Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Құқықтық ұғым және оның мәні

Құқықтық ұғым және оның мәні

Құқық ең маңызды әрі ең күрделі қоғамдық кұбылыс ретінде түсінілетін философиялық категория. Сондықтан да оны бірнеше тұрғыдан қарастыру керек. Алдымен, субъективтік тұрғыдан қарастырсақ құқық қандай да бір тұлғаның мүмкіндіктерін, әрекет еркіндігін білдіреді. Мысалы, білім алу, еңбек ету, демалу, өмір сүру, қорғану құкығы секілді тікелей субъектімен байланысты құқықтар. Объективтік мағынадағы құқық — нормативтік құкықтық актілерде белгіленген нормалардың жиынтығын білдіреді. Бұл орайда көрсетіп кету керек — субъективтік құқық объективтік құқықтың негізінде туындайды және тоқтатылады. Мәселен, 1999 жылдың 1 маусымынан бері "объективтік құқықтын" негізінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің қоғамдық көлікте тегін жүруге деген "субъективтік құқықтары" тоқтатылып, жеңілдіктер алынып тасталған. Құқық бұл керсетілгендерге қоса, оқу пәні ретінде де түсініледі (әкімшілік құқық, Азаматтык, құқық, Еңбек құқығы және т.б.)- Құқықтық объективтік және субъективтік мағыналардың біріктіріле түсінілетіндігі де жоққа шығарыл-майды. Осыларға қарап құқықтың аса күрделі категория екенін білуге болады. Жалпы алғанда құқық дегеніміз — мемлекет белгілеп, мақұлдаған жалпыға міндетті мінез-құлық ережелерінің (нормалардың) жиынтығы. Құқықтың өзіндік ерекшелігі оның нормаларын сақтау мемлекеттің мәжбүр ету күшімен қамтамасыз етілетіндігінде.
Құқықтың мәні Конституцияда және басқа да заңдарда бекітіліп, тиянақталған оның түп қазық бастауларында, негізгі принциптерінде ашылады. Оларға жататындар: саяси биліктің халықтың атынан жүзеге асуы, меншіктің дамуы, корғалуы және олардың субъектілерінің тендігі; демократизм, интерпационализм, гуманизм.
Саяси биліктің халықтың атынан жүзеге асуы. Бұл ереже Қазақстан Республикасында мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы — халық болып табылады делініп, Конституцияда дәйектелген. Халық мемлекеттік билікті тікелей және өз өкілдері арқылы жүзеге асырады.
Меншіктің дамуы, қорғалуы және олардың субъектілерінің теңдігі— мемлекеттің материалдық-техникалық базасын құрудағы маңызды шарт.
Конституцияда Республиканың экономикасы мемлекеттік, сонымен қатар жеке меншік нысандарына негізделетіні, ал мемлекет меншіктің барлық субъектілерінін. заң алдындағы мемлекеттер аумағындағы өзінің азаматтары мен занды тұлғаларының өз мүліктеріне деген меншіктік құқығын қорғайды.
Демократизм азаматтық күқьіқтар мен бостандықтардың кен. ауқымымен ұштаса отырып, адамның мемлекеттік істерді шешуге қатысу құкығын қамтамасыз ететін оның қүқықтары мен бостандықтарын заң жүзінде бекітуді білдіреді. Демокра-тизм азаматтардың қоғам алдындағы міндеттерінің ішіндегі айрықша орын алатыны — олардың мемлекеттік істерді басқа-руға қатысуы міндеттерін орындауы арқылы мейлінше толық жүзеге асады. Қазақстан Республикасы қоғамдык, бірлес-тіктердің Конституция мен зандар шеңберінде мемлекеттік істерді басқаруға, заңдарды талқылау мен кабылдауға, мемлекетгік және жергілікті деңгейдегі мәні бар мәселелерді шешуге қатысуына кепілдік береді.
Интернационализм — барлық ұлттар мен ұлыстардың өзінің саяси, шаруашылык және мөдени дамуындағы заң жүзіндегі және іс жүзіндегі тендікті тану және оны қүқықпен қамтама-сыз ету болып түсініледі. Республикамызда нәсіліне, үлтына, тіліне және т.б. жағдаятгарға қарамастан қүкық пен бостан-дықтендігіне кепілдік беріледі. Еліміздегі Қазақстан халыкта-ры Ассамблеясы интернационалдык үйым.
Гуманизм (латын тіліндегі һитапиз — адамдык, адамгер-шілік) — адамның жеке тұлға ретіндегі кұндылықтарын, оның еркін даму және өз қабілеттерін көрсету құқығын тану. Адам-ның кадір-қасиеті мен кұқыктарын қадірлеуді қамтамасыз ету-ден тұратын басты күқықтық принциптердің бірі — оның игіліктеріне қамқорлык, жасау.
Адамгершілік принципі Ата Заңымызда айрықша аталған. Онда әркімнің өмір сүруге құқығы бар екені, ешкімнің ез бетінше адам өмірін қиюға хакысы жоқ екені, сондай-ақ адам мен азаматгың ар-ожданы мен абыройына қол сүғуға болмай-тыны женінде баяндалған. Сонымен қатар адамның кінәлі екендігі сот үкімімен дәлелденіп, үкім занды күшіне енбейінше, адам қылмыс жасады деп танылмайтындығы женіндегі қағида орнықтырылған. Осылайща, кез келген күдік дәлелденгенге дейін айыпталушы түлғаның пайдасына шешіледі.
Құкық пен моральдын, өзара байланысы және езара шарттастығының арақатынасы қандай? Біздің құкыққа моральдың жоғары принциптері тән. Мораль да, құқық та әлеуметтік нормалардың түрлері ретінде бір мақсатқа: әлемдік қауымдастықтың ажырамас бөлігі — мызғымас Қазақ мемлекеттілігінің құрылысына қызмет етеді. Қазіргі заманда Қазақстан Республикасының функциясы күрт өзгеріп, дамуда, негізгі бағыты нарықты экономиканы қалыптастыру, либерал-демократиялық мемлекетгі орнату.
Мемлекеттің функциясы туралы әр түрлі ой-пікірлер бар. Солардың бірі — функция көп өзгеріске ұшырамайтын деп, бірнеше үрлерін келтіреді: жалпы қоғамдық, әлеуметтік, таптық, ұлттық, ғылыми-техникалық, экологиялық, интернационалдық функциялар. Функцияны жүйелеудің келесі түрі: тұрақты және уақытша функциялар; негізгі және негізсіз функциялар; заңды қабылдау, орындау, қорғау функциялары. Мемлекеттердің көпшілігі функ-цияны ішкі және сыртқы функциялар деп екіге бөледі. Осы пікірді қазіргі заманда мемлекеттер дұрыс деп қолдануда.
Мемлекеттің функциясының орындалуын қамтамасыз ететін
— мемлекеттік аппарат пен органдар. Әуелі функцияны орындау үшін тиісті мемлекеттік орган құрылады. Бірнеше органдар функцияның мазмұнына қарай мемлекеттік аппаратты қалыптастырады. Функцияның орындалу кезең-сатылары: функция — орган
— аппарат — мемлекет. Мемлекеттің функциясы арқылы қоғамның алдында тұрған мүдде — мақсаттардың мазмұнын, оның орындалу бағыттарын, толық білуге болады. Мемлекет қызметінің (функциясының) негізгі белгілері:
- қызметтің жүйесі, оның атқаратын жұмыстарының мазмұны және қатынастардың түрлері арқылы анықталады;
- функция сарапталып, жіктеліп, кешенді түрде жүргізіледі;
- мемлекеттің қызметі аппараттарының қызметіне ұқсамайды. Мемлекет функциясы қоғамдық көлемде жүргізіледі;
- мемлекеттің атқаратын қызметін мемлекеттік жұмыстарының әдіс-тәсілінен айыра білуге болады;
Мемлекет қызметінің орындалу әдістері: жеке тұлғалар ерікті, ерексіз түрде орындайды; мемлекеттік органдар, бірлестіктер, ұйымдар өздерінің кұзыретінің шеңберіне сәйкес орындайды. Егер дұрыс орындалмаса, еріксіз түрде орындау қамтамасыз етіледі.
Құқықтың саясатпен және экономикамен арақатынасын білудің құқықтың мәнін сипаттаудағы маңызы зор. Құқық пен саясаттың мазмұны қоғамдағы өндірістік қатынастармен айқындалады. Мемлекеттің саяси шараларының басты аспектілері қүқықта бейнеленіп көрсетіледі.
Құқық экономикалық базистің қондырмасы деп саналады. Өмірдің материалдық жағдайы өзгергек сайын құқықта өзгеріп отырады. Қазіргі уақыттағы шаруашылық жүйесінің өзгеруіне байланысты зандардың да тиісінше өзгеріске үшырап, толық-тырылып отыруы занды құбылыс. Қоғамдық катынастардың бұдан кейінгі дамуында да құқықтың ролі арта түсуі керек.
Конституциялық құқық дегеніміз — Қазақстан Республикасының мемлекеттік және қоғамдық құрылысының негіздерін құрайтын қоғамдық катынастарды, мемлекет пен жеке адамның қарым-қатынасын, принциптерін, сайлау жүйесінің негіздерін халықтың колындағы мемлекетгік билікті іске асыру тетіктерін реттейтін және белгілейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Конституциялык құқық, — кұқықтың жетекші саласы. Себебі оның басты қайнар көзі Конституцияның өзі болып табылады. Ол мемлекеттік билікті жүзеге асыру аясында калыптасқан маңызды қоғамдық қатынастарды реттейді. Оның нормалары басқа құқық салалары үшін бастапқы негіз қызметін атқарады. "Қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз" деген жолдармен Конституциямыздың қабылдануы ұлттық мемлекеттің дамуындағы маңызды кезең болды әрі республикадағы саяси, экономикалық, әлеуметтік дамудың бай тәжірибесін нығайта түсті.

