл сайлау қарсаңында Президенттің “Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын бекіту туралы” Жарлыққа қол қоюынан да тамаша танылды.

Көне Күлтегін ескерткішінде: “Азды көп еттім, ашты тоқ еттім” деген сөз бар. Қарап отырсаңыз, сонау ықылым заманнан-ақ жер мен елге ие болған батырлар мен даналар өз заманының ерлік, елдік салты ұрпақ жадында мәңгілік сақталуын да мұрат еткен сияқты. Тасқа жазылған жазулар, ауызша тараған батырлық дастандар мен аңыз әңгімелер соның куәсі іспетті. Биылғы тамызда 300 жылдық мерейтойы тойланған Райымбек бабамыздың да ерлік рухының бүгінгі ұрпаққа жеткені соның айғағы болса керек.
Райымбек бабаның өткелсіз Іледен аман-есен өткені де, жап-жас ноян батырдың қалың қолды басқарып, жауға ұрыс салғаны да тарихта айтылған. Сонымен бірге, батыр баба күш-қайратымен ғана емес, ақыл-парасатымен, әділ төрелік-билігімен де ел басқарған еді.
Райымбек елін жаудан азат еткен батыр, әрі өзі азат еткен елінің болашағын ойлаған, болжап білген әулие адам.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Райымбек баба туралы ақ жарыла айтқан сөзін естігенде осындай ойға қалдым. Нұрекең: “Жасырмаймын, мен де Райымбек сияқты әулие бабалардың шапағаты шалған адамдардың бірімін. Әкем мен шешем үй болғаннан кейін он жыл бала көтермепті. Бір шикі өкпеге зар болып жүргенде ауыл адамдарының бірі Райымбек батырдың зиратына барып түнеуге кеңес беріпті. Құдайдан шын тілесең, осы түбі саған әулиелер аян беруге тиіс, депті анамызға. Екеуі зират басына түнеп шығады, шешем түс көреді. Түсінде терең судың түбінен мылтық тауып алады. Осыны жақсылыққа жорып, екеуі риза болып қайтыпты. Содан кейін дүниеге мен келдім”, – дейді.
Міне, ата-ананың аппақ тілегімен, әулие Райымбек бабаның рухының желеп-жебеуімен өмірге келген ұл Райымбектің жолын ұстады. Халқын қолына алды, өткелі жоқ тоқыраудан елін аман алып шықты. Ол – қазақ деген халықты әлемге танытқан, көрегендігімен, ақыл-парасатымен өркениетті елдермен иық тірестіруге жеткізіп, құрмет-беделге ие болған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Әулие-батырдың рухы жебеген Нұрсұлтан Әбішұлы баба үмітін ақтап келеді.
Қазақ тарихында бұрын-соңды болмаған өзгерістер осы 14 жылда болды. Ғасырға жүк болар жұмыс істелінді. Мемлекеттің бүкіл саяси-экономикалық құрылымы өзгеріп, оның рәміздері қабылданып, ел іргесі бекітіліп, шекарасы анықталды. Дүниежүзілік қоғамдастықта салмақты сөзі бар, Еуразияның кіндігінде гүлжазира мекені бар мемлекетке айналғанымызды басқалар да мойындады. Осының бәрі еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты екеніне ешкім дауласа қоймас.
Он төрт жыл тарих үшін қас-қағым сәт. Алайда, әрқайсымыз осы кезеңде талай оқиғаны бастан кешірдік, мемлекетімізбен бірге есейдік.
Мен осы мақалада қысқа мерзімде елімізде әйел және отбасы жағдайын жақсартуға бағышталған мемлекеттік саясатты қалыптастырудың түп негізінде Елбасы тұрғаны туралы өз ойымды ортаға салғым келеді.
Осыдан 10 жыл бұрын Қазақстан Президенті жанындағы Отбасы, әйелдер және демографиялық саясат проблемалары жөніндегі кеңес құрылған-тын. Кейін ол Президент жанындағы Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі ұлттық кеңес болып, статусы жоғарылады. Мұндай консультативтік кеңесші орган ТМД елдерінің ешқайсында жоқ. Оның негізгі міндеттері: әйелдердің еліміздегі саяси үрдістерге белсене қатысуына қолдау жасау; әйелдің экономикалық қызметін жандандыра түсу; әйелдерге тұрмыста зорлық-зомбылық жасалуына қарсы күрес; әйелдердің денсаулығы мен отбасы жағдайын жақсарту.
Әйелдердің жағдайы жөніндегі ІV Бүкілдүниежүзілік конференцияның (Пекин, 1995 ж.) іс-қимыл тұғырнамасын іске асыру мақсатында ҚР Үкіметінің қаулысымен “Қазақстан Республикасында Әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық іс-қимылдар жоспары” қабылданды. Әйелдердің қоғамдық-саяси өмірдегі белсенділігі мен рөлін арттыру үшін мүмкіндіктер жасау және пәрменді тетіктер дайындауда ұзақ мерзімге бағытталып, 12 басымдықты қамтыған бұл жоспардың маңызы зор болды.
