Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Әлеуметтендіру педагогикасындағы ата-ананың тарихи орны

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті









Баяндама

Тақырыбы: Әлеуметтендіру педагогикасындағы
ата-ананың тарихи орны






Орындаған:
Педагогика және психология
факультетінің 2 курс 2топ
студенті: Дубирбаева Асем

Тексерген:
Иманбаева Сандуғаш






Алматы 2007



Әлеуметтендіру — ортаның дара түрге (индивид) ықпалы, оны қоғамдық өмірге араластыру, мәдениетті дарыту, әр түрлі әлеуметтік қызмет атқаруға бейімдеу, ұжымдық мінез-құлық қалыптастыру. Қазақта мұны «қатарға қосу» дейді. Өткен тарихи дәуірге үңілетін болсақ, бұл ойын, еңбек, әртүрлі салт-жолалғыларды балалардың орындауы барысында іске асырылған. Бұл міндетті кейін келе отбасы орындады, Қоғамдық –экономикалық қарым-қатынастардың дамуы, еңбек процестерінің бөлінуіне байланысты әлеуметтендіру міндетін орындайтын арнайы мекемелер пайда болды. Бұл мектеп және басқа да оқу-тәрбие мекемелері болатын. Ғылыи-техника, өндірістің дамуына байланысты қоғамдық әлеуметтендіру мекеелерінің маңызы арта түсті.
Әртүрлі тарихи дәуірлер мен кезеңдерде қоғамдық жаңғыруларға байланысты тәрбиенің мақсаты мен кезеңдерде қоғамның адамның табиғаты мен мүмкіндіктеріне көзқарасына байланысты белгіленіп отырады. Осыған орай баланың бейнесі былайша мөлшерленеді: табиғатынан не нәрсеге бейімделеді; қандай адам болып шығуы беймәлім, тумысынан күмәнді. Әлеуметтанушы, этнограф Л. Стоун мұны мынадай сипатта қарастырады: дін тұрғысынан — адам туған күнінен бастап күнаға бейімді, сондықтан оның еркі мен нәпсіін тиып отыру; әлеуметік – педагогикалық тұрғыдан — адам туған кезден ешнәрсеге бейімді емес, ақ қағаз секілді, сондықтан қалай тәрбиелесең, сондай болып шығады; табиғи келіп-шығуына байланысты – адамның мүмкіндіктері мен мінезі тумай жатып-ақ пайда болады. Бұдан басқа әлеуметтендіру процесіне этникалық, қатпарлық, отбасылық салт-дәстүрлердің ықпалы мол. Бұл ретте ол баланың дене күтімінен бастап қоғамдық өмірге араласыруға дейін әлеуметтендірудің барлық құралдары мен тәсілдерін қамтиды.
Дүниеге келген орта — аймаққа байланысты бала күтімінің этникалық, ұлттық ерекшеліктері де бар. Бұны белгілі бір ұлтқа жататын отбасылардың бала күтімінен байқаймыз, мысалы, бесікке салу, ти көйлек кигізу т.б сол секілді.
Этникалық тегі, әлеуметтік ахуалы, табиғи, әлуметтік ортаға қарамастан барлық жерде отбасындағы әлеуметтендіру мыналарды көздейді: өз бетімен бір істі басқарып кетуге үйрету, жауапкершілікті, еркін қимылдайтын, не болмаса «айтқанды екі етпейтін», тілалғыш етіп тәрбиелеу.
Әлеуметтендірудің кейбір жағдайларына халықтың күн көру үрдісі ықпал еткен. Өмірінің көбі ат үстінде, үй бетін көрмей мал бағумен өтетін әр трлі ахуалдарды жеңе білуге, қиын-қыстау жағдайлардың шешімін өзі табуға мән берілген. Әлеуметтендіру жағдайларына ондай-ақ отбасы өмір сүрген әлеуметтік орта мен отбасы құрылымы, шаруашылығын ықпалы күшті болған. Тағы да сол Л. Стоун зерттеуіне қарағанда Еуропада орта ғасырда баланы ұзақ емізген, 4 айға дейін қатты таңып тастаған, дәрет сындыруды көпке дейін үйретпеген. Байлаудан алдымен қолын, одан соң көп уақыттан кейін аяғын босатқан. Бұл үрдіс қазақ арасында әлі де бар. Бесіктегі баланың алдымен қолын, одан соң аяғын босатып қояды. Бірақ бесік баланы әуелбастан –ақ тазалыққа әдеттендірген. Еуропада қыздар мүсінді болып өссін деп көйлек кигізген, ал қл бала еркімен жіберсе бұзылады деп басып ұстаған. Кейін келе, баланы қатал тәртіпте ұстаудан бас тартып, есейген сайын өз еркіне қою орныға бастады. Осыладың барлығында ата-ананың өз орны болғанымен, әртүрл қоғамда ол әр қалай деңгейде болды. Мәселен, алғашқы қауымда бала ру, тайпа тән болып, онда көпшіліктің ықпалымен, жалпы ортада тәрбиеленді. Одан отбасы институты қалыптасуымен баланы ата-ана тәрбиесінде қалдырды. Бірақ, оқу-жазу, ғылым –білімнің, экономикалық, әлеуметтік қарым-қатынастың кеңейіп дамуы баланы отбасынан бөліп алып арнай тәрбиешілерге беру қажеттігін туғызды.
