Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

2004 жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары

2004 жылдың қорытындылары бойынша еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы баяндама жобасына материалдар
Министрлік қызметінің әлеуметтік-еңбек саласындағы 2004 жылға арналған басымдықтары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған Бағдарламасында және Елбасының Жолдауында және Қазақстан Республикасы Парламентінің жаңадан сайланған Мәжілісінің бірінші сессиясының ашылуында айтылған сөзіне сәйкес айқындалды. Бұл басымдықтар жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізуге, халықтың тұрмыс деңгейін жақсартуға, еңбекке жарамсыз және аз қамтамасыз етілген адамдарды әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етуге, оңалту шараларын одан әрі дамытуға бағытталды. Басымдықтарды іске асыру мақсатында министрлік өткен жылы өз қызметінің барлық бағытындағы заңнамалық және нормативтік құқықтық базаны жетілдіру және институционалдық дамыту жөнінде жұмыс жүргізді.Еңбек қатынастары
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Еңбек қодексінің жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына жіберілді.
Министрлік еңбек заңнамасын жетілдіру шеңберінде: Қазақстан Республикасындағы қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілерге түгендеме жүргізді, осының нәтижесінде 7 нормативтік құқықтық актіні қайта қарау туралы шешім қабылданды.
2004 жылғы ақпан айында қабылданған «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» Заңды іске асыру үшін Қазақстан Республикасында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленіп, ол мүдделі министрліктер мен ведомстволармен келісуден өткізілді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына жіберілді.
Бағдарламаның мақсаты өндірісте қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттанудың болдырмау және алдын алу, құқықтық, ұйымдық-техникалық және әлеуметтік-экономикалық шараларды әзірлеу және іске асыру есебінен еңбек процесінде адамның өмірі мен денсаулығын сақтау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу болып табылады.
Жұмыс берушілердің еңбек заңнамасы талаптарын сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі негізгі міндеттеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік еңбек инспекторлары 2004 жылы ұйымдарда 18236 тексерулер мен зерттеулер жүргізді, бұл 2003 жылғы көрсеткіштен 9,2 % артық. Тексерулер барысында 129 819 бұзушылық, оның ішінде – 74668, яғни жалпы бұзушылықтардың 57,5% - еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, 52120 (40,1%) - еңбек туралы, 3343 (2,4 %) – жұмыспен қамту мәселелері бойынша айқындалды.
Анықталған бұзушылықтар бойынша мемеңбекинспекторлары заңды және лауазымды адамдарға қатысты бұзушылықтарды жою туралы 20978 ұйғарым, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 10385, еңбек туралы – 9230, халықты жұмыспен қамту бойынша – 1363 ұйғарым шығарып, жалпы сомасы 63.3 млн. теңгеге - 4743 айыппұл салынды, бұл орайда өндіріп алынған айыппұлдар – 56,4 млн. теңгені құрады.
Бұдан басқа, жұмыс орындарында қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруіне орай мемеңбекинспекторлары 3138 бірлік түрлі механизмдерді, станоктар мен жабдықтарды және 154 өндірістік объектінің жұмысын тоқтатты.
Қызметкерлердің жазым болуына әкеп соқтырған, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнаманы түрлі бұзушылықтар үшін 404 лауазымды адам жұмысынан босатылды, құқық қорғау органдарына жіберілген материалдар бойынша 115 лауазымды адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 11 % артық.
Мемеңбекинспекторлары құқықтық әсер ету шараларының нәтижесінде жұмыс берушілер 114517 бұзушылықты жойды, бұл еңбек заңнамасын жалпы бұзушылықтардың 88,2 % құрайды.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары еңбек заңдарын бұзушылықтар мен өндірістік жарақаттанулардың алдын алу мақсатында республика ұйымдарында 1939 семинарлар мен сабақ ұйымдастырды, бұл 2003 жылғы көрсеткіштен 40,2 % (1383)артық. Сонымен қатар, еңбек қатынастарының, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың құқықтық аспектілері жөнінде БАҚ-да 749 мақалалар мен хабарлар жарияланды.
Бұдан басқа, 2004 жылы азаматтардың олардың еңбек құқықтарын қорғау туралы өтініштерінің, сондай-ақ еңбек заңдарымен реттелетін мәселелер бойынша түсінік алуға келушілердің саны 11,9 % артты. Бұл өтініштердің саны 10761 жетті, оның 7720 еңбек қатынастары мәселелеріне арналған. Азаматтардың барлық өтініштері мен арыздары бойынша тиісінше жауаптар мен түсінік берілді, ал шұғыл араласуды қажет ететін жағдайларда даудың себебін анықтау және құқықтық әсер ету шараларын қабылдау үшін меминспекторлардың барып тексерулері жүзеге асырылды.
