Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Ағылшын тілі сабақтарының танымдық белсенділікті арттыру мүмкіндіктері

Ағылшын тілі сабақтарының танымдық белсенділікті
арттыру мүмкіндіктері

Қорытынды

Қазақ халқы баланы тәрбиелей отырып, танымын кеңейткен.
Халықтық қағида: Жаман айтпай жақсы жоқ. Баланың танымдық мүмкіндіктерін арттыру барысында: жақсы мен жаманды, үлкен мен кішіні, және нақты мен жалпыны ажырата білуді меңгертуді бастайды. Сонымен зерттеу барысында оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін анықтау арқылы дамыту процесі барысында анықтағанымыз: танымдық мәдени іс-шаралар балалалардың жан-жақты дамуына бағытталған.
Оқушылардың танымдық белсенділігіне теориялық жағынан Т.И.Шамова, Г.И.Щукина, Р.С.Омарованың басқа да арнаулы әдебиеттерге талдау жасалып төмендегідей қортындылар жасалды. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың жолдарын кеңіген қолдану.Сонымен қатар оқушылардың танымдық әрекетін арттырудағы оқытудың әдістері мен формаларының дидактикалық жүйесін тиімді қолдану.
Сонымен қатар мектеп оқушыларына жүргізілген бақылаулар нәтижесінде олардың танымдық белсенділігін арттырудың мынадай көрсеткіштері байқалды:
- білім алуға және меңгеруге тырысу;
- танымдық үрдісі мен танымдық іс-әрекетінің эмоционалдық көрінуі;
- танымдық әрекеттің еркінің болуы;
- бос уақытын пайдалана білу сипаты;
- жаңаны білуге ұмтылысы;
- мектепке деген жағымды қатынасы.
Баланың оқу әрекеті мазмұнына мыналар кірді: ғылыми ұғымдар мен ғылыми заңдылықтарды түсіну және практикалық міндеттерді шешуге бағытталған ойлаудың жалпы амал-тәсілдерін меңгерту. Осыған орай балалардың ғылыми білімді және дағдыларды меңгеруі олардың өсу әрекетінің негізгі мақсаты және нәтижесі болып табылады.
Оқытудың мақсаты мен оқушыларға білім, білік, дағды берумен ғана емес, сонымен қатар олардың және қасиеттерін қалыптастыру.
Зерттеу барысында осындай қасиеттердің бірі танымдық қызғушылықты тұрақтандыруға бағытталған танымдық белсенділік және оқу-танымдық әрекет арқылы білімді тиімді игеру оқу-танымдық мақсаты болып табылды.
Бұл қасиеттер табылатынын оқушының белсенділігі мен байланысты таным процесінде негізінен көп кездеседі. Бұл жағдайда белсенділік мақсатқа жетудің жолы ретінде қарастырдық.
Сондықтан оқу үрдісінде баланың білім алуға, өз бетімен әрекет етуге деген құлшынысын оятуға түрткі болатын танымдық белсенділікті арттырудың маңызы жоғары болып табылады.
Сабақта олардың қызығушылығын тудыруда әр түрлі көрнекіліктерді қолдану, ойын әрекеті арқылы олардың танымдық белсенділігін арттырумызға болатыны белгілі болды. Ағылшын тілі сабағында әр түрлі технологиялар қолданылды.
Оқушылардың танымы - өзіне тән ерекшелігі бар күрделі үрдіс. Танымдық әрекеттің негізінде оқушылардың танымдық белсенділігі артады.
Яғни, танымдық белсенділік дегеніміз – оқушының оқуға , білімге деген ынта – ықыласының, қызығушылығының, құштарлығының ерекше көрінісі болып табылды.
Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін мұғалім сол пәнге жан – жақты жетіктігін аңғарту қажет. Оқушының өзіндік ынта – ықыласы болмаса, ол сол пәнді жан – жақты меңгере алмайды. Оқу еңбегінің қиындығына төзімділік танытқан оқушы ғана өзіндік белсенділігін дамыта алады.
Төменгі мектеп жасындағы баланың танымдық іс-әрекеті оқыту үрдісінде жүзеге асады. Осы жаста қарым – қатынас шеңберінің көбеюінің маңызы артады. Баладағы өтіп жатқан осы өзгерістер педагогтердің бүкіл оқыту – тәрбиелеу жұмысын нақты мақсатқа бағыттауды талап етеді.
Негізгі іс түрі – оқу болып табылады. Осы оқу арқылы олардың танымы дамиды. Оқыту үрдісінің қозғаушысы - ұстаз бен оқушының біріккен танымдық іс-әрекеттерінің жиынтығы болып табылады.
Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың тиімді жолының бірі -өзіндік жұмысы. Өздігінше жұмыс, оқушылардан мидың белсенді жұмыс істеуін қажет етеді, осыдан кейін ақиқатты танудың белсенділіктің негізі пайда болады.
Оқушылардың өзіндік әрекетінің нәтижесінде оның бойында мынадай қасиеттер қалыптасты:
1.Өз бетінше ойлану біліктері .
2.Оқуға деген ынта – ықыласының артуы.
3.Өз ойының дербестігі.
4.Өз бетімен жұмыс жүргізуі.
Осы іс-шаралар нәтижесінде туған ұсынысым:
1. Танымдық іс-шараларды оқушылармен бірлесе отырып өткізу.
2. Танымдық іс-шараларды оқушылардың жан-жақты дамуына бағыттау.
3. Білімді жетілдіруде ұлттық дүниетаным жөнінде дәріс беру.
4. Балалардың өздері ізденіс жүргізіп жатқан танымдық материалдарын
тереңінен анықтап білу.
5. Сабақта жаңа технологияларды кеңінен қолдану.

Қорыта айтсақ жалпы қай халықты алсақ та ұрпағын, Отанын сүюге, еңбекке, дәстүр-салтын сақтауға, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырғанымыз жөн болады ойлаймыз.
Ендеше оқушылардың дүниетанымын кеңейтуде танымдық белсенділігін арттырып, білім, біліктерін жетілдірудің қоғамдық мәні зор болып келеді.












М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің
6N0103 Педагогика және психология
мамандығының ІІ-курс магистранты
М.А.Кубееваның ғылыми еңбектерінің
қорытынды





Есебі

1. «Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру мектептегі
оқытудың негізгі мәселесі» атты мақалам Қазақстан Халықтар Достығы университетінде «ХХІ-ғасырда білім мен ғылымды ұштастырудың жолдары және білікті мамандар даярлау сапасын арттырудың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция еңбектерінде шықты. Шымкент, 2006.
Мұнда оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру-мектептегі оқытудың негізгі мәселесі болып табылады. Оқу әрекеті баланың дамуының басты шарты, оқыту үрдісінде маңызды мәселелердің бірі, оқушылардың танымдық қабілеттері мен дербестігін арттыру, өз бетінше жұмыс істеуге баулу, танымдық белсенділікті арттыру қарастырылған.
2. «Ағылшын тілі сабағында оқушылардың танымдық қызығушылығын
ойын әрекеті арқылы арттыру» атты мақаламды Мирас университеті еңбектеріне жібердім. Международная научно-практическая конференция «Наука и техника в ХХІ веке» Актуальные проблемы повышения качества подготовке специалистов. Шымкент, 2006.
Мұнда ойын арқылы оқушының білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғаның дамуын қалыптастыру. Төменгі сынып оқушыларының аңсары оқудан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп тапсырмаларды орындауға тырысады. Ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді.



Магистрант: Кубеева М.А.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.001 ]