Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

ДИПЛОМДЫҚ ІС – ТӘЖІРИБЕНІҢ МАЗМҰНЫ

. ДИПЛОМДЫҚ ІС – ТӘЖІРИБЕНІҢ МАЗМҰНЫ

Мен Баубекова Лаура өндірістік іс-тәжірибемді №114 Т.Бегманова орта мектебінде 02.02.2009-01.03.2009 күндері аралығында өткіздім. Іс-тәжірибені осы мекмеде өткізу үшін біріншіден міндетті түрде техникалық қауіпсіздік ережесін білу қажет болды. Сондықтан алғаш күндері техника қауіпсіздік ережесі өткізілді. Сол сабақ өткізіліп болғаннан соң өзіміздің пәнімізге тиісті тапсырмалар берілді.

03.02.09.-05.02.09. Алғашқы күндері жалпы мектептің бөлімдерімен және ондағы қызметкерлермен, жұмыс барысы және тәртібімен сонымен қатар мектеп тарихымен кеңірек танысу күндері болды. Менің мектеп тарихымен танысуым өте қызықты болды. Өйткені мектептің алғашқы құрылуынан қазіргі кезге дейінгі мәліметті толық білдім деуге болады. Жалпы мекеме туралы ақпарат жоғарыда кеңірек айтылады.
Менің іс – тәжірибемнің басталған күнінен бастап жұмыс барысында араласатын қызметкерлермен бір сыпыра танысып болғаннан соң, ең негізгі жұмыс өзімнің іс- тәжірибем өтетін бөліммен, яғни ондағы қызметкерлермен (менің екі жарым апталық әріптестерім) және буғалтерлік кабинетпен танысу болды. Олар маған жұмыстың қалай жасалуын, жұмыстың мақсатын толық түсіндірді және маған жұмыс жасау үшін жеке компьютер бөліп берді. Мұндағы қызметкерлердің негізгі жұмысының мақсаты. Жұмысқа орналасуға келгендерді күзетшілік қызметіне орналастыру. Оларды өздерінің атқаратын қызметімен, жауапкершілігімен, жалпы жұмыстың ережелерімен таныстыру. Мұндағы қызметкерлердің әрқайсысына жоғарғы жұмыстар бөлінген.

06.02.09.-07.02.09. Техникалық қауіпсіздік пен өрт сөндіру ережелерімен танысу күндері болды. Яғни бұл күндері техникалық қауіпсіздік ережелеріне сай, алғашқы көмек көрсете білу мақсатына арнайы екі сағат бөлінді және алғашқы өрт сөндіру кезінде қолданылатын жабдықтардың орнын көрсетіп шықты. Жалпы мекеменің техникалық қауыпсіздігі өрт сөндіруге қарсы алғашқы кезде қолданатын жабдықтармен жабдықталған. Оны мекеме ішіне кірген кезде байқауға болады. Жабдықтар қазіргі заман талабына сай, жоғары деңгейлі болып келеді. Мекемедегі әр қызметкер немесе іс – тәжірибеші ондай келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін, келесі техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау керек:
1. Есептеуіш техника бөлмесінде әрбір студент қауіпсіздік техникасының ережесін қатаң тәртіпте орындау керек.
2. Электрлік тоқпен зақымдалған студентке әрбір студент бірінші көмек көрсете білу керек
 Электр тоғымен зақымдалған кезде тезірек тоқты өшіріп, зақымдалған адамды сымнан босату керек.
 Егер демалысы тоқтап қалған болса , онда дәрігер шақырып жасанды тыныс алу жәрдемін көрсету керек.Ол минутына 16-18 рет бір қалыпты өту керек және қашан тыныс пайда болғанша жасау керек.
1. Өрт сөндіретін қүралдармен әрбір студент жүмыс істей алу керек.
2. Өрт болған кезде студенттер эвакуация жолдарын білу керек.
3. Студенттер ЭЕМ сым өткізгіштеріне рүқсатсыз тимеу керек.
4. Суланған қол , ылғал киіммен ЭЕМ-мен жүмыс істеуге болмайды.
5. Зақымдалған сым дүрыс істемей түрған есептеуіш техникасының қүралдарымен жүмыс істеуге болмайды.
6. ЭЕМ-мен жүмыс істеу барысында қолайсыз иіс, дыбыс немесе түтінделген сым байқалған болса ЭЕМ-ді өшіріп мүғалімге хабарлау керек.
7. ЭЕМ-ді іске қосып ескерусіз қалдыруға бөлме ішінде жүріп жолдастарының назарын аударуға болмайды.
8. ЭЕМ-нің үстіне кітап, дәптер , киімдер тағы басқа заттарды қоюға болмайды.
9. ЭЕМ-мен жүмыс істеп жатқанда сырттан кірген кісілерге түрудың қажеті жоқ.
10. ЭЕМ бөлмесіне рүқсатсыз кіруге болмайды.

10.02.09.-12.02.09. Күндер аралықтары мекеменің жоғары технологияларымен яғни компьютерлерімен және оның жабдықтарымен танысу күндері болды.Мектепте жоғары технологиялар маңызды және ең қажетті жабдықтардың бірі болып табылады, өйткені жұмыс барысы соны талап етеді. Әсіресе жоғары деңгейлі компьютерлер мен оның көптеген қосымша қосалқы бөлшектері(принтердің, сканердің, модем т.с.с соңғы үлгілері) үлкен рөл атқарады. мектептің ЭЕМ құрылғыларының саны: 2 манитор, 2 пернетақта, 2 тышқан тетігі, 2 жүйелік блок, 1 принтер, 1 сканер.
Компьютер жүйесінде түрлі офистік бағдарламалар мен арнайы қызмет атқаратын бағдарламалары бар.

13.02.09.-14.02.09. Аралықтары жалпы мектептің компьютерлік бағдарламаларымен танысу күндері болды. Мұнда қазіргі заман талабына сай компьютерлік бағдарламалары, бағдарламалық жабдықтары, түрлі компьютерлік жабдықтар мен банктік бағдарламалармен қамтылған. Осы бағдарламалардың көмегімен күзетшілердің тиісті айлығын есептеп оларды банк көмегімен тиісті орнына аудару жұмыстарымен айналыстым.

17.02.09.-19.02. Күндер ішінде мектептің жұмыс бастаған кезінен қарап бітіріп кеткен түлектердің орташа білімін архивтен қарап шықтым. Архивтен алған мәліметтерді компьютерге салып әр-бір жылға қортынды шығардым.

20.02.09.-21.02.09. Күндер аралығында осы мектептің ЭЕМ –да орнатылған бағдарламалармен әсіресе көп жұмыс жасайтыны SCSELL –де жұмыс жасадым. Сонымен бірге жұмысшылардың зейнетақы қорына аударатын 10% айлығын есептеумен таныстым. Соңғы күні осыған дейін танысып, жұмыс жасаған бағдарламаларымды қайтадан қарап шықтым, себебі мен оқитын жеріме барғанда менен есеп беруді сұрайды.

21.02.09.-28.02.09.Күндер барысында дипломдық жұмыс тақырыбы бойынша бағдарламалық жүйесінің сипаттамаларын компьютерде жаздым. Атқарылған жұмыстарды қортындылап тқарылған жұмыстарды қортындылап MS WORD ортасында есеп дайындадым.

Скачать работу







Скачать работу
Создание сайта - студия Riskk.kz
Sachok.kz © [ 0.001 ]