Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Салық салу түсінігі.

Кіріспе.
Мемлекеттік билік барлық уақытта өз құрамын құрайтын құралдарға мұқтаж болды, алайда оны өзіне тарту тәсілдері халық дамуының деңгейіне және жағдайына байланысты ауысып отыр.
Бірақ, салықтың нағыз дамуының қайна көзі – еркін қалалар, яғни алғашқы буржуаздық мемлекеттер болды. Дәл сол уақытта салық жүйесінің негізгі пішімі қалыптаса бастады, ол: халыққа қажетті жеке меншік принципіне шек қою түріндегі салық, салықтың өзеріктілігі, ақша түріндегі салық және салықты төлеу үшін мүлікті тартып алуға тиым салынуы, жиналған құралдарға немесе қорларды бөлудегі мемлекеттік бақылау.
Қаржының екі негізгі бернесі де (функциясы) осы еркін қалаларда қалыптасты:
1. Мемлекеттік билікті, оның барлық құрамдас атрибуттарымен: басқару аппаратымен, сот, полиция, әскер және тағы басқа жүйелерімен қамтамасыз ету;
2. жалпы мемлекеттік шаруашылық қажеттіліктерді қаржыландыру (коммуналдық шаруашылық, жолдар, байланыс құралдары, одан кейін энергетика, орталық банк, білім, денсаулық сақтандыру жүйесі және тағы басқалары).
Жаңа стратегияның даму барысында әлеуметтік бағытталған нарықтық экономикада оларға үшінші берне қосылды – табысты орнықтыру, міндетті салымдардың арқасында пайда болған бернелерінің құрылуы және кәсіпорын жүйесінің күштілігі әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамтамасыздандырумен көрінеді.
Осылайша, қазіргі кездегі салық жүйесі – ол демократиялық қоғамның өнімі, әлеуметтік нарықтық экономикада құрылған. Бұдан салықты қолданудың негізгі принципі айқындалады – қоғамның дамуына және оның мүдделерін көрсетеді, бірақ қоғамға және оның экономикалық дамуына кедергі болмауы тиіс. Дегенмен, тура осындай әдістеме Тәуелсіз Қазақстанның орнау жотасында осы жылдары өзінің 15 жылдығын тойлап отыр.
Тоталитарлық экономиканы өзгертуге үлкен жұмыстар жасалынған, және қысқа мерзім ішінде қоғамның тез дамуына берік негіз құралған. Өз баяндамасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаев Астанада 2001 жылдың желтоқсан айының 16 жұлдызында Қазақстанның 10 жылдық тәуелсіздігіне арналған мерекелік жиынында айтқандай: «Мемлекет дүниежүзілік нарыққа сай стандарттар алды, соныі арқасында экономиканың мүлде басқа бағытқа ауысуына өз үлесін қосты».
Қазақстан тәуелсіздігінің бірінші жылында-ақ, 1991 жылы, салыққа байланысты жаңа Заң қабылдады. 1995 жылы көп жағдайда нарықтық экономика сұранысының дамуына жауап беретін жаңа Заң қабылданды – Салық Кодексі. Бұл заңды Қазақстан экономикасының өсуіне соңғы 3 жылда елеулі үлес қосты деп белгілеуге болады, себебі ол объективті экономика заідарында құрылды, әлемдік экономика ғылымдарының классиктерімен осы тұжырымдаулар дәлелденген, мысалы Адам Смит.
А.Смитпен шығарылған шарттар мен тезистер салық салудағы сұрақтарында, өзінің күшін қазіргі уақыттағы мемлекеттік политикада ең маңызды, сұрақтарды туғызып отыр. Сайлау қарсаңындағы саяси партия бағдарламаларында және ереуіл қозғалыстарында салық реформалары елеулі орын алып отыр. Қазіргі кездегі Қазақстанда салық – мемлекеттік билік пен қоғам арасындағы негізгі қарама-қайшылық болып табылады. Осы қарама-қайшылықтарды шешуге, едәуір дәрежеде 2002 жылы қаңтардың 1 жұлдызында өз күшіне енген жаңа Салық туралы Заң кқмектеседі.
Дүниежүзілік және меншікті еліктеуге тұрарлық тәжірибе салық проблемаларын шешуге, оны ұйымдастыруға және жүргізуге теңдестіру салық саясаты, экономиканы өрістетуге және қоғамның дәулеттігін жоғарылатуға мүмкіндік туғызады. Сол себепті, оны зерттеу айрықша қызық және Қазақстан Республикасындағы осы күнгі саясат пен экономикалық ахуалды зерттеуде өте құнды болып табылады.
Салық салу түсінігі.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 24.04.1995 жылғы Жарлығына сәйкес (01.01.1998 жылы алғашқы және 01.01.2007 жылы соңғы өзгерістері мен толықтыруларын ескергенде) жалпы мемлекеттік салықтарға жататындар:
1) Заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы;
2) ҚҚС (қосымша құн салығы);
3) Акциздер;
4) Эмиссияны тіркегені үшін Орталық банктің алымы.
Жергілікті салықтар мен алымдарға жататындар:
1) Жер салығы;
2) Заңды және жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық;
3) Көлік құралдарына салынатын салық;
4) Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларды тіркегені үшін алым;
5) Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін алым;
6) Аукциондық сатудан алынатын алым.
Салық кодексі республикалық және жергілікті бюджетке түсетін салықтарды, алымдар мен салымдарды және басқа да міндетті төлемдерді белгілейтін, Қазақстан Республикасы заңдарымен реттелетін кеден баж салығы, алымы мен төлемдері мәселелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы барлық салықтық қатынастарды реттейтін бірден-бір заңды құжаты болып табылады. Салық кодексі салықтардың толық тізімін, оларды есептеу тәртібін, салық салу объектілерін, салықтың негізгі түрлері бойынша төлеушілерін анықтайды. Салықтар, алымдар мен басқа да міндетті төлемдер деп Кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет жүйесіне төлеушілерден аударылған (бөлінген) қаражаттарды айтамыз.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.001 ]