Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Курстық жұмыстың мақсаттары

Курстық жұмыстың мақсаттары
Ауыл шаруашылық өндірісінің болашақта күшті қарқынмен дамуы маман даярлаудың сапасын жақсартуға белгілі бір талаптар қоятыны анық.
Ғылым мен алдыңғы қатарлы тәжірибе жетістіктерін жекеленген шаруашылықтарға, фермерлік қожалықтарға кеңінен енгізу, білім ғана емес, тәжірибесі мол, жаңа мамандардың әзірленуін талап етеді. Бұл мақсаттардың шешілуі, көптеген жағдайда, университет қабырғасында студенттердің жан-жақты терең білім алуымен қатар, сол білімін ауыл шаруашылық дақылдары өнімін жоғарлату үшін өндірісте қолдана білулеріне тікелей байланысты.
Оқу кезінде, басты көрсеткіштердің бірі - студенттердің өздігінен жұмыс істеулері, яғни курстық жұмыс орындау болып табылады.
Курстық жұмыстың басты мақсаты - студенттердің өсімдік шаруашылығынан және басқа да қосымша сабақтардан алған білімдерін тереңдетіп, ауыл шаруашылық дақылдарынан жоғары өнім алуды қамтамасыз ететін агротехникалық шараларды жоспарлауды өзінше жасап үйренулері, сонымен қатар, студенттердің жергілікті мүмкіншіліктерді пайдалана білуі, алдыңғы қатарлы шаруа қожалықтардың, фермерлердің тәжірибелерін іске қосу болып саналады.
Белгілі бір дақыл өсіру үшін, шаруашылықтың табиғи ерекшеліктерін және экономикалық жағдайларын ескере отырып, жаңа өсіру әдістерін қосу, ғылыми мағлұматтарды, жергілікті мүмкіншіліктерді жөне алдыңғы қатарлы тәжірибелі агротехникалық шараларды батыл енгізу қажет. Өсімдіктердің өсу ортасына қойылатын талаптарды толық қанағаттандыру үшін, курстық жұмысты орындағанда жергілікті табиғи жағдайларға, әрі ауыл шаруашылығында өсірілетін өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктеріне көңіл аударған жөн. Әрбір істелуге тиісті жұмыс әсерлі, әрі басты шаралар қолданыл алынған өнім бірлігінің шығыны аз болуын, жоғарғы өнім алуды қамтамасыз етуі тиіс.
Курстық жұмыс жазудың тақырыбы біреу - ол арендалы ұжым, фермер немесе шаруа қожалықтарындағы егіс танаптарындағы өсірілетін басты дақылдардын жоғары өнім алу технологиясын жасау.
Курстық жұмыс студенттің технологиялық, өндірістік тәжірибе өткізген немесе өзінің тұрақты жұмыс істейтін шаруашылығынан жазылады. Бірақ олар күні бұрын өсімдік шаруашылығы кафедрасынан нақтылы белгілі тапсырмалар алулары тиіс.
Барлық курстық жұмыстардың тақырыптары бір болғандарымен, ол жұмыстар бір-бірінен өздеріне ғана тән жергілікті жағдайлардың, егіс көлемі құрылымдарының, басты дақылдар мен өсіру әдістерінің ерекшеліктерімен анықталып тұрады. Курстық жұмыс студенттердің агрономиялық білімінін толықтыратын, белгілі бір биіктікке жеткендігін көрсетеді. Сондықтан, курстық жұмыс тек студенттің өз қолымен, ойлы, білімді жазылуы тиіс. Бірақ, курстық жұмыс оның шируашылықта практикада болған кезінде толық жазылып, оған шаруашылық агрономының пікірі алынады.
Курстық жұмыс өсімдік шаруашылығы пәні оқытушысының басшылығымен тәжірибе толық аяқталғаннан кейін (оқу басталған алғашқы аптада), ал сырттай оқитын студенттер оқу жоспарына байланысты тапсырады.
Курстық жұмыстың бағасы емтихан бағаларымен теңестіріліп, бағалар сынақ кітапшасына жазылады.
Мүмкіншіліктеріне қарай, студенттің тәжірибеден өтетін шаруашылық басшылары мен агрономдары оның курстық жұмыс орындауына жан жақты көмек көрсетулері тиіс. Ал, курстық жұмыс тек қана жергілікті жағдайлардың ерекшеліктерін, егіншілік өнімін, өндірістің экономикалық көрсеткіштерін ғана көрсетіп қоймай, сонымеи бірге шаруашылық үшін пайдалы, әрі ауыл шаруашылық дақылдарынан мол өнім алу жолдарын ашуға септігіп тигізетіндсй жұмыс болғаны жөн.

Курстық жұмысты жазуға қойылатын талаптар
Курстық жұмыс қалыпты (стандарт) ақ қағаздың тек бір жағына жазылады. Жазулар студенттің өз қолымен, түсінікті, анық, түзетулерсіз (өшірілмеген) жазылуы тиіс. Курстық жұмыстың жалпы көлемі 30-40 беттік (қол) жазбадан аспауы, сырты қапталған, жақсы безендірілуі қажет.
Курстық жұмыстың алғашқы сыртқы беті әдемі жазулармен, төмендегі тәртіпте толтырылуы тиіс.

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАЛПЫ ЕГІНШІЛІК ЖӘНЕ ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ КАФЕДРАСЫ



КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
тақырыбы______________облысы_______________ауданындағы
_____________жағдайында_________________________________
шаруашылықтың аты
______________________200___ жылы жоғары өнім алу үшін
дақылдың аты
қолданылуға тиісті өсіру технологиясы

Жазған:___________________
______________факультетінің
_______курс____топ студенті
__________________________
фамилиясы, аты

Курстық жұмысты тексеруші:
_______________________________
фамилиясы, аты, дәрежесі

Қойылған бағасы_________________
Тексерілген күні____________200__ж.






