Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Салық дегеніміз не

Салық дегеніміз – белгілі бір мерзімде және белгілі бір көлемде алынатын, заң бойынша қарастырылған міндетті төлемдер.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінде салықтардың меншікті салмағы 70 пайызын құрайды.
Қазақстан Республикасы Конститутциясының 35 – бабында « Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады » деп атап көрсетілген.

Қазақстан Республикасында салық жүйесі реформалаудың үш кезеңінен өтті:
Бірінші кезең – 1991 жылғы 9 шілдедегі Қазақ КСР Президентінің «Қаз КСР мемлекеттік салық қызметін құру туралы» Жарлығымен Қаз КСР – дің басты мемлекеттікжәне 27 жергілікті салық түрін қарастыратын салық жөніндегі заң актілер пакеті қабылданды.
Екінші кезең – 1995 жылғы 24 сәуірдегі «Бюджетке төленетін салық және басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақсатн Республикасы Президентінің Жарлығы өз қаржы жүйемізді құруға ықпал етті. Ең бастысы, салық төлеу жүйесі ықшамдалып, салық саны 45 – тен 11 – ге дейін қысқартылды. Қосылған құн салығы енгізілді.
Үшінші кезең – 2001 жылы 12 маусымда Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі қабылданып, ол 2002 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілді.
Салық кодексі қабылданғаннан бері бірнеше толықтырулар мен өзгерістер жасалды.
2006 жылдың 13 наурызында Астанада Конгресс – хол ғимаратында ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті басшылық құрамының Астана қаласының салық төлеушілерімен кездесуі болып өтті, соған сәйкес салық заңдарына төмендегідей өзгерістер енгізудің ұсынылатындығы туралы хабардар етті, соның ішінде:
• 2007 жылдан бастап қосылған құн салығының ставкасын 1 пайызға, ал 2008 – 2009 жылдарда тағы да 1-2 пайызға төмендету;
• 2007 жылдан бастап барлық жеке тұлғалар үшін табыс салығының 10 пайыздық бекітілген ставкасын енгізу;
• 2007 жылдың 1 қаңтарынан шағын бизнес субьектілері үшін салық салудың кемітілген бірыңғай салық ставкасын енгізу;
• 2008 жылдан бастап әлеуметтік салықты орта есеппен 30 пайызға төмендету және басқалар

Жиында сөз алған Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы Нұрлан Рахметов жыл сайын салық заңнамасына өзгертулер енгізу және жыл басында салық төлеушілермен кездесу өткізіп, бухгалтерлер мен қаржы қызметі басшыларына, кәсіпкерлерге сол өзгерістер жайында түсінік беріп отыру – Салық комитетінің жақсы дәстүріне айналғандығын атап өтті.



Жер салығы
Жер салығы 1992 жылы енгізілді.
Жер салығын енгізу мынандай мақсаттарды көздейді:
• Экономикалық әдістермен жерді ұтымды пайдалану;
• Тұлғаларды жерге орналастыру;
• Жердің құнарлығын арттыру;
• Жерді қорғау жөніндегі шараларды енгізу үшін төлемдер төлеу;
• Аумақтың әлеуметтік- мәдени дамуы үшін бюджет кірістерін қалыптастыру.
Жер салығы – жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті орган ір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердің мемлекеттік сандық және сапалық есебінің деректері негізінде меншік құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттарға сәйкес есептеледі.
Жер салығын төлеушілер:
1. жеке меншік құқығындағы салық салу обьектілері бар жеке және заңды тұлғалар;
2. тұрақты жер пайдалану құқығындағы салық салу обьектілері бар жеке және заңды тұлғалар;
3. бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу обьектілері бар жеке және заңды тұлғалар;
4. заңды тұлғалардың жоғары да белгіленген құқықтарда салық салынатын обьектілері бар құрылымдық бөлімшелер.
Жер салығын төлеу барлық жер иелері, жер пайдаланушылар, соның ішінде жалгерлер мен жер иелері үшін міндетті болып саналады.
Жер салығын есептеу мен төлеу үшін салық кезеңі – күнтізбелік жыл болып табылады. Жеке тұлғалар төлеуге жататын жер салығын есептеуді салық органдары тиісті салық ставкалары мен салық базасын негізге ала отырып, 1 тамыздан кешіктірілмейтін мерзімде жүргізеді.
Жердің мынадай санаттарына салық салынбайды:
• ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері
• орман қорының жерлері
• су қорының жерлері
• запастағы жерлер










Мүлік салығы
Мүлік салығы – Қазақстан Республикасының аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу обьектісі бар заңды тұлғалар төлейтін салық түрі.
Мүлік салығын төлеушілер:
1. ҚР аумағындаменшік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу обьектісі бар заңды тұлғалар.
2. ҚР аумағанда меншік құқығында салық салу обьектісі бар жеке кәсіпкерлер.
3. заңды тұлғаның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері.
4. ҚР резиденті емес заңды тұлғалар ҚР аумағында орналасқан салық салу обьектілері бойынша салық төлеушілер болып табылады.

