Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Максвелл Джеймс Клерк

Максвелл (Maxwell) Джеймс Клерк ((Clerk) 13.6.18311, Эдинбург,-5.11.1879, Кембридж)-ағылшын физигі, классикалық электродинамикалық жасаушы, статистикалық физиканың негізін салушылардың бірі. Лондон корольдық қоғамының мүшесі (1860). Эдинбург (1847-50) және Кембридж ун-ттерінде оқыған (1850-54). Әуелі Абердиндегі Маришал-колледждің (1856-60), кейін Лондон ун-тінің (1860-65) профессоры, 1871 жылдан Кембридж ун-тінің профессоры болған. Мұнда ол Кавендиш лабораториясын (1871 жылдан оның директоры) ұйымдастырды.
М-дің ғылыми жұмысы электромагнетизм, газдардың кинетикалық теориясы, оптика, серпімділік теориясы т.б. әр түрлі саладағы проблемаларды қамтиды. Ол электродинамикаға ығысу тогы туралы түсінікті ендірді және электромагниттік өрістің заңдарын дербес туындылығы 4 дифференциалдық
теңдеу жүйесі түрінде өрнектеп бірде (қ.Максвелл
теңдеулері). Бұл теңдеулерден электромагниттік тол-
қындар жайлы болжам жасалды. Электромагниттік
толқынның болатындығын эксперемет жүзінде
Г.Герц дәлелдеді. Теңдеулерді зерттей отырып М-дің
жазықтық электромагниттік табиғатын ашты (1865).
Ол жарық қысымының болатындығын да теориялық
жолмен болжаған, ал оны1895 ж. П.Н.Лебедев экспе-
ремент арқылы өлшеді. Газдардың малекула-кинети-
калық теориясы бойынша жүргізген зертеулерінде
М-дің идеал газ малекулаларының жылдамдық бойынша таралуы жөніндегі статистикалық есепті
алғаш рет шешті. М. – ғылыми еңбектер жазуымен
қатар, көпшілік арасындағы ғылыми идеаларды ше-
бер таратушы да болған. М.Британ энциклапедиясына көптеген мақалалар жазған. Ол Г.Кавендиштің элек-
тір жөнінде жазған еңбектерінің (1879) қол жазбасын
кең көлемді түсіндірмемен жариялрды.
Максвелл – бірліктердің СГС жүйесіндегі магнит
ағынының бірлігі. М.-дің атауы Дж.К. Максвеллдің
есімінен аталған мкс (орысша) не Мх (халықар.) таң-
басымен белгіленеді. 1мкс – магнит индукциясының
шамасы 1гс болатын біртекті магнит өрісінде перпен-
дикуляр орналасқан 1см² ауданы тесіп өтетін магнит
ағынына тең : 1мкс = (1гс) * (1см2).
Максвелл – Больцман Таралуы – координатасы мен импульсының мәндері белгілі бір интервалда орналасқан идеал газ бөлшектерінің санын анықтайтын функция.М.-Б. т-на пайдаланып атмосферадағы газ молекулары концетрациясының жер бетшнен жоғарланған сайын өзгеруын,яғни ауа қысымының биіктікке тәуелділігін анықтайтын барометрлік формуланы алуға болады. М.-Б. т-на тығыздығы төмен және темп-расы жоғары газдар дәл бағынады. Тығыздығы жоғары, темп-расы төмен газ молекулаларының өзара әсерлесуі тым үлкен болатындықтан мұндай газ үшін М.-Б. т-на қолдануға болмайды. Кванттық статистикада бөлшектің Ферми-Дирак статистикасына бағынуына байланысты таралу функциясы да әр түрлі болады.
Максвелл теңдеулері-кез келген ортадағы электромагниттік құбылыстарды сипаттайтын классикалық макроскопиялық электродинамиканың түбегейлі теңдеулері. Электрлік және магниттік құбылыстардың эмпирикалық заңдарын жалпылау негізінде , бұл теңдеулерді 19 ғ-дың 60 жылдары Дж. К. Максвелл қорытып шығарды. М. т-нің қазіргі қолданылып жүрген түрі неміс физигі Г. Герц пен ағылшын физигі О.Хевисайдтың еңбектерінде берілген.
М.т. электромагниттік өрісті сипаттайтын шамаларды өріс көздерімен байланыстырады. Бос кеңістіктегі электрмагниттік өріс электр өрісінің кернеулігі (Е) мен магнит индукциясы (В) арқылы сипатталады. Бұл шамалар заряд пен токқа өріс тарапынан әсер ететін күшті анықтайды. Ал заряд пен токтың кеңістікте таралып орналасуы заряд тығыздығы (q) мен ток тығыздығы (j) арқылы сипатталады. Материалдық ортадағы (заттағы) электромагниттік процестерді сипаттау үшін Е және В векторларымен қатар ортның күйі мен қасиеттеріне тәуелді болатын қосымша шамалар-электр индукциясы (қ. Индукция) (D) мен магнит өрісінің кернеулігі (H) енгізіледі. М.т. интегралдық немесе дифференциалдық түрде жазылуы мүмкін.
Интегралдық түрдегі М. т. өріс векторларының (Е,В,Д,Н) кеңістіктің әрбір нүктесіндегі мәнін қарастырмайды. Ол заряд пен токтың мәні бойынша өрістің осы сипаттамаларының таралып орналасуына байланысты болатын кейбір интегралдық шамаларды (Е мен Н векторларының кез келген тұйық контур бойынша және В мен Д векторы ағынының кез келген тұйық бет бойынша алынған циркуляциясын) анықтайды. Электр өрісінің уақытқа сай өзгеру жылдамдығына пропорционал шаманы Максвелл ығысу тогы деп атаған.Максвеллдің гипотезасы бойынша, өткізгіштік ток тәрізді ығысу тогы да магнит өрісін туғызады (бұл болжам кейіннен тәжірибе жүзінде дәлелденді). Өткізгіштік тоқ пен ығысу тоғының қосындысынан тұратын толық ток барлық уақытта тұйық тоқ болады.
Максвеллдің бірінші теңдеуі былай жазылады:



-магнит өрісі кеунеулігі векторының тұйық контур
(L) бойынша алынған цикуляциясы (яғни контурдың
берілген нүктесіндегі Н векторы мен контурдың шексіз қысқа кесіндісі dl-дің скалярлық көбейтіндісінің қосындысы) берілген контурмен шектелген бет арқылы ағатын толық токты анықтайды.Мұндағы jn-өткізгіштік ток тығыздығының (j) шексіз аз ауданша (ds) нормаліне түсірілген проекциясы (ds ауданшасы–S бетінің бір бөлігі),
-ығысу тогының сол нормальге

түсірілген проекциясы,ал c=3•10 см/сек
-вакуумдағы жарық жылдамдығына тең тұрақты шама.).
Максвеллдің екінші теңдеуі М. Фарадей аш-
қан электромагниттік индукция заңының матем. тұжырымдамасы болып саналады және ол былай жазылады:


-кез келген тұйық контур (L) бойынша алынған электр өрісі кернеулігі векторының циркуляциясы
(индукцияның ЭҚК-і) берілген контурмен
шектелген S беті арқылы өтетін магнит индукциясы векторы ағынының өзгеру жылдамдығын анықтайды. Мұндағы Bn-магнит индуциясы векторының (B) ауданша (ds) нормаліне түсірілген проекциясы,теріс таңба индукциялық токтың бағытын анықтауға арналған Ленц ережесіне сай келеді.
Максвеллдің үшінші тендеуі электр зарядтары тәрізді еркін магнит зарядтарының болмайтындығын дәлелдейтін тәжірибелік деректерді матем. түрде өрнектейді:


-кез келген S тұйық беті арқылы өтетін магнит индукциясы векторының ағымы нөлге тең.
Максвеллдің төртінші теңдеуі (әдетте Гаусс теоремасы деп аталады.) қозғалмайтын электр зарядтарының өзара әсерін өрнектейтін Кулон заңының жалпыланған түрі болып табылады.


бойынш алынған электр индукциясы векторының ағыны , осы бет ішіндегі

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]