Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Паскаль тіліндегі программа құрылымы

Паскаль тіліндегі программа құрылымы
Паскаль тілінде программа үш бөліктен: тақырыптан, сипаттау бөлімінен және операторлар бөлімінен тұрады.
Программаның тақырыбында программаның аты жазылады, мысалы:
Program ESEP;

Сипаттау бөлімінде:
• кітапханалық модульдерді сипаттау бөлімі;
• белгілерді сипаттау бөлімі;
• тұрақтыларды сипаттау бөлімі;
• типтерді сипаттау бөлімі;
• айнымалыларды сипаттау бөлімі;
• процедуралар мен функцияларды сипаттау бөлімдері
болуы мүмкін.
Кітапханалық модульдерді сипаттау бөлімі USES түйінді сөзімен басталып, сипаттау бөлімінде басқаларынан бұрын жазылуы керек. Программада қолданылатын модуль атауларының саны бірнеше болса, олардың арасы үтірмен ажыратылып жазылады:
uses CRT, Graph;

Программадағы кез келген операторды белгімен белгілеп қоюға болады.Бұл белгі арқылы қажетті жағдайда программаның кез келген жолынан осы белгісі бар операторға көшіп, оны қайталап кезексіз орындауға болады. Белгі ретінде төрт цифрдан аспайтын кез келген санды немесе сөздерді қолдануға болады. Оператор тек бір белгімен ғана белгіленеді. Бір белгі бірнеше операторды белгілей алмайды. Белгілер операторлар бөлімінде сол оператордың алдына жазылып, арасы қос нүктемен ажыратылады. Сипаттау бөлімінде белгілер label түйінді сөзінен кейін жазылады. Мысалы:
label 3, 471, 29, Quit;

Программадағы тұрақтылар өз мәнімен (мысалы, 5,14,13.5, т.б.) немесе оған қойылған атау арқылы берілуі мүмкін. Тұрақтылар өз атауы арқылы берілсе, онда оның атауын жаза отырып программаның кез келген жерінде пайдалануға болады, бірақ оның атауы мен мәні тұрақтыларды сипаттау бөлігінде төмендегідей түрде көрсетілуі тиіс. Мысалы:
const p=3.14; e=2.7; a=’bol’; max=1000;



Айнымалыларды сипаттау бөлімінде программада қолданылатын барлық айнымалалыларды және олардың типтерін көрсету қажет:
var P,Q,R: Integer;
A,B: Char;
F1,F2: Boolean;

Паскаль тілінде программа құрған кезде программада қолданылатын барлық компоненттер (айнымалылар, олардың типтері, тұрақтылар, белгілер т.б. ) сипаттау бөлімінде көрсетіліп кетуі қажет. Олай болмаған жағдайда программа қате деген мәлімет береді.

Операторлар бөлімінде программа мазмұнына сәйкес бір немесе бірнеше оператордың болуы мүмкін. Операторлар бір-бірінен нүктелі үтір (;) арқылы бөлініп жазылады. Операторлар бөлімі begin түйінді сөзінен басталап, end сөзімен аяқталады. Begin мен end сөздерін операторлық жақшалар деп те атайды. Сәйкесінше begin – ашылатын, end – жабылатын жақшалар. Оператор дегеніміз - алгоритмді жүзеге асыру барысында орындалатын іс-әрекеттерді анықтайтын тілдің қарапайым сөйлемі.
Операторлардың жалпы жазылу түрі төмендегідей болады:
BEGIN
1-оператор;
2-оператор;
.................;
n-1-оператор;
n-оператор
END.

Әдетте программа мәтіні end сөзімен аяқталып, одан кейін нүкте қойылады. Егер программада бір емес, бірнеше операторлық жақшалар қолданылатын болса, онда нүктені тек ең соңғы орналасқан end сөзінен кейін қою қажет. Басқа end сөздерінен кейін нүктелі үтір (;) қойылады.
Паскаль тілінде құрылған қарапайым программалардың біріне мысал келтірейік:
Program bastau; {программа тақырыбы}
const pi=3.14159; { π тұрақтысының мәнін беру}
var r, l :real; {r, l мәндерінің нақты сан екенін сипаттау}

begin {Операторлар басы}
readln(r); { r мәнін енгізу}
l:=2*pi*r; {Шеңбер ұзындығын есептеу}

write(‘шеңбердің ұзындығы= ’, l); {Нәтижені экранға шығару}

end. {Программа соңы}

Мұнда программа мәтіні қарайтылған қаріппен терілген, ал оң жақ шетте пішінді жақша ішінде түсініктеме мәтіні берілген, түсініктеме программа мәтініне ешқандай әсер етпейді, оны түсінуді жеңілдетеді, сондықтан әрбір программа түсініктемемен толықтырылуы тиіс.

1-мысал
program misal; {екі санның қосындысын есептеу}
var
x,y,s: integer;
begin
WriteLn('Бос орын арқылы екі сан енгіз ');
ReadLn(x,y);
s := x + y;
WriteLn('Екі санның қосындысы ',s);
end.

Бұл программа пернетақтадан екі санның енгізілуін сұрап, олардың қосындысын есептейді және нәтижесін экранға шығарады. Енді бұл программаға аз ғана өзгерістер жасайық. Программа әуелі экранды тазалап, кейін нәтижені сол мезетте экранға шығару үшін қолданушының кез келген пернені басуын талап ететін болсын.
2-мысал
program misal; {екі санның қосындысын есептеу}
uses Crt; {экранды тазалауға және кідіруге қажетті процедураларды орындауға мүмкіндік
беретін модульді іске қосу}
var
x,y,s: integer;
begin
ClrScr; {экранды тазалау}
WriteLn('Бос орын арқылы екі сан енгіз ');
ReadLn(x,y);
s := x + y;
WriteLn('Екі санның қосындысы ',s);
ReadKey; {перненің басылуын күту}
end.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]