Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

ДИНА НҰРПЕЙІСОВА (1861-1955)

ДИНА НҰРПЕЙІСОВА (1861-1955)
1861 жылы Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында туып-өскен. Халықтың күйші-композиторы, қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткері. Әкесі белгілі домбырашы адам екен, қызы Динаға 8 жасынан бастап-ақ сол өнердің қыр-сырын үйрете бастаған. Оның ұлы күйші Құрманғазымен алғаш кездесуі де осы кез. 8-9 жасар Дина ұстазының күйлерін үйреніп қана қоймай, оның күйшілік-орындаушылық өнердегі ерекшеліктерін, дәстүрін жалғастырады. Динаның тырнақалды «Бұлбұл», «Байжұма», «Көгентүп» атты күйлерінде халықтың күйшілік дәстүрі айқын сезіледі. 1916 жылғы оқиғаға шығарған «1916 жыл» күйінде Құрманғазының Исатай мен Махамбетке арнаған «Кішкентай» күйінің әсері байқалады.
Дина Нұрпейісованың композиторлық творчествосының кемелденіп, күйшілік-орындаушылық өнерінің шабыттанған шағы – кеңестік дәуір. 1937 жылы ол халық өнерпаздарының Республикалық байқауына қатысып, жүлделі орын алса, екі жылдан соң Мәскеуде өткен халық музыка аспаптарында орындаушылардың байқауында І-орынды иемденіп, «Домбыраның Жамбылы» атанды. Дина күйлері өзінің ұлттық музыкалық бояуымен, терең психологиялық мазмұнымен ерекшеленеді. Бұлардың қатарына атақты «Әсем қоңыр», «Тойбастар», «Ана аманаты», «Сегізінші март» т.б. жатады.
Нұрпейісова қазақ халқының музыка мәдениетіндегі өткендегі және қазіргі бай материалдарын творчестволықпен игерді, осы арқылы өзінің табиғаты бөлек күйлерін, оны орындаудың өзіндік тәсілдерін жарқырата көрсетті. Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында да атақты домбырашының композиторлық қызметі бір сәтке тоқтаған жоқ. «Ана аманаты» күйін өмірге әкеледі, ал соғыстың біткендігі жөніндегі хабарды «Жеңіс» күйімен қуана қарсы алады. Нұрпейісованың көмегімен Мемлекеттік Құрманғазы атындағы Қазақ халық аспаптар оркестрі көптеген ғажайып күйлерді меңгерді. Ол оркестрдің орындаушылық мәдениетін домбырада ойнаудың алуан түрлі ерекше әдіс-тәсілдерімен байытты. Сол арқылы оркестрде Құрманғазының және басқа да көптеген қазақ аспаптық музыка өкілдерінің күйлері орындалып, қуатты симфониялық ансамбльдің үніне айналды.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]