Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

АВТОРЕФЕРАТЫ

ӘОЖ 37.02.371.7. Қолжазба құқығында








СИХЫМБАЕВА ЖАМИЛЯ СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ

Студенттердің экологиялық білімін арттыруда инновациялық технологияларды пайдаланудың педагогикалық шарттары


13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы,
этнопедагогика





Педагогика ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның



АВТОРЕФЕРАТЫ














Қазақстан Республикасы
Түркістан, 2008
Жұмыс Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ – түрік университетінде орындалған


Ғылыми жетекшілері: педагогика ғылымдарының докторы,
Жолдасбеков А.А.


Ресми оппонентері: педагогика ғылымдарының докторы,
профессор
педагогика ғылымдарының кандидаты

Жетекші ұйым: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университеті




Диссертация 2008 жылы «___ »_______ күні сағат ____ Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.61.35 біріккен диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады.
Мекен-жайы: 161200, Түркістан қаласы, Университет қалашығы, мәдениет орталығы, кіші мәжіліс залы.






Диссертациямен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен-жайы: 161200, Түркістан қаласы, Университет қалашығы, мәдениет орталығы.


Автореферат 2008 жылы «___» ___________таратылды.








Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы: К.М.Беркімбаев
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскен кезеңде жастарды ізгілікке, парасаттылыққа баулитын экологиялық білім мен тәрбиенің маңызы арта түсуде. Себебі «табиғат-қоғам-адам» жүйесіндегі қарым-қатынастардың шиеленісуі жылдан-жылға күшейіп, экологиялық зардаптар жердегі тіршілікке қауіп төндіріп отыр. Адам мен табиғаттың, қоғам мен ортаның өзара әрекеттестігі, оның өнеркәсіпті өндірістің қазіргі таңдағы көптеген жарамсыз технологиялармен қарқынды өсу жағдайында өмір сүруі, өиындықтың шама-шегіне жетті. Адамзат тіршілігінің өзіне қауіп төнді: табиғат қорлары үзіліссіз сарөылысқа түсті, ортаның ластануынан адам өміріне қауіп төнді. Бүкіл әлемде экологиялық дағдарыстар мен апаттар ұлғая түсуде. Экологиялық апаттар биоортадағы жағдайларға еткен әсері арқылы дүние жүзінің әрбір аймағындағы құбылыстардың дамуына айтарлықтай ықпал жасауда.
Үшінші мыңжылдықта адамзаттың ғаламдық экологиялық мәселелерінің шешілуі жоғарғы оқу орындары студенттерінің қоршаған орта туралы сапалы білім алуына байланысты. Сондықтан студент жастарға экологиялық білім беру бүгінгі күн тәртібіндегі бірден-бір қажетті кезек күттірмес мәселе екендігі «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналға экологилық қауіпсіздік тұжырымдамасында» (2003 ж) және «Қазақстан Республикасында көпшілікке үздіксіз экологиялық білім берудің ұлттық стратегиясында», «Білім туралы» заңда көрсетілген.
Бұл құжаттар экологиялық білімді үздіксіз білім беру арқылы ғана жүзеге асатыны баса айтылды.
Олар:
- биосфера тұрақтылығынсақтау үшін ағарту жұмыстарын ұйымдастыру арқылы;
- адам баласына туылғанынан бастап, өмір бойы экологиялық білім беру;
- халық арасында экологиялық пікірталас өткізу.
Орта ғасыр ғұламалары да табиғатты қорғауға байланысты өз көзқарастарын, пікірлерін келтіріп өткен. IX-XV ғғ. Қазақ топырағынан шыққан ғұлама ғалымдар Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, Қожа Ахмет Иассауи, М.Қашқари және т.б. табиғат, қоғам, адам дамуының заңдылығын, біртұтастығын, өзара байланыстылығын өздерінің ғылыми дүниетанымына арқау ете отырып, ұрпақ тәрбиесінің қайнар көздеріне үлкен мән берген.
Сонымен қатар, ағартушылар Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, қазақтың ұлы зиялылары Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев шығармаларында табиғат құбылыстарын, оның әсем көріністерін «табиғат - адам» қарым-қатынасымен байланыстырып қарастырған.
