Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Германияның Кеңес Одағына байланысты жоспары

Германияның Кеңес Одағына байланысты жоспары
1940 жылдың жазынан бастап Гитлер жоспарының негізгі бөлігі Кеңес Одағының күшін жою болды. Кеңес Одағы Гитлердің көз алдында Германияның идеологиялық жауы ретінде көрінді. Гитлер саяси аренада да КСРО-ны өзінің жауы ретінде қарастырды, және ерте әлі кеш пе КСРО Германияға қарсы әрекет жасайтынына сенімді болды. Соғыстың ұзақтылығынан Германияның шикізатқа тәуелділігі артты. Оны тек Кеңес Одағы ғана бере алатын болды. 1941 жылы Гитлер Редерге егер ол Шығыстағы қауіпті жойған жағдайда ғана Англиямен соғысты жалғастыра алатындығн айтты. 1941 жылы Гитлердің жоспары бойнша Кеңес Одағы өзінің өмір сүруін тоқтатуы керек болды. 1942 жылы Орталық Шығыстағы ірі операциялар нәтижесінде Гитлер Жапонияның көмегімен АҚШ соғысқа дайын болмас бұрын Англияны жоюды көздеді. Гитлер Кеңес Одағын қысқа мерзімде жоятындығына еш күмәні болған жоқ еді. “Барбаросса жоспары” бойынша КСРО-ға қарсы әскери қимылдар 1941 жылдың күзінде басталуы керек болатын. Бұл жағдайда Гитлер өзіне жақтастар іздей бастайды. Ол Румыния мен Финляндияға сүйенеді. Ө ткені олар Кеңес Одағы тарапынан зорлық шекті. Сонда да Финляндия Германиямен одақ құруға асықпады. Румыния болса Германиямен тығыз саяси қатынастарға түсуге дайын болды. Гитлердің жақтастарына Венгрия, Италия, Словакия, Хорватия қосылды.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]