Мүлік салығының ставкалары
1995 жылы 24 сәуірдегі «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың негізгі өндірістік және өндірістік емес қорларының құнына 0,5 пайыз ставка бойынша мүлік салығы салынған еді.

Мүлік салығы бойынша жеңілдіктер.
Мүлік салығын төлеушілерге бірнеше салық жеңілдіктері қарастырылған. Мысалы,
• Кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын мүлік бойынша – коммерциялық емес және бюджеттегі ұйымдар;
• өндірістік мақсатта және әлеуметтік салада пайдаланылатын мүлік бойынша – ҚР мүгедектерінің ерікті қоғамы, Қазақ зағиптар қоғамы, Қазақ саңыраулар қоғамы, Ақыл есі мен дене бітімінің кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу мен олардың еңбек ету қабілетін қалпына келтіру орталығы.
• Қазақстан Ұлттық банкі мен оның бөлімшелері.














Акциз салығы.
Жанама салықтардың бірі – акциз салығы.
Акциздер – бағаға қосылатын және сатып алушы төлейтін тауарларға салынатын салық, ол әмбебаптық және жеке- дара деп бөлінеді.
Әмбебаптық акциздер тауарлар мен қызметтердің құнына пайызбен жалпы айналымнан өндіріледі. Оларға сатудан алынатын, айналымнан алынатын салықтарды жатқызуға болады.
Жеке – дара акциздер ҚР аумағында өндірілген және ҚР аумағына импортталатын тауарлардың тізбесі және акцизделетін қызмет түрлері.
Акциз салығын төлеушлер:
1. ҚР аумағында акцизделетін тауарлар шығаратын жеке және заңды тұлғалар
2. акцизделген тауарларды ҚР кедендік аумағына импорттайтын жеке және заңды тұлғалар
3. ҚР аумағында бензиннің және дизель отынының көтерме, бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын жеке және заңды түлғалар
4. резидент емес заңды тұлғалар және олардың құрылымдық бөлімшелері.

Акцизге қатысты күнтізбелік ай – салық кезеңі болып табылады. Әрбір салық кезеңі аяқталған соң, салық кезеңінен кейінгі айдың 15 – нен кешіктірмей, салық төлеуші өзі тіркелген жері бойынша салық органдарына акциз жөніндегі декларация табыс етуге міндетті.
Акциз ставкалары
Акциз ставкаларын ҚР Үкіметі бекітеді және тауар құнына пайызбен және заттай нысандағы өлшем бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді.
Акцизделетін тауарлардың бүлінуі дегеніміз- тауардың барлық немесе жекелеген сапасының нашарлауы, соның салдарынан пайдалануға жарамай қалуы.

















Корпорациялық табыс салығы.
ҚР корпорациялық табыс салығы салықтардың ішіндегі ең күрделісі және салық сомасы жағынан ең ауқымдысы. Корпорациялық табыс салығы бюджет түсімдерінің 27,2 пайызын құрайды.
Корпорациялық табыс салығын төлеушілер:
1. ҚР резидент заңды түлғалары;
2. ҚР қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алатын резидент емес заңды түлғалар.
Корпорациялық табыс салығы бойынша салық салу обьектілеріне:
• Салық салынатын табыс
• Төлем көзінен салық салынатын табыс
• Резидент емес заңды түлғаның таза табысы.

Корпорациялық табыс салығының ставкалары
Сақтандыру ұйымы сақтандыру шарттары бойынша тіркелген аударымдар түрінде корпорациялық табыс салығын мынадай мөлшерде төлейді:
1. жинақтаушы сақтандыру бойынша – алынуға жататын сақтандыру сыйақылар сомасынан 2 пайыз.
2. жинақтаушы емес сақтандыру бойынша алынуға жататын сақтандыру сыйақылар сомасынан 4 пайыз
Сақтандыру ұйымдары салық кезеңі ішінде алуға жататын табыстарынан 30 пайыздық ставка бойынша корпорациялық табыс салығы салынуға тиіс.

Корпорациялық табыс салығы бойынша декларация
1. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі.
2. Салық кезеңі.
3. Салық төлеушінің атауы.
4. ЭҚЖЖ Үлес салмағы.
5. Декларация түрі.
6. Хабарламаның нөмірі мен күні.
7. Валюта коды.







Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]