Бүгінгі таңда бұл проблемаға философтар, психологтар, педагогтар ерекше мән беріп, әр қырынан зерттеуде. Мәселен, оның философиялық негізін ТМД ғалымдары (С.С.Аверенцев, Э.В.Гирусов, М.С.Каган, Р.С.Карпинская, Д.С.Лихачев, Ф.Я.Полинчак, Н.Ф.Реймерс, И.П.Сафронов, К.О.Стошкус), республикамыздың ғалым философтары (Ақмамбет Ғ.Ғ., Әбділдин Ж.М., Әбішев Қ.Ә., Нысанбаев Ә.Н., Шалабаева Г.К.), білім мазмұнын, оның ішінде жоғарғы мектептегі оқытудың дидактикалық негіздерін ғалым педагогтар М.Н.Сарыбеков, К.Иманғалиева, Ө.Танабаева еңбектерін атап өтуге болады.
Ғалымдардың зерттеу жұмыстарына жасалған талдау нәтижесінде, атап айтқанда: Ресейде (Габаев Я.И, Голубец М.А, Дерябо С.Д, Захлебный А.Н, Иоганзен Б.Г, Кнорре Е.В, Кучер Т.В, Миронов А.В, Соломина С.Н, Тихонова А.Е,) Өзбекстанда (Тұрдықұлов Э.А, Хакимов Э.) және Қазақстанда (Аймағанбетова Қ, Бейсенова Ә.С, Бірмағанбетов Ә.Б, Жатқанбаев Ж.Ж, Жүнісова К.Ж, Керімов Л.К, Қоянбаев Р.М, Тілеубергенов С.Т, Торманов Н.Т.) экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздерін, мазмұнын, ұйымдастыру жолдары мен әдістерін қарастырғаны айқындалды.
Экологиялық білім беруде жоғары оқу орындары оқытушылары тарапынан инновациялық технологияларды пайдаланудың ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеру маңызды мәселе болып табылады.
Инновациялық үдерістерді зерттеу барысында жүйенің бір жағдайдан екінші жаңа жағдайға көшуі және жаңалықты енгізу үдерісіне басшылық жасау мәселелерін зерттеу маңыздылығы К.Ангеловски, М.В.Кларин, Н.В.Горбунова, В.Я.Ляудис, М.М.Поташник, С.Д.Поляков, Т.И.Шамова, О.Г.Хомерики, Н.Р.Юсуфбекова және т.б. көптеген зерттеушілердің еңбектерінде қарастырылған.
Философиялық және педагогикалық әдебиеттерде кейбір ғалымдар инновациялық үдерістерді зерттеу барысында жаңалықтың жүйелілік, әрекеттік тұжырымдамасын ұсына отырып (Н.И.Лапин), жаңалықты енгізуді әртүрлі деңгейде (жалпы ғылымилық, жалпы әдіснамалық) талдаудың қажеттілігіне ерекше көңіл аударады.
Инновациялық-педагогикалық іс-әрекеттің жалпы және өзіндік ерекшеліктерін В.И.Загвязинский, П.И.Пидкасистый, А.И.Пригожин, Ю.Н.Кулюткин, А.К.Маркова, Н.Д.Никандров, Я.А.Пономарев, В.А.Сластенин, Л.С.Подымова, Л.Н.Фридман секілді біршама ғалымдар зерттеген.
Соңғы жылдары Қазақстандық ғалымдар педагогикалық инновация мәселесіне ерекше мән беріп (Қ.Қ.Қабдықайыров, Ш.Т.Таубаева, С.Н.Лактионова, С.А.Көшімбетова және т.б.) әсіресе оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдалану туралы қарастырған.
Алайда бұл еңбектерде жоғары оқу орындары студенттерінің экологиялық білімдерін арттырудағы инновациялық технологияларды пайдалану туралы ғылыми тұрғыда жеке мәселе ретінде зерттелмеген.
Демек, ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде көрсетілген инновациялық технологиялар арқылы студенттердің экологиялық білімін арттыру мәселесіне сараптама жасау оның негізгі қарама-қайшылығын ашуға мүмкіндік туғызды. Бұл – жоғары оқу орны студенттеріне экологиялық білім беруде инновациялық технологияларды пайдалануға сұраныстың болуы мен осы салада теориялық және әдістемелік жолдарын зерттеу арасында және студенттерге экологиялық білім беру деңгейі мен қазіргі талаптар жүйесі арасындағы қарама-қайшылықтар туындап отыр. Мәселенің бүгінгі күнге дейін ғылыми-теориялық және әдістемелік тұрғыда қажетті деңгейде қарастырылмауы зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Студенттердің экологиялық білімін арттыруда инновациялық технологияларды пайдаланудың педагогикалық шарттары» деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: Студенттердің экологиялық білімін арттыруда инновациялық технологияларды пайдалануды теориялық негіздеп, ғылыми әдістемесін жасау және тәжірибелік-эксперименттен өткізу.
Зерттеу нысаны: Жоғары оқу орындарындағы оқу процесі.
Зерттеу пәні: Жоғары оқу орындары студенттерінің экологиялық білімін арттырудағы инновациялық технологияларды қолдану жүйесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, жоғары оқу орындары студенттерінің экологиялық білімдерін арттыруда инновациялық технологияларды пайдаланудың теориялық негізі анықталса, және әдістемелік жолдары ұсынылып, тәжір

Скачать работу







Скачать работу
Создание сайта - студия Riskk.kz
Sachok.kz © [ 0.001 ]