Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк-экономикалық дамуын талдау

Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк-экономикалық
дамуын талдау
1999 жылдан бастан Қазақстанның экономикасы салыстырмалы түрде макроэкономикалық тұрақтандыруға және өсудiң жоғары қарқынына қол жеткiзумен сипатталатын даму сатысында тұр.
1999-2002 жылдары республикада жалпы iшкi өнiмнiң жиынтық өсуi - 40,1%, өнеркәсiп өндiрiсi - 48,2%, ауыл шаруашылығы өнiмi 47,7%, құрылыс - 87,1% құрады. 1993-2002 жылдары республикадағы тікелей шетелдiк инвестициялардың жалпы көлемi 21 млрд. АҚШ долларынан асты.
Соңғы жылдары инфляция деңгейі: 1999 жылы 17,8 %-дан, 2002 жылы 6,6%-ға дейiн едәуiр азайды. Қайта қаржыландыру ставкасы ТМД елдерi iшiндегi ең төменгiлердiң бiрi (7 %).
Экономиканы монетарландыру деңгейi 1999 жылдың аяғындағы 13,6%-дан 2002 жылдың аяғында 20,4 %-ға дейiн ұлғайды. Бұл ретте 2000 жылдың басынан бастап халықтың депозиттерi (резидент еместердi ескере отырып) 286,9 млрд. теңгеге дейiн 5,2 есе ұлғайды, ал банктердiң, экономикаға кредиттерiнiң көлемi 770,2 млрд. теңгеге дейiн 5 есе өстi.
Ұлттық Банктiң халықаралық резервтерi және елдiң Ұлттық қорының қаражаты 2003 жылдың маусымына қарай 7 млрд. АҚШ долларына дейiн өстi.
Еуропалық экономикалық Одақ пен АҚШ конгресі Қазақстанды нарықтық экономикадағы ел деп таныды. 2002 жылдың қыркүйегiнде "Moody's Iпvestors Service" жетекшi халықаралық рейтинг агенттiктерiнiң бiрi Қазақстанға инвестициялық санатқа жататын Ваа3 кредиттiк рейтингiн белгiледi. 2003 жылғы мамырда "Standard & Poor's Rating Services" агенттiгi Қазақстан Республикасының шетелдiк валютадағы мiндеттемелерi бойынша ұзақ мерзiмдi кредиттiк рейтингтерiн "ВВ"-дан "ВВ+"-ға дейiн көтердi және ұлттық валютадағы мiндеттемелер бойынша кредиттiк рейтингтерiн "ВВ+/0ң/В"-дан "ВВВ-/Тұрақты/А-3"-ке дейiн көтердi, мұның өзi Қазақстан экономикасының әлеуеттiк мүмкiндiктерi орнықты түрде бекуде екенiн көрсетедi.
Халықтың жан басына шаққандағы номиналды орташа ақшалай табысы 2002 жылы 2001 жылмен салыстырғанда 13,7%-ға артты және 100 мың теңгенi құрады. Осы кезең iшiнде нақты ақшалай табыс 7,4%-ға өстi. 2002 жылы нақты орташа айлық жалақы 2001 жылмен салыстырғанда 10,1 %-ға өстi. Орташа айлық зейнетақының нақты өсуi - 11,4 %-ды, мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылардың өсуi - 6%-ды құрады.
1999-2002 жылдары экономикалық белсендiлiктiң артуына оң әсер еткен негiзгi факторлар: республикадағы тұрақты саяси жағдай; жекелеген тауар рыноктарындағы қолайлы конъюнктура; кәсiпкерлiктiң дамуы; халықтың тұрмыс деңгейiнің жақсаруы нәтижесінде iшкi сұраныстың артуы; қолайлы инвестициялық ахуал; экспортқа бағдарланған өндiрiстердi қалыптастырумен бiр мезгiлде жүргiзiлген импорт алмастыру саясаты; ТМД елдерiндегi дамудың жоғары қарқыны.
Қазiргi уақытта елдегi макроэкономикалық ахуал тұрақты. 2003 жылғы бiрiншi жарты жылдықта жалпы iшкi өнiмнiң өндiрiлуi өткен жылғы осындай кезеңмен салыстырғандағы бағалау бойынша 10,4%-ға өседi. Өнеркәсiптегi өндiрiс көлемi ағымдағы жылғы қаңтар-маусымда 9,6%-ға, ауыл шаруашылығы 5,2%-ға, негiзгi капиталға инвестициялар - 12,9 %-ғa, көлiктiң барлық түрiмен жүк тасымалдау - 9,6%-ға, байланыс қызметiн көрсету - 23,6 %-ға ұлғайды.
2003 жылғы маусымда тұтыну бағаларының индексі 2002 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 102,3 % құрады.
2003 жылғы қаңтар-мамырда Қазақстан Республикасы Статистика жөнiндегi агенттiгiнiң деректерi бойынша экспорт 4954,2 млн. АҚШ долларын (2002 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 46 %-ға өсу), импорт - 3071,1 млн. АҚШ долларын (23 %-ға ұлғаю) құрады.
2003 жылғы бiрiншi жарты жылдықта номиналды жалақының өсуi 113,7%-ды құрады, нақты жалақы 6,4%-ға ұлғайды. Жылдың басынан бастап халықтың нақты ақшалай табысы 5,4 %-ға өстi.