Енді бала ата-ана үлгісінен аулақтатылып бір ғана тәрбиешілер мен өзі қатарлы құрбыларының ықпалында болды. Алайда, ата-ана балаы әлеуметтендірудегі басты ықпалында болды. Алайда, ата-ана баланы әлеуметтендірудегі басты орынды иеленуі қажет екенін өмір өзі дәлелдеді. Сонымен, ұстаз тәбиесі мен ата-ана тәбиесін ұштастыру, оларды тиімді ұйымдастыру жолдарын қарастыру — қоғамның талабына айналды.
Әлеуметтану ғылымы отбасын тұтас қоғамдық организмнің бөлігі, әлеуметтік тәрбие беретін ұым ретінде қарастырады. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық салада орын алған өзгерістерді міндетті түрде отбасының өмірінен көрініс табады. Ата –аналар міндетіндегі отбасылық тәрбие — балалардың тән-дене және рухани сапаларын қалыптастыру бағытындағы саналы да парасатты істерге негізделген үздіксіз жетіліп беруші процесс. Әрбір әке мен кез келген ана өз перзертіне болашақта қай сапа –қасиеттерді баулу керектігін жете білгені жөн. Ауылдық және қалаллық отбасы дамуындағы ерекшелік олардың әлеуметтік жағайына байланысты болмақ. Смысалы, ауылды жердегі бала ауылдастарының ұқатаң бақылауында болады. Бұл бір жағынан жағымды құбылыс болғанымен, екінші жағынан бұндай әлеуметтік бақылау шектеушілік сипатымен тұлғаның еркін дамуына кедергі болады.Ал қалаларда бұндай бақылауға мүлде орын жоқ.
Отбасында баланы тәрбиелеудің тарихи тәжірибелеріне байланысты ой-пікірлер ауыз әдебиетінде орын алып, негізгі қағидаға айналды. Ата-аналар «Ұяда нені көрсе, ұшқанда соны алады», «Ана көрген тон пішер, ата көрген оқ жонар» т.б. қағидаларды ұстанды. Хандық дәуір, одан кейін өңкеріске дейінгі кезде бала тәрбиесіне ата-ананың әлеуметтік жай-күйінің әсер мол болды. Мұнда, әл-ауқатты отбасыларында, әсіресе, ел басқаруға араласқан адамдар өз балаларын байсалды, сезімін сыртқа шығармай басқара білу, өзін ұстау, салмақты болуға баулыса, жалшы-жұмысшылар тіл алғыш, тапсырған істі ұқыпты орындауға, сөз қайтармауға тәрбиеледі. Ал, мектеп, медресселерде тиым салу, сабақ білмесе ұрып оқыту қатаң тәртіпке дағдыландыру, әлеуметтік ортаға бейімдеудің басты тәсілі болғаны белгілі. Бұлардың барлығы өсіп келе жатқан жас ұрпақты әлеуметтендірудің сол кездегі әдістері болатын. Баланы әлеуметтендіруде оның жас ерекшеліктері ескерілген; баланың жасы неғұрлым кіші болса, ол соғұрлым еркін тәрбиеленген, мұнда «бала үйдің падишасы» деген тұжырым ескеріліп, ата-анасы оны еркелетіп өсірген. Бала есейген сайын ата-ананың міндеті де күрделене түседі. Қазақ халқы қашан да бала тәрбиесіне оның ата-анасы жауапты деп санаған. Сонымен әлнуметтендіруде басты тұлға — оның ата-анасы болып есептеледі.
Өткен тарихи дәуірге үңілеті болсақ, хандар, падишалар өз балаларын өздері тәрбиелемей, туған отбасынан бөліп алып тәрбиелуге басқа, дұрыс тәрбие бере алады-ау деген отбасына өткізіп берген. Оының барлығы ата-ананың өз ұрпағы – балаға деген жауапкершілігін әлсіреткен. Қоғамдық даму, әлеуметтік ортаның күрделенуі, экономикалық ахуалдар барлық баланы түелдей мемлекет қарауында тәрбиелуді тиімді ұйымдастыру бір тұсй ата-аналар мойнына жүктеледі.
Ұрпақтың жүріс-тұрысы, мінез-құлқы, психикасының ерекшеліктерінің генетикалық бастауы ата-ана болып, баланың биологялық өмірі оларға тікелей байланысты. Әке — отбасының қорғаны, басқарушысы, бағып-қағып материалдық жақтан қамсыздандырушы. Ежелден әке отбасындағы ұл бала тәрбиесіне, ана қыз бала тәрбиесіне жауапкер болып келген. Қазіргі қоғамда әйелдің басты міндеті — ана болу және баланы бағып күту. Сол себепті жас ұрпақты әлеуметтендіруде әкеден гөрі ананың ролі басымырақ.
Қоғамның дамуына байланысты шаңырақ иесі әке болғанымен отбасының сақтаушысы ана, ал қазігі күні барлық міндетті түгел аналар өз мойнына алып отыр. Өйткені олар бала өмірі, болашағы үшін өздерінің жауапкершілігін терең сезінеді.























Қолданылған әдебиеттер
«Ақиқат» №8 тамыз 2003
Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова «Педагогика» Алматы 2004

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]