Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Бастауыш сыныпта сөйлемді оқыту жолдары

II Бастауыш сыныпта сөйлемді оқыту жолдары
Сөйлемнің негізгі белгілері әңгіме әдісімен төмендегіше түсіндіріледі.
а) Жаңа материалдарды түсіндіру үшін алдымен мұғалім оқушылардан мына сұрақтарға жауап алады.
- Балалар, мен бір нәрсе туралы ойлап тұрмын. Мен оны
айтпасам, сендер менің ойымды түсінесіңдер ме?
- Жоқ түсінбейміз. .
- Ол ойымды мен не арқылы айтамын?
- Сөйлем арқылы айтасыз.
- Дұрыс айттыңдар. Адамдар бір-бірімен сөйлескенде, бір нәрсе
туралы сұрағанда, ойын не арқылы білдіреді екен?
- Адамдар сөйлескенде өз ойын сөйлемдермен айтады.
- Сонымен, сөйлем нені білдіреді?
- Сөйлем ойды білдіреді.
б) Содан соң тақтадағы: Балалар алма ағашын отырғызды. Алма ағашы өсті. Ол жеміс берді, - тәрізді сөйлемдерді оқушыларға оқытып, тестегі сөйлем санын, әр сөйлемдегі сөз санын оқушыларға анықтатады. Төмендегі сұрақтардың көмегімен сөйлемнің негізгі белгілерін танытуға болады.
- Балалар, осы сөйлемдегі сөздер бірге жазылған ба, әлде бөлек
жазылған ба?
- Сөйлемде сөздер бөлек-бөлек жазылған.
- Тақтадағы әр сөйлем қандай әріппен басталған?
- Сөйлемдер бас әріппен басталған.
- Оларды неге бас әріппен бастап жаздық?
- Сөйлемнің басталғанын білдіру үшін, сөйлемді бас әріппен
бастадық.
- Дұрыс, осы сөйлемдердің соңынан неге нүкте қойып отырмыз?
- Сөйлемнің аяқталғын білдіру үшін соңына нүкте қойдық.
- Енді осы сөйлемдерде қандай ой айтылғанын
байқаңдар, - деп мұғалім әр сөйлемнің мазмұнын оқушыларға
айтқызады. Балалар алма ағашын... Балалар алма ағашын
отырғызды деген сөйлемдердің мағыналық айырмашылықтарын
салыстыра отырып, әр сөйлемнің бірінші сөзі қандай әріппен
басталғанын, аяқталмаған ой мен аяқталған ойдың өзгешелігін,
сөйлемнің аяқталған ойды білдіретінін баяндау әдісімен
түсіндіреді.
в) Оқушылардың сөйлем жайындағы ұғымы тиянақты болуы үшін, оқушылардан мектеп өмірі немесе үй тұрмысы, жолдастары т.б. жайында өз ойларын сөйлеммен айтып беру талап етіледі. Оқушылар бірнеше сөйлем айтады. Сөйлемнің ережесін 2-3 рет хормен айтады.
г) Оқушылардың осы сабақта алған білімдерін бекіту үшін, шағын
бір текстті алдымен мұғалім, содан соң оқушылар мәнерлеп оқиды.
ғ) Берілген сурет бойынша творчестволық жұмыс жүргізіледі. Мұз айдынында коньки теуіп жүрген балалар бейнелеген сурет ұсынылады.
д) Оқушылар мұғалімнің басшылығымен сөйлемдер айтады.
Құрастырған сөйлемдерін тақтаға жазады, түсына сөз санын көрсетеді,
сөйлемнің жазылу емлесін түсіндіреді. Оқушылардың жазған
сөйлемдерінен шағын текст шығады. Текстке тақырып қойылады.