Мемлекет және жеке адам .
Ата заңымызда Қазақстан Республикасында адам құқықтары мен бостандықтары танылып, оларға кепілдік берілетіні жөнінде айтылған. Мемлекет өз қызметін азамат пен қоғамның мүддесінде жүзеге асырады. Біздің қоғамымыз — шынайы ізгілікті қоғам. Осыған байланысты бізде қоғам мен жеке адам арасындағы карым-қатынас мәселесіне елеулі мән беріледі. Конституцияда жеке адамның құқықтық жағдайы, оның қоғамда алатын орны, яғни құқықтық мәртебесі баянды етілген. Құқықтық мәртебе (латынша status — орын, жағдай) — Республика азаматының құқықтық жағдайы (құқықтар мен міндеттерінің жиынтығы). Республикадағы әрбір адам азаматтық алуға, оны өзгертуге құқылы.
Азаматтық деген ұғым адамның белгілі бір мемлекетке құқықтық тиістілігін түсіндіреді. Азаматтыққа қарай адамға мемлекеттің заңдары, белгіленген азаматтық кұқықтар мен міндеттер тарайды. Азаматтық адамның тууына байланысты, Қазақстан Республикасының азаматтығына кабылдануына байланысты пайда болады. Республика азаматтығын алудың мегіздері мен т

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.003 ]