Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

ОРМАН – ЕЛ ДӘУЛЕТІ, ЖЕР СӘУЛЕТІ

ОРМАН – ЕЛ ДӘУЛЕТІ, ЖЕР СӘУЛЕТІ

Адам денсаулығы көбіне қоршаған ортадағы экологиялық ахуалға байланысты. Ал, оны жақсартатын жасыл желек екені даусыз. Орманшы қауымының басым бөлігі ауылдарда тұрғанымен жұмыс орындары тау қойнауында, орман мен өзен бойында, көл жағалауында болатыны заңдылық. Осы екі аралықтағы жолды есептемегенде әр орманшы өз қарамағындағы жүздеген, тіпті мыңдаған гектар жер телімдерін бақылауына тура келеді. Оны қорғау мен күту уақытты, қаражатты қажет ететіні анық.
Орманшының жұмыс орнында, орманшы үйінде тұруының тиімділігі оған төрт түлік ұстап, құс өсіруіне, омарта ұстауына мүмкіндік береді. Осылайша алтын уақытты үнемдеп, әл-ауқатын жақсартуына мүмкіндік туса, тағы бір қыры қызметтік тұрғын үймен қамтылғаны. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында: “Дамудың қазіргі кезеңінде адам факторы айқындаушы фактор болып табылады” деп атап көрсетілсе, оны қолдау, жүзеге асыру, жас мамандарға кәсіби білім беру, жоғары және арнайы оқу орындарында оқыту міндетін алға қояды. Осы орайда жұмысымыз жүйеге түскенімен алдағы уақытта іске асыратын жоспарлар да жетерлік. Бастысы жас ұрпақты, табиғатты қорғауға, сүюге, өсіруге баулу бүгінгі басты міндет екенін түсінудеміз.
Ел Үкіметінің 2002 жылғы қарашадағы қаулысына сәйкес, 2003 жылы 23 қаңтардағы Алматы облысы әкімінің өкімімен Алматы облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы 17 орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерімен бірге облыс әкімінің коммуналдық меншігіне қабылданған. Қазіргі кезде облыс аумағында 4 млн. 277 мың гектар орман қоры бар болса, оның 1 млн. 670 мың гектарын орман алқабы көмкерген.
Орман шаруашылығы 2001-2004 жылдар аралығында реформаланып, екі салаға бөлінген. Оның ішінде орманды күзету, қорғау жұмыстарын орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері атқаруда. Сол кезде мекемелерде ескі автокөліктер, мініс аттары, орманшы үйлері мен кеңселер ғана қалған еді. Орманды молықтыру, күтіп-баптау, тұқымбақтарда егілімдер, көшеттер өсіру, басқа да орман шаруашылығы міндеттерін атқару республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың құзырына беріліп, материалдық-техникалық база, оның ішінде ағаш өңдеу, шырын шығару, ағаш кесетін цехтар, станоктар, ағаш тасымалдайтын автомәшинелер, тракторлар, тағы басқа ауыл шаруашылығы техникалары солардың меншігіне өткен еді.
Дегенмен, кәсіпорын қызметкерлері өз жұмысына жауапкершілікпен қарамай, жеке бастарының пайдасын ойлауларының салдарынан орман шаруашылығының жағдайы құлдырап, 4 жылдың ішінде олардың материалдық-техникалық базасы талан-таражға түскенін айтпай кетуге болмас. Басқарманы коммуналдық меншікке беру арқылы жергілікті атқарушы органдардың орман және аң шаруашылығы саласын жақсарту шараларын тиімді жүргізу, қаржы мәселесін дер кезінде шешу қажеттігі күн тәртібіне қойылды.