Республика экономикасында ағымдағы жылғы маусымда 6,9 млн. адам жұмыспен қамтылған, жұмыссыздық деңгейi 8,5%-ды құрады.
2. Үкiмет бағдарламасының мақсаты мен басым бағыттары
Үкімет сабақтастықты қуаттай отырып, 2003-2006 жылдарда басты мақсат ретiнде қоғамдық-саяси тұрақтылық, орнықты әлеуметтiк-экономикалық даму, экономикалық және экологиялық қауiпсiздiктi нығайту, жүйелi қатерлердi азайту, халықаралық ынтымақтастықты дамыту негiзiнде барлық өңiрдегi халықтың тұрмыс деңгейiн арттыру деп айқындайды.
Үкімет қоғамды одан әрi демократияландыру, заңдылық пен құқық тәртiбiн нығайту, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақталуы мәселелерiне баса назар аударатын болады.
2003-2006 жылдарға арналған әлеуметтiк-экономикалық дамудың басым бағыттары:
eл өңiрлерiнің әлеуметтiк-экономикалық дамуы деңгейiндегi әркелкiлiктi, кедейшiлiк пен жұмыссыздықты азайту;
Мемлекеттiк аграрлық азық-түлiк бағдарламасын қамтамасыз ету және ауылдағы (селодағы) тұрмыс жағдайларын сапалы түрде жақсарту;
елдiң Индустриялық-инновациялық дамуы стратегиясын іске асыру;
қоршаған орта сапасын тұрақтандыру;
ғылымды, бiлiм беру мен халықтың кәсiби бiлiктiлiгiн арттырудың қазiргi заманғы әрi тиiмдi жүйесiн құру;
шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту;
өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымды дамыту;
халықты зейнетақымен және әлеуметтiк қамтамасыз етудi одан әрi жетiлдiру;
мемлекеттiк қызметшiлермен бюджеттiк ұйымдар қызметкерлерiнiң жалақысын көтеру;
Астананы одан әрi дамыту.
Мақсаттарға және орташа мерзiмдегi басымдықтарға қол жеткiзу Үкіметтен мыналарды:
елдiң қаржы және бюджет жүйесiнiң макроэкономикалық теңдестiгi мен тұрақтылығын;
валюта және сауда режимдерiн ырықтандыруды;
халықтың тұрмыс деңгейiн көтеру, кедейшiлiкпен және жұмыссыздықпен күрес есебiнен iшкі сұранысты арттыруды;
инвестициялық ахуалды жетілдiрудi;
шаруашылық қызметтiң қоршаған ортаға әсерiн азайту мен оны қорғауды оңтайландыруды;
тұтас алғанда, өңдеушi өнеркәсiпте, сондай-ақ ғылыми жетiстiктер мен инновациялық әзiрлемелердi енгiзу есебiнен еңбек өнiмділiгiн арттыруды;
ауыл шаруашылығы өнiмдiлiгiн арттыруды және ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдейтiн бәсекеге қабiлеттi өндiрiстердi дамытуды;
қазiргi заманғы құрылыс кешенi мен құрылыс материалдары өнеркәсiбiн дамыту есебiнен тұрғын үй салуды және өндiрiстiк құрылысты жандандыру үшiн ынталандыруды жасауды;
салық салынатын базаны кеңейту есебiнен салық жүктемесiнің азаюы кезiнде мемлекеттiк кiрiстердi ұлғайтуды;
бiлiм берудi, ғылым мен инновациялық қызметті басым дамытуды;
экономиканың барлық деңгейi үшiн сапалы жаңа ғылыми, басқару, инженерлiк-техникалық және жұмысшы кадрларды даярлауды;
экономикаға тiкелей инвестициялар ағынын ынталандыруды;
экономиканың инфрақұрылымын дамытуға және оның өндiрiстiк құрылымын жетілдiруге жұмсалатын мемлекеттiк ресурстарды тиiмдi пайдалануды;
өндiрiстiк күштердi ұтымды орналастыру үшiн жағдай жасауды;
ТМД, ЕурАзЭҚ, OAЫ, ШЫҰ аясында экономикалық ықпалдастықты тереңдету әрi кеңейту және Өңiрлiк ықпалдастық ұйымының мақсаттарын практикалық iске асыру болып белгiлендi.
Үкімет 2003-2006 жылдары:
жалпы iшкi өнiмнiң нақты орташа жылдық өсуiн 7-7,5% мөлшерде;
жалпы iшкi өнiмнiң халықтың жан басына шаққандағы деңгейiн 2006 жылы 2600 АҚШ долларына баламалы сомаға дейiн көтерудi;
инфляцияның орташа жылдық деңгейiн 4,5 - 5,5%-дан асырмауды;
өнеркәсiптiк өндiрiстiң орташа жылдық өсуiн 9-9,5% деңгейiнде ұстауды;
табысы ең төменгі күнкөрiс деңгейінен аз халықтың үлесiн 20%-ға дейiн азайтуды қамтамасыз етудi жоспарлауда.
3ейнетақының, мемлекеттiк жәрдемақылардың, бюджеттiк саладағы қызметкерлер жалақысының мөлшерiн нақты ұлғайту жөнiндегi жұмыс жалғастырылады. Мұның өзi елдегi iшкi тұтынушылық сұранысты ұлғайтуға әрі елдiң шағын және орта кәсіпорындарындағы тұтыну тауарлары мен қызметтер көрсету өндiрiсiн дамытуды көтермелеуге мүмкiндiк бередi.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]