Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Ауыл шаруашылығын несиелеудің экономикалық мәні және оның теориялары.

Ауыл шаруашылығын несиелеудің экономикалық мәні және оның теориялары.

Ауыл шаруашылығы кез-келегн мемлекеттің экономикалық өркендеуіне себеп болатын буындарының бірі. Ауыл шаруашылығына жалпы сипаттама төңірегінде туындаған негізгі сауалдар мен міндеттер қазіргі кезде республикалық кеңесте тереңірек талқылануда. Ауылдық нарықтық құрылымдардың аяғынан тұруы, мол шаруашылығы мен егіншілікті дамыту, бюджет қаражатын тиімді пайдалану, несиелендіру, техника және технологиямен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер ауыл шаруашылығында бірден-бір мақсаттары болып отыр.
Ауыл шаруашылық кәсіпорындары халық үшін азық-түлік өнімдерін, өнеркәсіптің бір қатар салалары үшін шикізат өндіреді. Ауыл шаруашылығының өнеркәсіптен, құрылыстан және халық шаруашылығының басқа салаларынан оны ажыратын өзіне тән ерекшеліктері бар.
1. ауыл шаруашылғы ең басты және ешнәрсемен ауыстыруға болмайтын, табиғаттың өзі берген өндіріс құралы жер болып табылады.
2. Аграрлық сектордағы реформаларды жедел аяқтау және ауыл тұрғындарының әлеуметтік қорғалуын аңықтау.
3. Үкіметтің іс-қимылы, үкіметтің үш жылға арналған іс-қимылының негізгі бағыттары нақты және тиімді меншік иесін қалыптастыру, аграрлық, аграрлық секторды қамтамасыз етудің инфрақұрылымын дамыту тиімді фермерлік және жеке шаруашылықтарды мемлекеттік қолдау, шағын несиелендіру және кедейлікке қарсы күрес жүргізу болмақ.
Үкімет ауылда ең алдымен жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыруды, жұмысынан айырылған азаматтарды жұмыспен қамтуды, жеке кәсіпкерліктің дамуына жәрдемдесуді, үкіметтік емес негізді шағын несиелеу жүйесін жасауды және халықтың тұрмысы төмен жіктерін қолдайтын қор құруды қалыптастыруға арналған азаматтарды жұмыспен қамтуды, жеке кәсіпкерліктің дамуына жәрдемдесуді, үкіметтік емес негізінде шағын несиелеу жүйесін жасауды және халықтың тұрмысы төмен жіктерін қолдайтын қор құруды қалыптастыруға арналаған әлеуметтік саясатты жандандырады. Бұл Қазақстан Рсепубликасы үкіметінің 1998-2000 жылдарға арналған іс қимыл бағдарламасында қарастырылған.
Республика агроөнеркәсіп кешенін реформалаудың концептуальдық бағдарламасы кешенді сипатта болып, оның барлық салаларын және республика аймақтарын түгел қамтуы керек. Қазақстан экономикасында негізгі көніл бөлініп отырған саланың бірі – ауыл шаруашылығы. Қазақстан агроөнеркәсіптік кешені және оның реформалау мен нарықтық қатынастарға көшу кезеңіндегі дамуының негізгі бағыттары.
Қазақстан – 16,5 млн адам тұратын Орталық Азиядағы ірі ел, ол өзінің көлемі жағынан дүние жүзінде сегізінші орын (жер аумағы 2 млн 717,3 мың шаршы км) алады.
Көмір, қара және түсті металл, мұнай, газ өндіру жөніндегі дамыған өнеркәсібі, металлургия және металл өңдеу, машина жасау, химия және жеңіл өнеркәсібімен қатар республиканың мықты агроөнеркәсіптік потенциалы да бар.
