Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Білім берудің мазмұны

Білім берудің мазмұны
I Тарау. Кіріспе.
І.1.Тақырып. Пәннің негізгі мақсаттары, кезеңдерге бөлу
Пәннің жалпы мінездемесі: оны оқытудың мақсаты мен міндеті, пәннің басқа пәндермен байланысы.
"Қазақстан Республикасының мемлекет және қуқық тарихы" пәнінің ғылым жүйесіндегі алатын орны және қазіргі мемлекет пен қүқықты дайындау нысанындағы маңызы.
2Тарау. Әскери демократия және Қазақстан аймағындағы алғашқы мемлекеттік одақтар
2.1.тақырып. Қазақстан аймағындағы алғашқы мемлекеттік одақтар
Қазақстан аймағындағы алғашқы қауымдық құрылыс.
Алғашқы қауымдық құрылыстың бөлінуі: ерекше басқару органы-тайпалық кеңестің, жоғарғы көсем және әскери басшының пайда болуы.
Сақ-массагет тайпасының қоғамдық саяси құрылысы.
Әскери демократия. Ғұндардың әскери-демократиялық одағы. Моде реформасы. Үйсіндердің саяси құрылысы. Кунму билігі; оның экономикалық және саяси функциялары. Қаңлылардың саяси құрылысы.

Батыс-Түрік қағанатының құрылуы. Қаған билігі. Кеңес. Қағанаттағы жоғарғы лауазымдар. Қағанат құқығы. Қағанаттың қоғамдық құрылымы.
Карахан мемлекетінің ерте феодалдық кезеңі. Әскери жүйесі. Икта институты. Коммендациялык институты. Қарахан мемлекетінің діні - ислам. Құқығы: әдет және шариғат. Ь-
2.2.тақырып. Қазақстан Моңғол шапқыншылығы кезеңінде
Моңғолдардың қоғамдык кұрылысы. Саяси кұрылысы. Шыңғысхан реформасы. Әскери ондық жүйесі. Ұлыстарда әкімшілік басқаруы.
Қазақстан аймағына моңғолдардың басып кіруі.
Қазакстан Шағатай және Жошы ұлысынын билігінде. Қазақстан дамуына Алтын Орданың ықпалы. Құқық. Шыңғысхан "Ясы". "Ясы" бойынша қылмыс пен жаза жүйесі.
2.3.тақырып. Ноғай Ордасының саяси құрылысы.
Ноғай Ордасы-ерте феодалдық әскери-аристократиялық мемлекет. Саяси билігінің ерекшелігі. Басқару органдарының жүйесі. Жоғары билік органы: Орталық атқару-басқару билік және сот билігі.
Ноғай Ордасының қоғамдық және әкімшілік құрылысы.
Құқық және сот жүйесі.
Практикалық сабақтар
Пәнді окуда негізгі міндеттерді анықтау: пәннің маңызы, кезендерге бөлу:
- таблица мен схемаларды құрастыру.
Алғашқы мемлекеттің құрылуындағы қайнар көздерін өз бетінше іздестіру. Берілген мәліметтерге анализ жасау, Әңгімелеу, қарама-қарсы сұрақ қою.
- таблица, диаграммаларды құрастыру.
Тарау бойынша білім алушыға мынадай біліктілік, іскерлік дағдылары қалыптастырылуы тиіс:
- ПӘННІҢ түсінігі, маңызы, кезеңдерге бөлу;
- басқа пәндермен байланысы;
- әскери демократияның түсінігі;
- алғашқы мемлекеттік одақтар, олардың ерекшелігі;
- алғашқы одақтармен мемлекеттердің құрылымын;
- әкімшілік басқаруын:
- билік органдарын;
- пәннің қайнар көздерін.

