Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Мадагаскар Республикасы

Жоспары:

1.Тарихы
2.Халқы
3.Табиғаты
4.Экономикасы
5.Мадагаскар ағысы


















Мадагаскар Республикасы – Африка жағалауындағы ірі арал, құрлықтан шығысқа қарай 400 км қашықтықта, Үнді мұхитында орналасқан. Африкадан Мозамбик бұғазымен бөлі- неді. Жер аумағы 596 км². Солтүстіктен оңтүстіктен қарай 1600 км-ге созылған, ені 600 км-ден астам. 1993 жылы қабыл- даған конституциясы бойынша елді президент басқарады. Заң шығарушы органы – екі палаталы парламент (Ұлттық жиналыс пен Сенат). Астанасы – Антананариву қ. Әкімшілік жағынан 6 провинцияға бөлінеді. Ұлттық мерекесі – 26 маусым – Тәуелсіздік күні (1960). 1960 жылдан БҰҰ-на, 1963 жылдан Африка Бірлігі Ұйымына (АБҰ) мүше. Ақша өлшемі-малагасий франкі.
Тарихы. Аралдың ежелгі және ортағасырлық тарихы аз зерттелген. Алғашқы мемлекет құрлымдыры 14 ғ-да пайда болды. Бұл мемлекет Имерина деп аталды. 16 ғ-дан аралға еуропа отаршылар әсіресе француздар орнығуға тырысты. 19 ғ-дың басында Имерина барлық аралды біріктіріп, Мадагаскар патшалығын құрды. 19 ғ-да Мадагаскар үшін ағылшын-француз бәсекесі күшейді. 1883 жылы Мадагаскарға француз әскерлері басып кіріп, арал үкіметі Франция протекторатты – ғын мойындауға мәжбүр болды (1885). 1895 жылы Франция Мадагаскарға қайта шабуыл жасап (1896, тамыз) Имерина монархтарының бидігін жойды (1897). Франция отаршылық жылдары Мадагаскардың адам күші мен табиғи қорын аяусыз пайдаланды. 10 млн. га шұрайлы жерлер мен орман алқаптары жергілікті халықтын тартып алынды. Мадагаскар халқының ұлт-азаттық күресі 2-дүниезүжілік соғыстан кейін өрши түсті. Нәтижесінде 1958 жылы қазан айында Мадагаскарға Франция бірлістігі аумағындағы автоном. құқық еркіндігі берілді. 1960 жылы 26 маусымда Мадагаскардың тәуелсіздгі жарияланып, елдің аты байырғы халық атымен үйлестіріліп, ресми түрле Мальгаш (Малагасия) Республикасы деп аталды. 1972 ж. билік әскери-азаматтық топтардың бақылауына көшті. Олар ұсын – ған “Малагаси социалистік революциясының Хартиясы” атты құжат бойынша, Мадагаскар “Социалистік бағдарға” ауысып, кейбір өндіріс салалары мемлекеттік меншікке көшірілді. 1991 маусым айында аралда халық толқулары басталды. Оппозиция топтар жалпыхалықтық референдум бойынша 1992 жылы тамызда жаңа ұлттық конституция жариялады. Жаңа заңға сәйкес елдің аты Мадагаскас Республикасы болып өзгертілді.
Халқы. Халқы 16,4 млн. (2003). Негізгі тұрғындары малага- сийліктер (98%). Ресми тілдері – малагасий және француз тілдері. Арал тұрғындарының жартысына жуығы жергілікті діни сенімдерді ұстанады (45%), қалғандары христиандар (40%) мен мұсылмандар (15%).
Табиғаты. Мадагаскар аралының шығыс және батыс жағалаулары аласа, жайпақ келеді; шығыс жағалаулары құм төбешіктер, батыс жағалауы – маржан рифтері. Солтүстік-батысы мен қиыр солтүстігіндегі жағалауы биік жартасты, қатты тілімделген. Аралдың климаты тропиктік; солтүстік-батысында – экваторлық муссон климаты; шығыс жақ теңіз жағалауындағы ойпаттар мен үстіртті климаты ыстық әрі ылғалды. Айлық орташа температура 13 – 20ºС-тан 27 – 33ºС-қа дейін, жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 1500 мм-ден асады, ал кей жерлерінде 3000 мм-ге жетеді. Елдің шығысында тропиктік мәңгі жасыл ормандар өседі. Жер қойнауында алтын, графит, уран, т.б. қымбат тастар мен минералдардың кен орындары бар. Теңіз жағалауында мангр тоғайлары басым. Оңтүстік-батыс шетін тропиктік шөлейт алып жатыр. Мадагаскар аралы Африкадан өте ертедегі замандарда оқшауланғандықтан флорасы мен фаунасында көрші құрлыққа қарағанда үлкен айырмашылық бар. Өзен торы жиі, өзендерінің суы мол.
Экономикасы. Мадагаскар – ауыл шаруашылығы дамыған ел. Күріш, картоп, жүгері, қант қамысы, темекі, т.б. өсіріледі. Балық аулау мен мал шаруашылығы да жақсы дамыған. Ауыр өнеркәсібі мешеу қалған. Өндірістік салалар ауыл шаруашы – лығын өнімдерін өңдеуге мамандаған. Сыртқы кофе, қант, балық өнімдері, түсті металдар шығарылады. Сыртан азық-түлік пен тұрмысқа қажетті бұйымдар әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: Франция, АҚШ, Германия, Жапония, Оңтүстік Африка Республикасы, т.б.
Мадагаскар ағысы. Үнді мұхитындағы жылы ағыс. Оңтүс – тік Пассат ағысының бір тармағы. Мадагаскар аралының шығысы және оңтүстік жағасымен өтеді. Оңтүстік және оңтүтік-батысқа қарай ағысының жылдамдығы 0,9 – 1,1 км/сағ аралығында. Су бетінің орташа температурасы 22 – 28ºС. Оңтүстік батысында Ине мүйісінің жылы ағысына ұласады.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]