Ауыл шаруашылқ жерінің көлемі 222,3 млн гектар, оның ішінде егістік жер 36 млн гектар, жайылымдық жер 5 млн-ға жуық гектар құрайды. Әрбір жан басына шаққанда шамамен 2,2 гектар жерден келеді. Бұл дүние жүзіндегі ауыл шаруашылығы жағынан дамыған көптеген елдердегіден әлдақайда көп. Соңғы жиырма жылдың ішінде жыл сайын орташа есеппен 24 млн тоннаға жуық астық, 1,5млн тоннаға жетеғабыл ет, 3,5 млн тоннадан астам сүт және 100 мың тоннаға жуық жүн өндірілді.
Қазақстанда ауыл шаруашылық дақылдарының 60-қа жуық түрі өсіріледі, сүтті және етті ірі қара, жүнді, етті-майлы және қаракөл қойлар, жылқы, түйе, шошқа, құстың бірнеше түрлері, марал, сондай-ақ ара мен балық, мамық жүнді аң шаруашылығы бар. Республиканың агроөнеркәсіп кешенінің бірінші сферасы (I – қор шығаратын) машина жасау, микробиологиялық және химиялық өнеркәсіппен айналысуда.
Агроөнеркәсіп үшін машина жасаумен Павлодар трактор зауыты, Ақмола эрозияға қарсы техника шығару өндірістік бірлестігі және “Манкентживмаш”, “Актюбсельмаш” пен Мамлют машина жасау зауыттары мал шаруашылығы үшін машина жасаумен айналысады.
Республика ароөнеркәсіп кешенінің екінші сферасында (II-ауыл шаруашылығы) экономикалық реформалардың басында 2 200 кеңшар және басқа мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен 406 ұжымшар жұмыс істеді.
Қазақстан өнеркәсіп кешенінің үшінші сферасы (III – дайындау, сақтау және т.б.) тамақ, ет-сүт және ұн – жарма өнеркәсібі кәсіпорындарынан, дайындау, сақтау, сондай –ақ ауыл шаруашылғын өндірістік техникалық, транспорттық, агрохимиялық, мал дәрігерлік-санитарлық және суландыру жөнінен қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдардың жүйесінен және агроөнеркәсіп кешенінің басқа да саларынан тұрады.
Қазақстан агроөнеркәсіп өндірісі дамуының маңызды ерекшелігі алабөтен – топырақтық-климаттық жағдайы мен өсімдік өсіретін топырақ бетінің әр түрлілігі, олардың көлденеңнен және тігінен аймақтануын анықтайтын кең байтақ жер аумағы алып жатқандығы болып табылады. Температураның (100 град) тиімді жиынтығы солтүстіктегі 25 000-нан оңтүстік-шығыста 45 000-ға дейін аралықта құбылып отырады. Соның өзінде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі қысқарып отыруда. Атап айтсақ, астық егіндіктері 25 млн гектардан 12-14 млн тоннаға түсті. Бұрын бір гектардан 10-12 центнер алынатын болса, соңғы жылдары 6,0-6,5 центнер жиналатын болған. Дәл осы қарқынмен төмендей берсек, Қазақстан бұрынғы сыртқа астық шығарушы елден, сырттан астық сатып алушы елге айналады.
Сондай-ақ мал шаруашылығы да құлдырау сипатына тән болып отыр. Әртүрлі дақылдар мен жем шөптік өсімдіктерді егіп, жинаудың төмендеуіне орай мал азығының жетіспеушілігі туындады. Айталық, мал басы 1991-ші жылмен салыстырғанда 2-есеге азайса, сүт өндіру 40%- ке түсіп кеткен. Ауыл шаруашылық экономикасының басқа салалардан айырмашылығы, ерекшелігі осында – яғни ауыл шаруашылық тауарларын өндіретін шаруа қожалықтарының өзара бір-бірімен тығыз байланысты, тәуелді болуы. Біз ауыл шаруашылығын көтеруде осындай ерекшеліктерді ескеруіміз қажет. Яғни ауыл шаруашылығын көтеруде тұтастай қамтуымыз керек.