Талап пен талғам арасындағы жанды байланыс нәтижесінде соңғы жылдары орманды күтіп-баптау, молықтыру жұмыстарының сапасы артса, тұқымбақтар іске қосылып, бұрын тұқымбақтары болмаған мекемелерде жаңадан тұқымбақтар ашылды. Дала, тау өрттерінің саны, заңсыз ағаш кесу, орман заңдылығын бұзушылық жылма-жыл кеміп, мамандардың жауапкершілігі жақсарды. Мекемелердің материалдық-техникалық базасы жаңартылып, 2005-2007 жылдар аралығында әрқайсысы 7-8 млн. теңге тұратын 6 өртсөндіргіш, 40 патрульдік автокөлік, 18 трактор, 231 рация, 38 мініс аттары мен өрт сөндіретін құрал-жабдықтар алынды. Ағымдағы жылы материалдық-техникалық базаны нығайтуға бағытталған шаралар кеңінен өрістетілуде.
Қоғамдағы жаңалыққа үн қосу, оны жұмыста жүйелі пайдаланудың маңыздылығын көріп келеміз. Мәселен, Талдықорған, Алакөл, Үйгентас, Жаркент орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің орман қорын орналастыру жұмыстарын “Қазлеспроект” кәсіпорны жүргізіп, 10 жылдық жоба жасалынса, Кеген, Қаскелең мемлекеттік мекемелерінің тұқымбақтарында су жүйелері жаңартылғанын да жаңаға деген бетбұрыс деуге болады.
Еліміз бойынша алғашқылардың қатарында 17 орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі орман қоры аумағын пайдалану құқығына ие болып, заң талабына сай мемлекеттік құжат алды. Соңғы жылдары 17300 гектар жердегі алма бақтары мен өзге де ағаштарды зиянкестерден қорғау мақсатында химиялық өңдеу жүргізіліп, Талдықорған, Алакөл, Лепсі, Жаркент, Сарқан орман қорлары аумағындағы ағаш зиянкестері толығымен жойылды деуге болады. Алманың атасы – жабайы Сиверс алмасының тұқымы сақталып, бүгінде жайқала өсіп, жеміс беруде.
Бюджеттен бөлінген қаражаттан басқа, орманшылар Орман кодексінің 109-бабының 3-тармағына сәйкес, ақылы қызмет көрсету арқылы, арнайы есеп-шот ашылып, елді мекендерді көгалдандыру үшін көшеттер өсіру, халықты отынмен қамтамасыз ету есебінен де қаржы табуға талпынуда. Нәтижесінде өткен мерзімде мекемелердің арнайы есеп-шоттарына 186,5 млн. теңге түсіп, қаражат ормандарды күзетуге, қорғауға, молайтуға және орман өсіруге, мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға жұмсалды. Кадрларды тұрақтандыру мақсатында Қазақ ұлттық аграрлық университетіне, Шығыс Қазақстандағы Риддер аграрлық колледжінің сырттай оқу бөліміне соңғы екі жылда 96 адам түсіп, білімдерін ұштауда. Ал ағымдағы жылы 45 орманшыны оқыту жоспарланса, кадрларды іріктеуге, тұрақтандыруға да баса назар аударылуда.
Орман ресурстарын қысқа мерзімге (10 жылға) және ұзақ мерзімге (49 жылға) пайдалануға берудегі мақсат – орманды қорғауды күшейту, орман заңдылығын бұзушылыққа жол бермеу, орман ресурстарын пайдаланушылардың жауапкершіліктерін арттыру болып табылады. “Орманшы үйі” бағдарламасы оны күтушілердің өздері қарайтын айналымдарда тұруын қамтамасыз етумен қатар әлеуметтік жағдайын жақсартуды көздейді.
Қазір облыс бойынша 4,3 млн. гектар орман қорын 425 орман күтуші – қорықшы күзетеді. Орта есеппен әр орман күтушісіне 10 мың гектардан аса орман қорын қорғауға тура келеді. Егер әрбір айналымда орман күтуші тұратын үй – орманшы үйі болса, дала, тау өртіне, заң бұзушылыққа жол берілмес еді.
