Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Орыс поэзиясының жарық Жұлдызы

Орыс поэзиясының жарық Жұлдызы
Дайындық кезеңі: А.С.Пушкиннің балалық шағы, ақын кезіндегі суреттері, оның ертегілеріне байланысты салынған суреттері дайындалып, шара өткізілетін күні балаларға экраннан көрсетіледі. Пушкин ертегілері бойынша қазақ және орыс тілінде шыққан ақын кітаптарынан көрме ұйымдастырылады.
Әлемде не жарық? Күн жарық. Адамда не жарқын? Даналық. Бұларсыз дүние қараң. Бұл екеуінің жарығы мен жылуы, шапағаты мен шарапаты дүние жүзіндегі барша адамзатқа аян, ортақ, өлшеусіз ұзақ. Күннің көзін бұлтпенен, данышпанның көзін зар заман қиыншылығымен бүркеуге болады, бірақ мүлдем сөндіру, өшіру мүмкін емес.
Орыс халқының ұлы ақыны Александр Сергеевич Пушкиннің өмірі де соған дәлел. Оның өлеңдері мен әлемде тең келмес шығармалары міне, екі ғасырға жуық поэзия сахнасысының төрінен орын алуда.
Пушкин есімі мен оның шығармалары қазақ оқырмандарына ертеден таныс. Шығыс халықтарының ішінде ең алғашқылардың бірі болып Абай оның өлеңдерін, «Евгений Онегин» романынан үзінділер аударып, оның кейбір сөздеріне ән шығарған. Абай салып берген бұл дәстүрді Қазақ жазушылары ілгері жалғастырып, Пушкин шығармашылығына айналып соқпаған, одан үлгі алмағаны жоқ десек қателеспейміз. Бүгінде қазақ балалары Пушкин ертегілерін, өлеңдерін, роман-поэмаларын орыс тілімен қатар, өз ана тілімізде де оқи алады. Ақынның тамаша тілмен жазылған өлеңдері мен сан қилы кейіпкерлерге толы ертегілерін оқыған оқырманды бей-жай қалдырмасы анық.

«Ханның қызын кет алып,
Таста орманға апарып.
Таң, еменге байлап кет,
Өлсін қор боп қасқыр жеп»... ,- (ауд.Ә.Тәжібаев) дейтін залым өгей шешені және патша әйелін, кішіпейіл де мейірбан хан қызын, айлакер Балданы, қатігез Дадон патшаны, астау тойымсыз жанындағы кемпірді кім білмейді. Мүмкін сендер
«Теңіздің жағасында жасыл емен,
Тағулы сол еменге алтын шынжыр:
Түн демей, білгір мысық күндіз демей
Шынжырмен шыр көбелек айналып жүр.
Жүрсе ол оңға айналып-өлеңдетер,
Айналса солына егер-ертек шертер»- (ауд. Ә.Тәжібаев) деп басталатын ғажайып «Руслан мен Людмила», ондағы оқымысты білгір мысық туралы, зұлымдық пен қиянатқа қарсы күрескен жаны жайсаң, жаужүрек жігіт жайлы жазылған «Дубровский» немесе шаруалар көтерілісінің басшысы Пугачевпен кездесіп, дос болған жас офицер Гринев туралы естіген боларсыңдар. Ақынның
«Толқынданған тұманнан
Ай бұлқынып шығады.
Төңірекке мұңайған
Мұңды сәуле құяды»-деп басталатын (ауд. Ғ.Орманов) «Қысқы жол», немесе
«Әрі аяз шуақ күн тамаша!
Маужырап жатпақшысың, досым, қанша,-
Сұлуым, оянатын уақыт болды,
Ләззәтпен жұмған назды көзіңді аша...»- деп қысқы таңды тамаша суреттейтін (ауд. Т.Жароков) «Қысқы таң» және бала кезіндегі тәрбиешісіне арнаған «Менің ауыр күндерімнің сырласы» сияқты өте танымал өлеңдері сендерге таныс.