Тәуелсіздік жылдарында әйелдер мен отбасы мәселелеріне байланысты бұрын-соңды болмаған заңнамалық базаны нығайту қолға алынды.
Қазақстан “Әйелдерге қатысты дискриминацияның барлық түрін жою туралы” БҰҰ конвенциясына кірді және оның Факультативтік хаттамасын бекітті. Осы Конвенция шараларының орындалуы жөнінде еліміз есеп беріп отырады. БҰҰ сарапшылары Конвенцияның орындалуы мен гендерлік теңдікке қол жеткізуімізде Қазақстанда прогресшіл өзгерістер болып жатқанын атап айтты.
Сонымен бірге “Әйелдердің саяси құқы туралы” және “Тұрмыстағы әйелдердің азаматтығы туралы” конвенцияларды, Халықаралық Еңбек ұйымының “Әйелдер мен еркектерді бірдей бағадағы еңбекте тең марапаттау туралы” конвенциясын да бекітті. Яғни елімізде әйелдер мәселесіне байланысты құқықтық негіз жасалған.
Ұлттық жоспарды іске асыру нәтижесінде әйелдердің қоғамдық белсенділігі артып, саяси мәдениеті өсті. Бүгінде кәсіпкерлердің 40%-ы әйелдер. Елімізде азаматтық белсенділік танытып, өзекті мәселелер бойынша ұтымды ұсыныстар беріп, қажетті заңдар қабылдануына ықпал етіп жүрген 150-ден астам әйелдердің үкіметтік емес ұйымдары бар.
Мәселен, олардың қатысуымен “Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат тұжырымдамасы” дайындалып, ол 2003 жылдың қараша айында Үкімет қаулысымен мақұлданды. Бұл құжатта әйелдерге қатысты мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтары бойынша Қазақстанда қазіргі заманғы гендерлік ахуал мен гендерлік теңдікке қол жеткізу шаралары көрсетілген.
Гендерлік қатынастарды айшықты бейнелеу үшін елімізде “Қазақстанның әйелдері мен ерлері” атты жыл сайынғы арнайы статистикалық жинақ шығарылуы, ҚР Парламентінде “Отбасы” депутаттар тобы құрылуы да елімізде Мемлекет басшысының қолдауымен басталған әйелдер қозғалысы жан-жақты дамып келе жатқанын, әйелдер мен отбасы мүддесін қорғау тәуелсіздік жылдарында тұрақты жүргізіліп отырғанын көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Президенті өзінің конституциялық міндеттерінің шеңберінде республика халқына жыл сайын ішкі және сыртқы саясатымыздың негізгі бағыттары туралы Жолдау арнауы тұрақты үрдіске айналды. “Қазақстан-2030” Даму стратегиясы туралы 1997 жылғы Жолдауында Елбасы әйел мен баланың денсаулығын қорғау біздің мемлекетіміздің, денсаулық сақтау органдарының, жұртшылықтың тікелей назарында болуға тиіс екеніне баса назар аударып, “Уақыт өтіп, қазына кірісі өскенде мемлекет үшін де, отбасын қолдауға тиімді демографиялық саясат үшін де қолайлы нысанда аналар мен балаларға мемлекеттік қолдау көрсетуге қаражат табамыз”, – деген еді. Содан бергі уақытта бұл мәселе Президенттің тікелей бақылауында болды. Осының нәтижесінде Үкімет қаулысымен бекітілген “Халық денсаулығы” атты мемлекеттік бағдарлама дүниеге келді. Оның үлкен бір тарауы ана мен бала денсаулығын жақсартуға арналған. Ол бойынша Астанада Республикалық 500 орындық ана мен бала орталығы келесі жылы пайдалануға беріледі, ал Республикалық балалар сауықтыру орталығының, Алматыда “Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының” 150 орындық емдеу корпусының, “Балбұлақ” сауықтыру орталығының 125 орындық жатын корпусының құрылысы жуырда басталмақ. Оған қоса босандыру мекемелерін бүгінгі медицина талабына сай жабдықтау, әйелдерді қауіпті аурулардан сақтандыру шаралары қолға алынды.
Ал Елбасының биылғы Жолдауы елімізде әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдету бағдарламасын іске асыра бастаудың дәлелі ретінде әр отбасына қуаныш сыйлаған, Қазақстан абыройын халықаралық қауымдастық шеңберінде асқақтатқан жаңалық болды.
Үстіміздегі жылдан бастап жекелеген сырқаттар бойынша бес жасқа дейінгі балалар дәрі-дәрмекпен, ал жүкті әйелдер құрамында темір мен йоды бар препараттармен тегін қамтамасыз етіледі.
Ал алдағы жылдан бастап аз қамтылған отбасыларының 18 жасқа дейінгі балаларына ай сайынғы жәрдемақылар төленуге, 4 және одан көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы аналарға, “Алтын алқа”, “Күміс алқа” немесе І және ІІ дәрежелі “Ана даңқы” белгілерімен марапат

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.001 ]