Текст шамамен мынадай болады:
Қыс мезгілі
Қыс түсті. Күн суытты. Жерде қар жатыр. Өзенде су қатқан. Балалар мұз айдынында коньки теуіп жүр.
Келесі сабақта адам ойының жеке сөйлеммен де, шағын әңгімемен де, көп сөзбен де айтуға болатыны баяндау әдісімен түсіндіріледі.
Ол үшін алдымен творчестволық жұмыс орындалады.
Оқушылар берілген сөздерден сөйлем құрайды.
1. өте, ауаның, таза, зор, мәні;
2. ауамен, біз, дем, таза, аламыз;
3. ауа, денсаулыққа, таза, пайдалы, өте;
4. үйдің, таза, ауасын, әр уақытта, сақтаңдар;
5. жиі, терезе, түрыңдар, ашып,
6. отырыңдар, жаңартып, ауаны.
Мұғалім берілген сөздерден оқушыларға ауызша сөйлем құратады. Сөйлемдерден шағын әңгіме шығатындығы оқушыларға аңғартылады. Әңгімеге тақырып қойылады. Оқушылар: «Денсаулықты сақтаңдар», «Таза ауа», «Ауаның пайдасы» деген тақырыптарды атайды.
Осындай дайындық жұмысынан соң оқушылар «Ауаның пайдасы» деген тақырыпта шағын әңгіме жазады.
Ауаның пайдасы
Таза ауаның мәні өте зор. Біз таза ауамен дем аламыз. Таза ауа денсаулыққа пайдалы. Үйдің ауасын әр уақытта таза сақтаңдар. Терезені жиі ашып тұрыңдар. Ауаны жаңартып отырыңдар.
Оқушылар жазғандарын оқиды. Текстегі сөйлем саны, әр сөйлемде кандай ой айтылғанын, сөйлемдерді қалай жазғанын айтады.
Содан соң текстегі сөйлемдердің негізгі мағынасы
жоғалмайтындай етіп, әр сөйлемнен тиісті сөзді алып тастап, негізгі ойдың сақтаған-сақталмағанын байқау үшін оқушыларға төмендегідей сұрақтар қойылады.
- Балалар, бірінші сөйлемде қандай ой айтылған?
- Ауаның мәні зор екені айтылған.
- Таза ауаның мәні ор деген сөйлемдегі кейбір сөздерді алып
тастасақ, сөйлем түсінікті бола ма екен, соны байқаңдар, - дейді
де, мұғалім сөйлемдердегі сөз санын азайтып отырады.
Үлгі:
- Ауаның мәні өте зор. Сөйлем түсінікті ме?
- Түсінікті.
- Ауаның мәні зор, - десек ше?
- Онда да түсінікті.
- Ауаның зор, мәні зор, - десек сөйлемді түсінесіңдер ме?
- Жоқ түсінбейміз.
- Балалар, бұл сөздердің тобы белгілі ойды білдіріп түрған жоқ.
Ендеше бұлар сөйлем бола ала ма?
- Жоқ, сөйлем бола алмайды.
Сөйтіп бұл сұрақтар оқушылардың сөйлем бола алатын сөздердің тобы мен сөйлем бола алмайтын сөздер тобының (сөз тіркестерінің) мағыналық ерекшеліктерін байқауымен мүмкіндік береді.
Осылайша мұғалім балалардың ойын түсіндірілуге тиісті материалдың мазмұнына сай белгілі бір жүйеге келтіріп алған соң, баяндау әдісімен таза ауаның мәні өте зор. Ауаның мәні өте зор. Ауаның мәні зор деген сөйлемдерде негізінен бір-ақ ой айтылып тұрғанын, яғни бір ойды бір сөзбен де, көп сөзбен де айтуға болатынын, ал ауаның зор, мәні зор деген сөздер жеке тұрғанда белгілі бір ойды білдірмегендіктен, сөйлем бола алмайтынын түсіндіреді.
Сұраулы сөйлем
Сенің атың кім? Сен оқисың ба? Мектептерің үлкен бе? Кластарыңда неше оқушы бар?
Сұраулы сөйлемде сұрақ мағынасын білдіретін сөздердің болатындығын, аяқталған сөйлем мен аяқталмаған сөйлемдердің мағынасын салыстыру арқылы танылады.
Үглі:
- Сенің атың... десек сөйлем аяқталды ма?
- Сөйлем аяқталған жоқ.
- Сұраулы сөйлем болуы үшін осы сөйлемде қалай айтамыз
- Сенің атың кім? — деп айтамыз.
- Сонда сұрақ мағынасын білдіріп тұрған сөз қайсысы?
- Сұрақтың магыиасын білдіріп түрған сөз - кім?
Осылайша хабарлы сөйлем мен сұраулы сөйлемнің мағыналық айырмашылығын салыстырып, ондай айырмышылықтың болу себебі айтылады.
Сұраулы сөйлемге мынадай ереже беріледі: «Сұраулы сөйлем жауап алу мақсатымен айтылады. Сұраулы сөйлемнің соңына сұрақ белгісі қойылады».
Сұраулы сөйлем жасайтын негізгі тұлға - қандай?, қайда? т.б. сұрақ мағынасын білдіретін сөздер екені түсіндіріледі. Сонымен қатар оқушы хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырады, оны сұраулы сөйлемге қалай айналдырғандарын айтады. Сұраулы сөйлемнің ма, ме, ба, бе, па, пе сияқты сұраулы сөздермен (сұраулы шылаумен) жасалуы да осы тәртіппен түсіндіріледі.
Сұраулы сөйлемнің жасалуын түсіндіру үшін мына таблица пайдаланылады.