Ертегі, өлең, повесть, поэма... бұлардың барлығы Пушкин жазған телегей –теңіз мол дүниенің болмашы бір тамшысы ғана. Ақынның поэма, драма, романдары қаншама.
Әрине, біз Пушкинді тек жақсы әңгімелері үшін ғана жақсы көрмейміз... Пушкин шығармаларында әртүрлі оқиғалар, адам өмірінің түрлі тағдыры және әртүрлі елдер туралы керемет шеберлікпен, қызықты етіп жаза білген. Ол Кавказ жерінің таулары мен асау өзендері, Қара теңіз, Қырым, Одесса, Мәскеу, Петербург қалалары, орыс деревнясының тыныс-тіршілігі туралы және сол кезде өмір сүрген адамдар үшін бейтаныс Италия, Испания, Франция, Англия сияқты алыс елдер туралы жазған. Пушкин бұл жерлер туралы жаза отырып, бала мен ересек, әйел мен ер адам, жас пен кәрі, шаруа мен мырза, генерал, патша және қайырымды, адал адамдармен қатар қатыгез, жауыз кейіпкерлердің іс-әркеттері көз алдымыздан керемет жанды бейне түрінде өтіп жатады.
Пушкин өзінің шығармаларында сол кездегі адамдар мен оқиғалар туралы әңгімелеп қоймай, өткен өмір туралы да қалам тербеген. «Руслан мен Людмила», «Борис Годунов» сияқты шығармаларында алыста өткен өмір , орыс князьдері мен батырлары туралы жазады.
Пушкиннің көптеген өлеңдері музыкаға салынып, оның ірі шығармалары: «Руслан мен Людмила», «Салтан патша туралы », «Алтын әтеш», «Евгений Онегин», «Русалка», «Дубровский», «Борис Годуновқа» опера жазылған.
Пушкиннің өмірі өзінің поэзиясы сияқты өте қызық болды. Ақынның өмірге келуі де өзгеше еді...
...Александр Сергеевич 1799 жылы Мәскеу қаласында ақсүйектер отбасында дүниеге келген. Оның шешесі жағынан арғы атасы Африка жерінен келген Ибрагим атты бұйра, қара шашты эфиоп еді. Оны өз елінен ұрлап шығып, Түркия еліне әкеліп, орыс патшасы Бірінші Петрге сыйға тартады. Бала Ресей жеріне келгеннен кейін, оған Ганнибал деген ата-тек беріледі. Пушкиннің шешесі Надежда Осиповна Ганнибал осы «Ұлы Петр арабының» немересі еді. Болашақ ақынның әкесі Сергей Львович әдебиетке әуес, тіпті өзі өлең шығаратын кісі болған. Ал оның інісі, Василий Львович, кезінде белгілі ақын атанған. Пушкиннің үйіне сол кездегі көрнекті ақындар жиі- жиі келіп тұрады екен. Поэзия жайындағы әңгімелер, өлең оқу, әкесінің бай кітапханасы зерек, алғыр балаға үлкен әсер етіп, оның ақындық талантының оянуына себепкер болған. Пушкиннің бала күндегі досы тәрбиеші әйел Арина Родионовна еді. Қарапайым шаруа қызы болашақ ақынның халық поэзиясына құштарлығын оятуда зор әсер еткен. Пушкин өзінің әжесі Мария Алексеевнаны да өте жақсы көрген. Әжесі мен тәрбиеші әйел кішкене Сашаға халық ертегілерін, әндері мен әңгімелерді майын тамызып айтып беріп отырған. Кейіннен Пушкин естіген халық ертегілері бойынша өзінің тамаша шығармаларын жазған.
Ақын балалық шағында-ақ орыс әдебиетінің сол кездегі тамаша туындыларымен, батыс Еуропаның алдыңғы қатарлы ақын-жазушыларының еңбектерімен танысып үлгерген.
Лицейде оқып жүрген кезінің өзінде-ақ белгілі ақындарды таң қалдыратын өлеңдер жазған. Көп кешікпей ол Ресейдің ең атақты ақынына айналады. Дегенмен, оның өмірі толассыз еңбек пен күреске толы өте ауыр қиындықпен өтеді.
