Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Дулат Бабатайұлының тәлімдік-ағартушылық көзқарасы

2. Дулат Бабатайұлының тәлімдік-ағартушылық
көзқарасы. (1802-1884).

Қазақ топырағында ағартушылық көзқарастың өзіндік ерекшеліктері бар, негізінде ХҮІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ дамып кеңінен өріс алды. Қазақ елінің ағартушылық көзқарасының дамуының өзіндік ерекшеліктері болды. Сондықтан қазақ жеріндегі ағартушылықты екі бағытта қарастырған жөн. Біріншіден, Қазақстан Ресейге қосылуы нәтижесінде, патшалық Ресейдің қазақ жеріне терең бойлау нәтижесінде қазақтың құнарлы жерлерін билеп-төстеп, қазақтарды шөлшейт жерлерге ығыстырғандығына қарсылық білдіріп, толғану болса, екіншіден, ақшалы-таулар қатынасы күнделікті қазақ өміріне кеулеп кірген сайын, елдің дағдылы дәстүрі бұзылып, жаңа, халыққа тұрпайы қатынастар орнай бастағанын уайымдап, күңіреніп, елдің назарын соған аударып, санасын ояту болды.
Өкілдері Дулат Бабатайұлы (1802-1871), Шортанбай Қанайұлы (1818-1881), Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906) болды.
Тоталитарлық тәртіп кезінде оларды патриархалдық өмірді көксеуші, Ресейге қарсы болған керітартпа идеология, «Зар заман» өкілдері деп қарады. «Зар заман» дегені – Шортанбайдың бір толғауы солай аталатын. Сондықтан олардың аттары аталмайтын, толғаулары тарихтан сызылып тасталған еді. Байқап қарасақ, олар елді кері тартпақ болған идеология өкілдері емес, қайта қазақ жерінің тағдырын ойлап, елге ұран тастап, А.И.Герценнің «Колокол» («Қоңырау») газеті сияқты халықтың санасын оятпақ болған зиялылар екен. Олар екіжүзділік, зұлымдық, арамдық сияқты құбылыстар өмір салтына айналуда деп қынжылды. Екіншісі – Шоқан, Ыбырай, Абай бастаған ағартушылық қозғалыс. Олар қазақ халқын өнер-білімге, оқуға шақырды.
Дулат Қазақстан жеріне еніп жатқан тауарлы-ақша қатынастарының халық мінез құлқына, салт-санасына тигізген керағар әсерін былай суреттейді:
Қайран қазақ қайтейін,
Мынау азған заманда
Қарасы-антқыр, ханы-арам,
Батыры көксер басы аман,
Бәйбіше-тантық, бай сараң
Бозбаласы – бошалаң
Қырсыға туды қыз балаң
Ебі, кеткен ел болды,
Енді қайда мен барам?
Сонымен Дулат патшалық Ресей тәртібін әшкерелеумен қатар, қазақ елінің азғындауын толғана жырлады. Дәл осындай ой-пікір Шортанбайда да орын алады. Ол былай деп толғанды:
Мынау ақыр заманда
Алуан-алуан жан шықты,
Арамза малда, хан шықты
Сауып ішер сүті жоқ,
Мініп көрер аты жоқ
Ақша деген мал шықты.
Дулат пен Шортанбай бірінің ойын бірі осылай толықтырып, жалғастырған болса, дәл осы қоғамдық ойдың екінші жағын Мұрат жырау былай толғап, елді азаттық күреске шақыру дәрежесіне дейін көтеріледі:
Еділді тартып алғаны,
Етекке қолды салғаны.
Жайықты тартып алғаны,
Ойдағысы болғаны.
Демек, біз «Зар заман» өкілдерін прогресске, Ресейге қарсы бағыталған, керітартпа, реакциялық сиппаттағы ақын деп бағалап келдік. Бірақ, мәселенің мәніне үңіліп қарасақ, олар кертартпа емес, халқының болашағына үлкен үмітпен қараған, қазақ халқының болашағына үлкен үмітпен қараған, қазақ халқының санасын оятуға жұмыстанған ақындар еді. Сондықтан да «Зар заман» өкілдері бастамасын ХХғ.басында Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Халел Досмұхамедов жалғастырды.
Дулат Бабатайұлы ХІХ ғасырдың екінші жартысында ұлттық тарихымыз бен мәдениетіміздің көрнекті тұлғаларының бірі Қазақстанның Ресейге қосылу нәтижесінде қазақ даласында отарлау саясатының нәтижесінде қалыптасқан жағдайға ешкімнен қаймықпай сын айтқан ақындарымыздың бірі болды. Дулат өзінен бұрынғы ақын-жыраулардың мұраларынан сусындап өскен, ақындық өнері ерте қалыптасқан. Өз шығармашылығының арқауы етіп, өз халқының көне тарихи мұралары мен аңыз әңгімелерін, батырлар жырларын өз толғауларына негіз етіп алды.
Дулат еңбектерінде адамдардың адамгершілік құндылықтарының жағымды және жағымсыз жақтарына жан-жақты сипаттама береді, әсіресе, жақсылық пен жамандықтың, ізгілік пен зұлымдықтың, жомарттық пен сараңдықтың, білімділік пен надандылықтың арасындағы айырмашылықты ашуға тырысты.
Дулаттың «Сүлейменге» деген толғауында:
Батыр деме батырды,
Шеп құрған жауға шаппаса,
Төре деме төрені,
Ел тілегін таппаса, - деп, батырлардың ел, отан алдындағы борышын ақтау қажеттігін, елін, жерін қорғаудағы ролін жоғары бағалай келіп, төреліктің, би мен бектің міндеті елін қорғай білу, кездескен қиындықты жеңе білу туралы Дулат тебірене суреттейді:
Би мен бектің сәні жоқ.
Елін қорғай алмаса,
Тура жолға салмаса,
Ыстығына күймесе,
Суығына тоңбаса,
Батырлықтың сәні жоқ,-деп ел билеген билер мен бектердің ел қорғауда кездескен қиыншылықтарды жеңе білмесе, «тура жолға салмаса, ыстығына күймесе, суығына тоңбаса» батырлықтың сәні болмайтындығын ерекше ескертеді.
Дулат шығармаларында әкенің балаға аманаты, ақыл-кеңесі ретінде жақсы бол, жаман қасиеттерден жирен, адамгершілік сапа-қасиеттерден жирендіреді:
…Балам саған айтқаным:
Даңғыланбай шаруа жи,
Албырттықты әсерлі
Құрбыңа еріп көрме сый,
Қолда барың қанағат,
Қолда жоққа құмартып,
Әуреленбе ләпсің тый.
Әкеңнің айтқан аз сөзін
Құтысына көңіліңнің
Төгіп алма, дәлдеп құй, -
деп Дулат кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге, тәлімдік-тәрбиелік мәні зор жоғардағы өлең жолдарымен ақыл-кеңес береді, жас ұрпақтың бойында жағымды адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге шақырады.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.001 ]