Өндірістік жарақаттанушылықты талдау республика ұйымдарында жалпы жарақат алушылардың саны есепті кезеңде 9,8 % төмендегенін көрсетіп отыр. Өндірісте зардап шеккендердің жалпы саны 2004 жылы 3041 адам болды, ал өткен 2003 жылы бұл көрсеткіш 3373 адам болған еді. Сондай-ақ, зардап шеккен әйелдердің саны да 12,4 % төмендеп, 2003 жылғы 453 адамға қарағанда 2004 жылы – 385 адам болды.
2004 жылы 83 топтық жазатайым оқиға болды, бұл 2003 жылға қарағанда 12,6 % төмен. Бірақ осы оқиғалардан зардап шеккен қызметкерлердің саны өткен жылғымен салыстырғанда 8,3 % артық болып отыр.
Өндірісте жұмыстың қанағаттанғысыз ұйымдастырылуы, еңбек және өндірістік тәртіптің, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының бұзылуы, қызметкерлерді жұмыстың қауіпсіз тәсілдеріне үйрету мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаманың қамтамасыз етілмеуі өндірістегі жазатайым оқиғалардың басты себебі болып табылады. Сондай-ақ, қызметкерлердің бірқатары өздеріне тәуелсіз себептер, жол-көлік оқиғалары салдарынан зардап шекті.
Еңбек жағдайларының анағұрлым жоғары деңгейін жасау мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес «Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жұмыс істейді. Оның негізгі міндеттерінің аясына еңбек жағдайлары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ғылыми зерттеулер жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік еңбек инспекторларының, инженер-техник қызметкерлер мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы өзге де мамандардың біліктілігін арттыру кіреді.
Министрлік жанында еңбек қатынастарының мүдделі субъектілерін (жұмыс берушілер, кәсіподақтар, қызметкерлер) еңбек қауіпсіздігі және еңбек гигиенасы саласындағы ақпаратпен қамтамасыз ету үшін Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ақпарат орталығы құрылған. Біліктілік арттыру курстарында оқып жүргендерге заңнама базасын және түрлі көздерден (конференциялар, семинарлар, кеңестер, өндірістегі жазатайым оқиғаларды зерттеп тексеру қорытындылары және т.б.) Министрлікке келіп түсетін ақпараттық материалдарды пайдалануға мүмкіндік беріледі.
Еңбек рыногындағы ахуал
Қазақстан экономикасының тұрақты өсу қарқыны республиканың еңбек рыногына оң әсер етуде, ол экономика салаларында жұмыс істеушілер қатарының тұрақты көбеюімен және жұмыссыздық деңгейінің төмендеуімен сипатталады.
Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің деректері бойынша республика экономикасында 7.1 млн. адам жұмыс істейді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,4 % артық.
Еңбек рыногындағы жағдайды жақсартуға Қазақстан Республикасында кедейлікті азайту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру әсер етіп отыр. Мәселен, 2004 жылы жұмыссыздық деңгейі (алдын ала деректер) 8,4 % (2003 жылы 8,8 %) болды. Өңірлер бойынша оның ең төмен деңгейі ШығысҚазақстан және Павлодар облыстарында байқалады.
Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган тіркеп отыратын еңбек рыногында да жағдай осылай қалыптасып отыр (экономикалық белсенді халыққа шаққанда тіркелген жұмыссыздар үлес салмағы – 1,5 %). Тұтастай алғанда, еліміз бойынша 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тіркелген жұмыссыздардың саны 117,7 мың адам болды, немесе алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,6 % азайды.
2004 жылы жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі органдарға еңбек делдалдығына 282,0 мың азамат өтінішпен барған. 2003 жылмен салыстырғанда олардың қатары 8,4 мың адамға артық. Өтінішпен барғандардың үшінші бөлігі немесе 93,2 мың адам ауылды жердің тұрғыны болып табылады.
Өтініш берген адамдар қатарының жоғары болуы Қарағанды облысында байқалды, мұнда – 48,8 мың адам (оның ішінде ауылды жерлерден – 9,0 мың адам), ал Шығыс Қазақстан обылысында - 32,2 мың адам ( 9,4 мың адам), сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысында – 25,5 мың адам ( 9,9 мың адам), Алматы облысында – 20,6 мың адам (11,0 мың адам) және Павлодар облысында – 20,2 мың адам (6,5 мың адам) болды.
2004 жылы жұмыспен қамту органдарының жәрдемдесуімен 167,5 мың адам немесе өтініш білдіргендердің 59,4 % жұмысқа орналастырылды. Ауылды жерлерде 53,0 мың адам (өтініш білдірген ауыл тұрғындарының 56,9 %) жұмысқа орналастырылды.
Өтініш бергендерден жұмысқа орналастырылған азаматтардың ең көп үлес салмағы (60 және одан кө

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]