Бостандықты аңсаған өлеңдері және декабристермен жақын достығы үшін Ресей патшасы оны әр түрлі жерлерге айдауға (Михайловск селосы, Кавказ, Молдавия ) жібереді. Дегенмен, Пушкиннің аса дарындылығына көз жеткізген жаңа патша оны сарай ақыны етуді көздейді. Бірақ, қашанда ақиқатты бәрінен де жоғары бағалаған ақын өз жүрек қалауындағы дүниелерді ғана жазады.
Ақынның айдауда Михайловское селосында, қалың орман саясында әдебиетпен айналысуы бекер емес. Ақындық бүкіл өмірінің мәні мен мағынасы екенін ұғынған ақын сөйтіп орыс әдебиетін биіктетіп, ұлттық мүдденің аспандауына қызмет қылды.
Өзінің ата-тегін мақтан тұтқан екі жүзді ақсүйектер мен су жүрек қорқақтар оны сол үшін жек көріп, дарыны мен ақылын, батылдығы мен әділдігін іштері күйе күндеп, шығармаларын бастыртпай тастайды. Пушкиннің өмірі мен ісіне қиянат жасауға дейін барды.
1837 жылдың қысында ақынға тіл тигізгендердің бірі, орыс әскерінде қызмет етуші Дантес деген француз бен Пушкин арасында дуэль болды. Бұл дуэльде ақын қатты жарақаттанып 10 ақпан күні қайтыс болады. Ол кезде ақын 38 жасқа да толмаған еді...
Сол күндері бүкіл Ресей халқы күңіреніп, «орыс поэзиясының күні батты» деген сөздерді қайталап, сұмдық қазаға қатты қайғырды.
Пушкиннің ғұмыры өте қысқа болды. Бірақ ол өмірінде сан ғұмырға тұрарлық ғаламат іс тындырды. Пушкин шығармашылығы арқасында орыс әдебиеті дүние жүзінің аса үлкен әдебиеттерінің біріне айналды.
Пушкин бүгінде орыс халқының ғана емес, барлық халықтарға ортақ ақын. Қазақ халқының Абай бастаған барлық ұлы ақын-жазушылары, суретші, композиторлары, көптеген ғалымдарымыз Пушкинді оқып, тіпті оны қайталап оқып, мәңгі ұстаз тұтты және ол жалғасын тауып келеді.
Шынында Пушкиннің жазғандары ғажайып бір сиқырлы дүниеге ұқсайды:
Қара боран көкті жапты
Қарлы құйын қуалай.
Кейде ұлыған аң сияқты,
Кейде жылайды баладай.
Небәрі он төрт-ақ сөзден тұратын шап-шағын осы шумақта қаншама ғажап көрініс қамтылған десеңші: түнерген аспан, долданған боран, қарлы құйын... Оның бірде гуілдеп, бірде ысқырған ұнамсыз үні расында аш қасқырдың ұлығаны мен жас баланың жылағанын еріксіз еске түсіреді.
Бұл өлең табиғаттың көңілсіз көрінісі туралы болғанымен, ол әсемдікке толы. Пушкин шығармалары табиғат сұлулығына, әсемдік әлеміне арналады.

Ашылмай жиі күн көзі,
Торлайды көкті күз кезі,
Күндер де қысқа күздегі,
Қаңқылдап қаздар тізбегі
Күнгейге қарай жөнеді,
Даланы тұман қаптады,
Түнеріп сая бақтағы
Жапырағын жадау төгеді;
Таусылды кездер тамаша;
Қайрылды қайта қараша,-деп төгілген өлең жолдарынан ақынның көңіл күйін түсінеміз.
Ақынның жақсы көретін жыл мезгілі – күз. Ақын жыл сайын өзінің сүйікті жыл мезгіліне арнап бірнеше өлең арнаған.
Ертегі әрқашан қалай аяқталады? Әрине, ақиқат зұлымдықты, өсек-өтірікті, тойым

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]