Ағымдағы жылы мекеме бойынша өз қаржыларынан 19 орманшы үйін салу жоспарланса, қазіргі уақытта 174 орман күтушілері орманшы үйінде тұрады. Келешекте барлық орман күтушілері өз айналымдарында тұруына мүмкіндік жасау жоспарланған.
“Жасыл ел” мемлекеттік бағдарламасының аясында мекемелер 288 гектар орман қоры алқабына 1 млн. 500 мың түп көшет отырғызып, 1500 гектарға табиғи түлету жұмыстары жүргізілсе, Бақанас, Күрті, Үштөбе мекемелерінде жыл сайын 1512 гектар жерге көпжылдық сексеуіл тұқымы себілген. Мекемелер бойынша 13 орман тұқымбағы 295,5 гектар жерге орналасқан.
Жыл сайын тұқымбақ шаруашылығын одан әрі дамыту, өсірілетін көшеттердің түрлерін көбейту, өнімділігін арттыру шаралары жүргізілуде. Кеген, Лепсі, Алакөл, Сарқан орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінде тұрақты, базалы тұқымбақтар, өзгелерінде уақытша тұқымбақтар жұмыс атқаруда. Мәселен, 2001-2003 жылдар аралығында тұқымбақтарда көшеттер мен балашықтардың 4-5 түрі болса, бүгінде ол көрсеткіш 25-тен асып отыр.
Тұтынушы сұранысына ие, өтімді көшеттердің түрін көбейту мақсатында тұқымбақтарда Павлодар, Ақмола облыстарынан қарағай, Қырғызстаннан мәңгі жасыл шырша, қарағай, Алматы қаласындағы дендрарийден көгілдір шырша балашықтары әкеліп отырғызылды. Сонымен қатар облыс көлемінде 2005-2007 жылдары мемлекеттік “Жасыл ел” бағдарламасы бойынша елді мекендерді көгалдандыруға 1 млн. түптен аса көшет босатылды.
Ел Үкіметінің 2007 жылғы 31 мамырдағы қаулысы бойынша 1 текше метр шырша ағашы заңсыз кесілсе 7-ден 21-ге дейін айлық есептік көрсеткішпен келтірілген залалды өтеу мөлшерленген. Дегенмен, орман атмосфералық ауа қабатын реттеуші ғана емес, шикізат пен дәрі-дәрмек қоры екенін әсте ұмытпаған ләзім. Орман кодексінің 62-бабының 6,7- тармақтарына сәйкес, мемлекеттік орман қоры аумағында аң аулау мен балық аулау ережелерін сақтауды қамтамасыз ету, биотехникалық шараларды жүргізу жұмыстары атқарылуы керек.
“Өрт – тілсіз жау” деп тегін айтылмаған. Өрттің шығу себептері көбінесе шөп қалдықтарын, қоқыстарды қадағалаусыз өртеген шаруа қожалықтарының жауапсыздықтарынан, демалушылар мен балық, аң аулаушылар мен малшылардың жаққан оттарын сөндірмей кетулерінен дала өртіне айналып жататынын да жасыруға болмайды. Осындай оралымсыздықтар өткен жылы Алакөл, Еңбекшіқазақ, Ескелді аудандарында орын алды. Өрт қаупі туралы барлық шаруа қожалықтарына ескертулер таратылуда. Сонымен қатар орман шаруашылығы қызметкерлері елді мекендерде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.
Орман күтуші-қорықшылардың, орманшылардың бір-бірімен байланысы жақсарып, өртті дер кезінде анықтау, тез арада сөндіру жұмыстары жақсарғанын да ерекше айтқан жөн. Бұл іске деген жауапкершіліктің артқанының дәлелі деуге болады.

Сайлау ЖУХАЕВ, Алматы облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастығы.
ҚИРАНДЫ ОРНЫНДА – ЖАҢА МЕКТЕП

Биылғы жылдың ақпан айында болған табиғат апатынан мыңдаған үйлер мен мектептердің құлап қалғаны белгілі. Сондай мектептердің бірі Арыс ауданы “Монтайтас” ауылындағы Кеңестер Одағының Батыры, осындағы мектеп

Скачать работу







Скачать работу
Создание сайта - студия Riskk.kz
Sachok.kz © [ 0.001 ]