АЛМАТЫ 2006

Курстық жұмыстың мазмұны

Кіріспе
1. Шаруашылықтың топырақ, ауа-райы жағдайлары
2. Негізгі дақылдың биологиялық ерекшеліктері
3. Курстық жұмысқа алынған басты дақылдан мол өнім алудың әдістері
3.1. Дақылдың ауыспалы егістегі орны
3.2. Тыңайтқыштар қолдану жүйелері
3.3. Топырақ өңдеу жүйесі
3.4. Топыраққа ылғал жинау шаралары
3.5. Тұқымды себуге әзірлеу
3.6. Тұқымды себу мерзімі, мөлшері және әдістері
3.7. Егістікті күту және баптау
3.8. Егістікті ору және өнімді жинап алғаннан кейін өңдеу
3.9. Басты дақылды өсірудің технологиялық кескіні (техн. карта) Курстық жұмыста орындауға алынған дақылдан мол өнім алу үшін жүргізілген агротехникалық шаралар қорытындысы мен ұсыныстар Пайдаланған әдебиет тізімі

Курстық жұмысты құрастыруға арналған әдістемілік нұсқаулар
Ауыл шаруашылық өнімдері органикалық заттар алудың, азық-түлік, тағам қорын жасаудың, мал азығы мен өндіріске қажетті шикізаттар алудың негізгі көзі болып саналады.
Ауыл шаруашылық жұмыстарын дұрыс бағытта ұйымдастыру оның түрлі дақылдар өсіру және өнім жинау, өсімдіктің биологиялық ерекшеліктерін, жергілікті табиғи жағдайларын ескеру арқылы механикаландыру, әрбір егіс танабына және әрбір дақыл өсіру үшін дұрыс агротехникалық шаралар қолданып, өсімдік шаруашылығына аз шығын жұмсап мол өнім алуға талаптар қояды. Қаңдай жерде болмасын өсімдік шаруалылығы жоғары өндірісті және жоғары сапалы товарлы өнім беруі тиіс. Ол республикада мол өнім өндірудің басты кепілі. Егіншіліктің алдында тұрған негізгі міндеттер, аймақтық ауылшаруашылығын жүргізудің ғылыми негізделген жүйесін қолдану арқылы топырақ құнарлығын жақсарту және ауылшаруашылық дақылдардың өнімділігін жоғарлату.
Мазмұндамада қаралған курстық жұмыс бөлімдері төменде келтірілген ұсыныстарды есепке ала отырылып орындалады.

КІРІСПЕ
Мұнда Қазақстан өсімдік шаруашылығы саласы алдағы шешілуге тиісті мақсаттар, шаруашылықтың басты дақылының халық шаруашылығындағы маңызы мен оның өнімін республикадағы облыс, аудан және шаруашылықтар бойынша ұлғайтудың басты жолдары қысқаша қарастырылады.
1-бөлім. ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ТОПЫРАҚ, АУА-РАЙЫ ЖАҒДАЙЛАРЫ
Курстық жұмыстың басында шаруашылықтың аты, орналасқан жері (оның облыс, аудан орталықтарынан, темір жол станциясынан қашықтығы және шаруашылыққа ең жақын байланыс пункттері) көрсетіледі:
Одан кейін, шаруашылық дамуының негізгі бағыттары көрсетіліп, шаруашылық басты салаларының алатын орындары және жыл бойында өндірілген өнімнің өндірістік-экономикалық сипаттамалары, егіс көлемі, жалпы өндірілген өнімнің, оның товарлық бағалылығы, өнімнің әр бірлігіне шаққанда өндірілген өнім мөлшері, өндірудің тиімділігі, шаруашылықтың жұмыс күшімен қамтамасыз етілуі және тағы басқа көрсеткіштер қысқаша жазылады. Шаруашылықтың өндірісті-экономикалық көрсеткіштері негізінде, өсімдік шаруашылық дамуының мүмкіншіліктері мен болашағы бойынша қорытындылар жасалады.
Шаруашылықтың табиғи жағдайларына агротехникалық тұрғыдан баға беріліп, жер көлемінің пайдалануы (экспликация) келтіріледі. Оның ішінде, суармалы және тәлімі жерлердің көлемі керсетіліп, жалпы жер көлемінің сипаттамасы, оларды пайдаланудың ерекшеліктері, топырақтың типтері мен физикалық-химиялық қасиеттері, механикалық құрылымы, жырту қабатының қалындығы, құрамындағы қара шірік пен негізгі қоректік элементтердің мөлшерлері беріліп, табиғи өсімдік жамылғысы және егістіктердегі арам шөптердің құрамы, жер бетінің тегістігі, оның механикаландыруға көндігу әсері, сонымен қатар шаруашылықтың мағлұматтары бойынша әрі, өз байқауынша егістік жұмыстардың сапасы, жүргізілу мерзімдері туралы мағлұматтар тіркеледі.
Студент агротехникалық шараларды батыл, сенімді жүргізу үшін, шаруашылыққа бекітілген барлық жер көлемін және егістік танаптарып өзі аралал, көріп тапсыруы тиіс.
Агрометеорилогиялық немесе қалыпты ауа-райы жағдайлары орташа көпжылдық көрсеткіштерімен қатар, кейбір жылдары болатын жауын-шашынды, жекелеген айларда және вегетациялық кезеңде

Скачать работу







Скачать работу
Создание сайта - студия Riskk.kz
Sachok.kz © [ 0.001 ]