Ауыл шаруашылығы салаларын реформолау процестері кезінде, төлем қаражаттарының жетіспеуіне байланысты ауыл шаруашылығында натуралды айырбас қалыптасты. Айырбастың негізгі құралдарының бірі тек - мал болды. Осының нәтижесінде 1993, 1998 – ші жылдар аралығында ауыл шаруашылығында мал басы күрт қысқарды.
Жалпы, қазіргі ауыл шаруашылығы экономикасы жағдайына әсер етуші факторлар бар, оның ішінде негізгілері мыналар:
1. Табиғи факторлар (ауа-райы, жер құнарлығы, су эрозиялары, стихиялық апаттар және тағы басқа);
2. Өндіріске қажетті негізгі қорлар және айналыс құралдары факторлары. (трактор, машина, тұқымды дәндер, минеральды және органикалық тыңайтқыштар);
3. Мемлекеттік органдар, жергілікті әкімшіліктер және шаруашылық субъектілері арасында құқықтық қатынастар факторлары. (мемлекеттік органдар, әкімшіліктер, салық ұйымдары және т.б.);
Бұл аталған факторлардың әр қайсысы өз дәрежесінде ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға оң немесе теріс ықпалын тигізіп отырады.
Мәселен, 1997-жылдың ауыл шаруашылығы өндірісінің қорытындысы бойынша, әр гектардан орта есеппен 15,8 центнерден өнім алынды, бұл 1996 жылмен салыстырғанда 7,8 центнерден артық. Барлығы 300 мың тонна.
Ал, 1998 жылы егін шаруашылығында егістік көлемі 669,9 мың гектар. Бұл 1997 –жылдағыдан 23 мың гектар көп. Мұның ішінде, 219,5 мың гектар астық, 197,8 мың гектар дәнді дақыл, 117,2 мың гектар техникалық дақыл, 117,4 мың гектар мақта, 44 мың гектар картоп және бау-бақша, 215,1 мың гектар жемді дақыл егілді. Бар болғаны 6,4 млн тонна астық өндірілді.
Ал, мал шаруашылығына келсек, бұл сала тоқтаусыз кему үстінде, 1997 жылдың 1-желтоқсанға дейін облыстың барлық шаруашылық түрі бойынша 358391 ірі қара ғана болды. Бұл 1996 жылмен салыстырғанда 2252 ірі қараға кемігенін көретеді. 1998 жылдың өткен он бір айында барлығы 221612 сиыр болды.
Ал, 1997 жылы 222984 сиыр бар еді. Қой шаруашылығы 1997 жылы 1653,8 мың ғана болатын. Соңғы жылда ғана түліктің бұл түрі 347,6 мыңға шегерілді.
Ауыл шаруашылығының негізгі бағыттары астық шаруашылығы мен мал шаруашылығы болса, қазір екеуіде өз бағытынан адасып отыр. Астық шаруашылғының құлдырауы 1995 жылдада-ақ басталған. Егер сол уақытта 9,5 млн тонна астық алатын болсақ, жоғарыда айтып өткендей, 1998 жылы бар болғаны 6,4 млн тонна астық өндірілді. Ал, астыққа ішкі сұраныстың өзі жылына 6млн тоннадан артық. Шамамен 1,7 млн тонна астық келесі жылдың тұқымы үшін қажет, жем үшін 2 млн тонна, таза тұтыну астығы 1,7 млн тонна, басқа қажеттіліктер үшін 0,6 млн тонна қажет.Қорытындылай келе, ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайы толық қанағаттаннарлық деуге болмайды. Себебі, ауыл шаруашылығында машина, құрал жабдықтардың тозып, құрып кетуі, табиғаттың әр түрлі әсері және тағы басқа да жағдайлар. Сондықтан да, ауыл шаруашылығын жаңа техникамен және технологиямен қамтамасыз ету үшін қаржы қажет.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]