Сұраулы сөйлемнің жасалуы
Сұраулы сөйлемдер Сұрақ мағынасын білдіретін сөздер
Сен қайда түрасың? Егін қандай өнім береді? Егінді немен орады? Астықты неше машинамен тасыды? қайда? қандай? немен? неше?

Егін өнім береді. Бұл қандай сөйлем? Хабарлы сөйлем.
Егін қандай өнім береді? - десек ше? Сұраулы сөйлем.
Сұраулы сөйлем қалай жасалады?
- Хабарлы сөйлемге қандай? деген сұрақты қосқанда сұраулы сөйлем жасалады, - деп әңгіме әдісімен талдау жүргізеді. Лепті сөйлемнің мағынасын таныту үшін мұғалім оқушыларға таблицадағы сөйлемдерді оқытады, содан соң олардың байқағанын өз жинақтап, лепті сөйлемнің бұйрықты, қуанғанды, ренжігенді т.б. білдіретінін, оның көтеріңкі дауыспен айтылатынын, соңына лепті белгісі қойылатынын түсіндіреді.

Лепті сөйлем
Лепті сөйлемнің Мысалдар
мағынасы
Бұйрық Отанды сүйер ұлан
болыңдар!
Қуану Отаным қандай тамаша!
Ренжу Қап, дәптерімді қалдырып
қойыппын -ау!
¥ран Көркейе бер, сүйікті Отаным!

Таблица тақтаға ілініп, ондағы сөйлемдер түсіндірілгенен кейін, «Лепті сөйлемдер кісінің көңіл-күйін, сезімін білдіреді, олар көтеріңкі дауыспен айтылады, лепті сөйлемнен соң лепті белгісі қойылады», - деген ережені 3-4 оқушы оқулықтан оқып береді.

III Сөйлемдегі сөздердің байланысын оқыту
2-класта сөйлемдегі сөздердің байланысын өткенге дейін оқушыларда мынадай практикалық дағдылар болады:
1. орны ауыстырылып берген сөздерді өз орындарына қойып, сөйлем құрай алады;
2. сөйлемдегі сөздерді байланыстыру үшін, оларға қосымшалар жалғанатынын біледі;
3. сөйлемдегі сөздерге сұрақты дұрыс қоюдың тәртібін үйретеді.
4. сұрақ арқылы сөйлемдегі өзара байланысып тұрған сөздерді табуға болатындығы жайында түсінігі болады.
2-класта оқушылардың сөйлемдегі сөздердің байланысы жайында программалы

Скачать работу







Скачать работу
Создание сайта - студия Riskk.kz
Sachok.kz © [ 0.001 ]