Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Қан

Қан – қызыл түсті сұйық зат. Ол палазмадан және қана торшаларынан тұрады. Қан құрамының шамамен 60% плазмадан, 40% – қан түйіршіктерінен тұрады. Плазма сарғыш түсті сұйық зат. Плазманың құрамында 99-92% су,
8-10% құрғақ зат болады. Құрғақ заттың 6-8% белоктардан тұрады. Плазма белоктары альбумин, глобулин, фибирноген фракцияларына бөлінеді.
Плазма белоктарының қызметі әр түрлі. Олар әр түрлі маңызды қызмет атқарады. Оларға буферлік қасиет тән, сондықтан белоктар қанның РН-н тұрақты деңгейде сақтауға мүмкіндік береді. Белоктар қанға тұтқырлық қасиет беріп, артериялардағы қысымды қалыптастыруда маңызды роль атқарады. Олар онкостық қысым туғызып қан құрамындағы су мөлшерінің тұрақтылығын сақтайды, қан мен ұлпа арасындағы судың алмасуын реттейді. Альбуминдер әр түрлі дәрі-дәрмек препараттарын, дәрі-дәрмектерді, гормондарды, бояғыш заттарды (пигменттерді) тасымалдауда зор роль атқарады. Глобулиндер түрлі қорғағыш денелер түзіледі, сондықтан олар организм иммунитетін қалыптастырады. Фибриноген қанның ұю процесіне қатысады. Қан ұйыған кезде фибриногеннің физикалық қасиеттері өзгеріп, ол ерімейтін фибрин талшықтарын түзеді. Плазма белоктары ұлпа белоктарын құрау үшін пайдаланылады.
Плазмада альбуминдер глобулиндермен салыстырғанда екі есе көп болады (тиісінше шамамен 4,5 және 2-3%). Альбуминдердің глобулинге қатынасын белок коэффициетнті деп атайды. Альбуминдер мен фибриноген бауыр торшаларында, ал глобулиндер – тек бауырда ғана емес, көк бауырда, сүйек кемігінде, лимфа түйіндерінде түзіледі.
Қандағы белоктардың арақатынасы малдың жасына, физиологиялық күйіне (буаздық, сүттену), жұмыстың түріне, малдың саулығына қарай өзгеруі мүмкін. Мысалы, жаңа туған төлдің қанында гаммаглобулин болмайды. Олар тек төл уыз емгеннен кейін ғана қанда пайда болады. Төл өсе келе оның қанында глобулин көбейіп, альбумин азаяды. Сүттенудің алғашқы кезеңінде глобулиннің мөлшері өсіп, оның соңында – кемиді. Қандағы глобулиннің мөлшері мал жұқпалы аурумен ауырғанда, органдар қабынғанда күрт көбейеді. Оған себеп, түрлі қорғағыш денелер мен антитоксиндер β – және γ – глобулиндерден түзіледі. Қорғағыш денелер (антиденелер), организмге түскен антигендердің (бөгде заттардың) табиғатына қарай лизиндер (бөгде заттарды еріткіштер), антитоксиндер (токсиндерді, улы заттарды бейтараптағыштар), агглютининдер (бөгде заттарды желімдегіштер), преципитиндер (бөгде заттарды тұндырғыштар) болып бөлінеді.
Қан құрамындағы белоктарға пропердин мен ферменттерде (амилаза, липаза, сілтілі фосфатаза, трансаминаза) жатады. Пропердин липидтер мен күрделі қанттарды (полисахаридтерден) құралған белокты комплекс. Ол 1954 жылы анықталған. Пропердин вирус белоктармен байланысып, оларды зиянсыздандырады, бактерияларды өлтіреді, сондықтан ол небір ауруларға қарсы күресудің туа біткен факторы болып саналады.

Қан плазмасындағы белоктардың мөлшері (г, %).

Жануарлар Альбуминдер Глобулиндер
Жылқы 2,7 4,6
Сиыр 3,3 2,3
Қой 3,1 4,1
Ешкі 3,9 2,7
Шошқа 4,4 3,9
Ит 3,1 2,1
Тауық 2,3 2,8

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.059 ]