Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Биосфера

«Биосфера» терминін ең алғаш австриялық геолог Э.Зюсс 1875 жылы енгізді Ол Жердегі барлық тірі ағзаларды биосфера ретінде қабылдады. Бұл ғылымды орыс ғалымы В.И.Вернадский «Биосфера» (1926) кітабында нақтылап, өзгерістер енгізіп, едәуір жетілдіреді. Жедің бірден-бірі тіршілігі үдемелі орын тепкен жүйе екні осы кітапта тұңғыш рет көрсетілді.
Биосфера – экология ғылымының зерттеу саласы болып саналатын жер шарындағы тірі организмдер орналасқан экологиялық жүйе. Биосфераның құрамына литосфераның жоғары қабаты, гидросфера түгелімен, сол сияқты атмосфера қабаты кіреді. Биосфера тірі организмдердің тіршілік етуіне қолайлы орта. Оларға көлемі кішігірім ін, құс ұясы, құмырсқа илеуі, ірі тау, дала, биоценоз бен экожүйелер жатады.
Биосфераның даму эволюциясы және оның болашағы тек Жер қыртысының дамуымен байланысты.
Академик В.И.Вернадский (1863-1945) биосфераны ғылыми тұрғыда толық зерттеп, оның теориялық негізін салған. Оның биосфера туралы ілімі – жаралыстану ғылымдары бойынша осы күнге дейін маңызын жоймаған теориялық еңбек. В.И.Вернадскийдің биосфера туралы негізгі идеялары өзінің «Биосфера» атты еңбегінде 1926 жылы жарық көрген.

Биосфера өзін құрайтын 3 құрамдас бөлігімен сипатталады. Олар – литосфера, гидросфера, және атмосфера.
Акдемик В.И.Вернадский биосферадағы тіршілік процестерін зерттей келе химиялық элементтердің бір тобын «тірі заттар» деп атады. Олар биофильді заттарға жататын сутек, көміртек, оттек, азот, фосфор және күкірт элементтері еді. Биофильді элементтердің атомы тірі организмдердің денесінде күрднлі органикалық қосылыстар түзе отырып, көмірсуларды, липидтеріді, нәруыздар мен нуклеин қышқылдарын құрайды. Ал бұл органикалық заттар тіршілік тірегі екені мәлім.
Ең басты мәселе – биосферадағы айналымдардың қалдықсыз жүруі.
Биосфера өнімділігі маңызды экологиялық ерекшеліктің бірі болып табылады. Бұл қандай да бір өсіп келе жатқан және көбеюге қатысатын дарақтардың жиынтығынан түзілген биомассалардың жиынтық мөлшері; нақтылы уақыт кезеңінің немесе жылдамдылығының түзілісі; жануарлар немес өсімдіктер тобының өнімділігі құрамындағы берілген уақыт аралығы, соның ішінде өліп біткен барлық дарақтар биомассасы өсімі жиынтығы ретінде анықталады.
Тірі зат биосферадағы таралымы аса біркелкі емес. Оның барынша көп vөлшері құрлықтың үстіңгі үлескісінде және жасыл өсімдіктер дамыған және солардың есбінен өмір сүретін гетеротрофтыағзалар есебінде өтеді.
Биосферадағы тірі заттар өнімінің құрамында жылма-жыл 200 млрд тоннадан астам зат болады. Тірі материяның құрамына жыл бойы 6 млрд тонна азот, 2 млрд тонна фосфор және калий, кальций, күкірт, темір сияқты басқа элементтер қосылады. Келтірілген цифрлар тірі материяның биосферадағы өте белсенді құрамбөлік екенін көрсетеді. Тірі материя уақыттың геологиялық қарқынында Жердің басқа қабықтарының қайтадан түзілуіне жәрдемдесетін геохимиялық орасан зор жұмыс істейді.





















Жоспар:

1. Биосфера термині.


2. Биосфера – экологиялық жүйе.


3. В.И.Вернадскийдің теориясы.


4. Биосфера өнімділігі.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]