Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Экология

Экология
Экология (грекше «экос» - мекен, «логос»-ғылым ) дегеніміз-организмдердің өздері тіршілік ететін ортамен қарым-қатынасы туралы ғылым.
Жерді,суды сүю,қоршаған ортаны аялай білуді жас ұрпақ бойына ерте жастан бастап қалыптастыру қажет.Келешекте экологиялық күйреу мен апатты болдырмау үшін жас ұрпақты экологиялық сауаттылыққа баулуымыз қажет.Ол үшін экологиялық жалпыға бірдей оқу мен тәрбиеге көшуіміз қажет.Ол-бұрынғы оқу-тәжірибе учаскесі-аудандық,қалалық,облыстық жас натуралистер станциялары.Ал осы станциялар дәл қазіргі жағдайда өз жүгін дұрыс көтеріп келе ме?Келмесе неге?Бұлардың жұмыс жобасын қайта жасап,экологияны зерттеу проблемаларына назар аудару керек.Ол-майда организмдер,саңырауқұлақтар,өсімдіктер,жануарлар,ауыл шаруашылығы,атмосфера мен гидросфера,ландшафтар,білім мен тәрбие,орман-тоғай экологиясы,саеай берсек осындай 39 экологиялық проблемалар берілсе оқу мен тәрбие деңгейі артпақ.Осы бағдарлама бойынша шәкірттерді тәрбиелесек-қазіргі күннің талабынан шығарымыз анық.
Жасыл аумақтардың жыл сайын азаюы үйреншікті көрініске айналуда.Әсіресе Алға,Қандағаш қалаларында,Қарабұтақ,Шұбарқұдық аудан орталықтары айналасын да жасыл белдеулер қатты зардап шегуде.Ауылдық елді мекендердің айналасын жасыл белдеулермен қоректендіру,шаруашылық жұмыстары тоқтап тұр.Автокөлік жолдары мекемелерінің қарамақтарындағы орман шоғырлары иесіз қалуда.Соңғы 3 жыл ішінде осы мекемелерге қарасты жол бойындағы орман шоғырларын құрайтын ағаштар саны кемуде.Ондағы жұмыстар тек қана өрт қаупін болдырмау шараларының аумағында ғана жүргізілуде.
Сөз жоқ,қай мектепте болмасын экология орталығын құруға әбден болады.Өкінішке орай көптеген мектептерде ондай кабинеттер жоқ,әрі бұған химия,биология,физика және география пәні мұғалімдері мән бермейді,себебі,егер,ол орталыққа бөлме берілсе оны күрделі жөндеуден өткізу қажет.Ал оған қаржы жоқ.
1961 жылы қыркүйек-қараша айларында «Возрождение» аралында ядролық жарылыстардың салдарынан теңіздің түбіндегі балықтың қырылуы,Аралдық солт. қапталындағы құмды далада киіктердің кенеттен жаппай қырылуы кең етек алған.Мұндай апаттар 1978 ж болып,300 мың киік,1989 жылы 540 мың киік қырылғаны анықталып отыр.Соңғы он жылда олардың саны бір миллионнан 20 мыңға қысқарған.
Шыны керек біз экологиялық ортаны қорғауда Европа елдерімен салыстырғанда көп артта қалдық.Өйткені ол елдердің балалары баяӨйткені ол елдердің балалары баяғыдан табиғат қорғаудың негізін оқып үйреніп келеді.Оларда экологияны қорғау біріші орында тұрады.Ал бізде кейбір балалардың экология негіздерін оқыту былай тұрсын экология десе аурулары қозып,аллергиялары ұстап кетеді.Көздері шарасынан шыға жаздайды.
Бұл экологиялық сауатсыздықтың көкесі.Осыдан келіп көп жерде табиғат пен экологиялық үйлесімділік бұзылып жатыр.
Экология қазіргі таңда бүкіл дүние жүзін толғандырып отырған проблема.Біздің республикамызда да қоршаған ортаны қорғау жайы өте қиын екені белгілі.Сондықтан соңғы жылдары экология,табиғат қорғау мәселелеріне барлық жерде көңіл бөліне бастады.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]