3 Тарау. Қазақ хандығының қоғамдық-саяси құрылысы.
З.і.тақырып. Алғашқы қазақ хандығының және қазақ елінің құрылуы
Қазақ елінің құрылуы. Алтын Орданың ыдырауына қазақ, елінің құрылуының әсері. Казақ хандығының кұрылуы.
Қазақ жүздерінің этникалық кұрылымы. Тұрғындарды тайпа және руға бөлу. Рулардың ұрандары, таңбалары.
Қазақ хандығының қоғамдық құрылысы. Ақсүйектердің құқықтық жағдайы. Хандар мен Сұлтандар. Феодалдардың құқыктық жағдайы. Би және байлар, батырлар. Қажы, имам, МОЛДАЛАР. Жай тұрғындардың құқықтық жағдайы. Шаруа, төлеңгіт, құлдар. Алым-салықтың және бағыныштылық жүйесі.
Жерді пайдаланудың феодалдық нысаны.
Қазақ хандығының саяси құрылысы. Ру-қазақ хандығының мемлекеттік құрылымының негізгі бірлігі. Ру қауымдастығы мүшелерінің құқығы мен міндеті. Хан билігі. Хан мемлекеттің әскери күш басшысы. Хан-жоғарғы сот. Қасым ханның билігі. "Қасым ханның қасқа жолы". "Есім ханның ескі жолы". XVII ғ-ғы реформалар.
Билер кеңесі. Қазақ біліктілерінің съезі.
3.2 тақырып. ХV-ХVШ ғ-ғы қазақтардың әдет-ғұрып құқығы
Қазақ әдет-ғұрып құқығы адат-дәстүрлердің заңдастырылу жиынтығы. Әдет-ғұрып құқығының мінездемелік белгілері, Әдет-ғұрып құқығындағы жариялылық пен адамгершілік.
Адаттың қайнар көздері . Алғашқы ірі құқықтық жинақ "Жеті Жарғы». "Жеті Жарғының" шығарылу мақсаты.
Жеке меншіктік қүқық. Міндетті құқық пен шарты. Рулық өзара көмек институты. |
Отбасылық құқық . Қазақтардың отбасылық құқығының қайнар көзі. Әйелдердің құқықтық жағдайы. Некеге тұрудың және бұзудың тәртібі. Көп әйел алушылық. Әмеңгерлік. Мұра
қалдыру тәртібі. Қылмыстық құқық. Қылмыс пен жаза туралы түсінік. Жазалау жүйесі, Құн және айып. Қылмыс түрлері: Жеке тұлғаға қарсы қылмыс. Мүліктік қылмыстар. Дінге қарсы қылмыс. Отбасы-некеге байланысты қылмыс. Сотқа қарсы қылмыс.
Сот және процесс. Қазақ қоғамындағы барымтаның рөлі.
Практикалық сабақтар:
- қазақ хандығының қоғамдық-саяси жағдайына анализ жасау.
- құқық ескерткіштері: "Қасым ханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы" мінездеме беру. Тәуке ханның "Жеті Жарғысы", оның негізгі бөліктері, нормалары.
Тарау бойынша білім алушыға мынадай біліктілік, іскерлік дағдылары қалыптастырылуы тиіс:
- ру ерекшелігін анықтау;
- қазақ қоғамының әлеуметтік-құқықтық жағдайын білу;
- сойырғал институтының құрамын;
- қазак хандығындағы рудың рөлі;
- қазақ хандығындағы ханның рөлі;
- билер кеңесінің негізгі міндеттері;
- қазақ біліктілерінің съезінің мақсаты;
- "Қасым ханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы" - заңи кодекстерінің сипаттамасын беру;
- "Жеті жарғының" негізгі мақсаттары;
- Қазақстанның мемелекет және құқық, тарихындағы "Жеті жарғының" ролі.
4 Тарау. Қазақстанның Ресейге қосылуы және оның мемлекеттік-кұқықка әсері
4.1.тақырып. Қазақстанның Ресейге қосылуы, оның мемлекеттік-құқықтық шарттары
Қазақстанның Ресейге қосылу шарты. Кіші жүздің қосылуы. Қазақ жүздеріндегі хан билігін шектеудің алғашқы нысандары. Игельстром реформасы.
1803 жылғы жұт. Қазақ мемлекеті Абылай хан тұсында. Бөкей хандығының құрылуы және Кіші Жүздің әкімшілікке бөлінуі. Орта және Кіші жүздегі хан билігін өзгерту және отарлау, басқару органын құру. "Сібір қырғыздары туралы жарғы" 1822 жыл. "Орынбор қырғыздары туралы жарғы" 1824 ж.
"Орынбор қазақтарын басқару ережесі" 1844 жыл. Қазақтардың құқықтық жағдайына өзгертулер енгізу. Басқарудағы билік органдары. Қазақтардың сот жүйесіндегі өзгертулері. Ресейге Ұлы жүздің қосылуы. Қазақстанның Ресейге қосылуының маңызы.

4.2.тақырып. ХІХ-ғас-ң 60-90 реформалар негізінде Қазақстанның құқығы және әкімшілік құрылысы
Ресей құрамындағы Қазақстанның құқыктық жағдайы. 1867-1868 жж. "Уақытша ережелерін" әзірлеу және қабылдау.
1867-68 жж. реформа негізіндегі әкімшілік-құқықтық жүйесі. Қазақстанның генерал-губернаторлықтарға бөлінуі.
Құқық және сот жүйесіндегі өзгерістер. Меншіктік құқық. Міндетті құқық. Отбасылық құқық. Қылмыстық құқық. Сот және процесс. 1885 ж. "Шар ережесі".
1891 ж. "Дала аймақтарын басқару ережесі".
1864 ж. "Сот реформасы туралы қысқа хат".
Халықтық демократияның құрылуы.
Практикалық сабактар:
Қазақстанның Ресейге қосылған кезеңін сипаттау.
Құқықтық-нормативтік актілерді сипаттау:
- "Уақытша ережесі";
- "Шар ережесі";
- "Дала аймақтарын басқару ережесі";
- "Сот реформасы туралы қысқа хат";
- "Сібір қырғыздарының жарғысы";
- "Орынбор қырғыздарының жарғысы".
Тарау бойынша білім алушыға мынадай біліктілік, іскерлік дағдылары қалыптастырылуы тиіс:
- Қазақстанның Ресейге қосылуының шарттары;
- Қазақстанның Ресейге қосылу кезеңдері;
- келссі құжаттардың мазмұньн білу: "Игельсльстром реформасы", "Сібір қырғыздары туралы жарғы", "Орынбор қырғыздары туралы жарғы", "Орынбор қазақтарын басқару ережесі", "Шар ережесі", "Уақытша ережелер", "Сот реформасы туралы жазба";
басқару және билік органдарын білу;
- құқық жүйесіндегі өзгерістерді білу.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.003 ]