Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Аманжолов Сәрсен Аманжолұлы

Аманжолов Сәрсен Аманжолұлы



27.12.1903ж. Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданында, Егінсу ауылында дұниеге келді. 28.1.1958 - ғалым, филология ғылыми докторы(1948), профессор(1948), Қазақстан корреспонденттерінің мүшeci (1954). Орта Азия мемлекеттік университетін бітірген (1930). 1931 ж. КазПИ-де оқытушы, 20 жылдай казак тілі кафедрасының мeңгepyшіci болды. 1934-36 ж. Қазақстанның ұлттық мәдениетінің зерттеу институтының директоры, ғылыми хатшысы кызметтерін аткарды. 1937- 42 ж. КСРО Қазақстан филиалының тіл жәңе әдебиет секторын басқарды. 1942- 44 ж. жауынгерлер арасында үгітші, 1944 - 58 ж. «Кызыл Армия» үгітші блокнотының (Мәскеу) жауапты редакторы, 1946 - 58 ж. Қазақстан Fылым Aкадемиясының тіл әдебиет институтында білім мeңгepyшісі болды. Аманжолов жалпы тіл білімі мен қазақ тіл білімінің теориялық негізін қалыптастыруда, Аманжолов - Байтұрсынов, Жұбанов бастаған ғылыми жұмысты ілгеpi жалғастырды. Ол жазған қазақ тілi оқулықтары мен бағдарламалары ана тілін оқытуды ғылыми жолға қоюға елеулі ықпал eттi. Сонымен қатар халық, ауыз әдебиеті нұсқаларын жинап, әдеби тіл тарихын зерттеумен айналысты. «Қазақ диалектологиясының негізгі мәселелері» деген докторлық диссертациясында қазақтың әдеби тілі мен қазақ тілінің диалектік негізін, оның қалыптасу тарихын, дамуын жан-жақты зерттеді, диалектілердің түркі тілдермен жақындығын, ру-тайпа халық тілінің байланысын, даму жүйесін анықтады. Оның бұл еңбегі қазақ диалектологиясының тіл білімінің бip саласы болып қалыптасуына негіз болды. Аманжолов жалпы тіл біліміндегі синтаксис мәселелерін сөйлемге берілген анықтамаларды сөйлем мүшелерінің табиғатын, сөйлеудің синтаксистіқ құрылымын, сөйлеу мен ойлау арасындағы қарым-қатынасты зерттеді. Ол сөз таптарының сөйлем мүшесi болу шарттары, cөйлемнің элементтері мен дәнекерлері, интонация, оқшау сөздер, шақ пен жаққа қатысты синтаксистік категориялар, құрмалас сөйлемнің пайда болу жолдары, үйірлі мүше жайында тың қорытындылар жасады. Құрмалас сөйлемнің "аралас құрмалас" деген түрін еңгізді. Аманжолов қазақ тіл ғылымының теориясын қалыптастырған, оны практикамен байланыстырған алғашқы тілші ғалымдардың біpi.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]