Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Денсаулық сақтау саласы

Денсаулық сақтау саласында 2006-2007 жылдары денсаулықтың негізгі көрсеткіштерінің біршама жақсарғанын, тұрғындарға көрсетілген медициналық қызмет сапасының артқанын және медициналық ұйымдарды материальдық – техникалық жағынан жарақтандырудың оңды үрдісі сақталғаны белгіленді.
2006 жылы денсаулық сақтаудың 15 құрылыс объектісі салынып пайдалануға берілді. Іске қосылған объектілер арасында 3 туберкулез ауруханаларының әрқайсысы 60 төсектік Мұғалжар, Темір және Шалқар аудандарында және 110 төсектік қалалық балалар ауруханасы бар.
Енгізілген барлық объектілер сапалы медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін осы заманғы медициналық құрал - жабдықтармен жабдықталған.
2006 жылы жалпы сомасы 425,0 млн. теңгеге облыстың 43 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жасалып, оның 27 нысаны ауылдық денсаулық сақтауды қамтиды.
2007 жылдың басында тұрғындар саны медициналық ұйымдарды ашуға мүмкіндік беретін облыстың барлық елді мекенінде медициналық пункттер мен дәрігерлік амбулаториялар ашылды.
Медициналық ұйымдарды материалдық – техникалық жарақтандыруға бюджеттен 850 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді. Нәтижесінде әрбір аудандық аурухана 40-50 млн. теңгенің осы заманғы озық медициналық құрал – жабдықтарын алды.
Алынған құрал – жабдықтардың ішінде бұрын қол жетпей жүрген компьютерлі және магнитті резонанс томографы бар. Денсаулық сақтаудың ауылдық ұйымдары және қалалық жедел көмек бекеті қосымша 30 автокөлікпен жарақтандырылды.
Тұрғындардың арасында жоспарлы иммундық алдын алу іс-шаралары көп тараған жұқпалы аурулар көрсеткішін де төмендетуге мүмкіндік берді.
Әсіресе, залалы мен зардабы басым жұқпалы ауруларға, оның ішінде тұмауға қарсы күрес күшейтілді. Соның нәтижесінде соңғы жылдары тұмауға шалдығу көрсеткіші шекті межеден асқан жоқ.
2007 жыл денсаулық сақтауды реформалау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың бірінші кезегін аяқтаған жыл болды.
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жылдары (2005-2007 жылдар) денсаулық сақтау бюджеті 1,7 есеге ұлғайды. Егер денсаулық сақтау бюджеті 2006 жылы 7,2 млрд. теңгені құраса, 2007 жылы 11,3 млрд. теңге көлемінде бекітілді.
2007 жылы сомасы 1,3 млрд. теңгеден астам денсаулық сақтаудың 17 объектісі пайдалануға берілді. Оның ішінде 200 қабылдауды жүзеге асыратын емханасымен 60 төсектік Байғанин аудандық орталық ауруханасы және 250 қабылдауды жүзеге асыратын Шалқар аудандық орталық емханасы, 7 дәрігерлік амбулатория және 5 медициналық пункт бар.
Жалпы сомасы 572,3 млн. теңгеге денсаулық сақтаудың 57 объектісі күрделі жөнделді.
Денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыру үшін 1372,8 млн.. теңгеден астам қаражат бөлінді. Нәтижесінде ядролық-магнитті резонансты томограф пайдалануға берілді, пациенттер үшін қан препараттарының барынша қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, облыстық қан орталығы үшін жоғарғы технологиялық жабдық сатып алынды.
Мемлекеттік Батыс-Қазақстан медициналық академиясы базасында кардиохирургиялық Орталығы ашылды. Бөлім халықаралық сапа стандарттарына сәйкес медициналық техника мен аппаратурамен жабдықталды, шығыстардың жалпы сомасы 235,0 млн. теңгені құрады.
Облыстың медициналық ұйымдарының санитарлық машина паркі 41 автокөлікпен толықтырылды, соның ішінде шұғыл медициналық көмек көрсету үшін қазіргі заманғы жабдықпен жарақтандырылған 2 реанимобиль бар.
Ақысыз және жеңілдікті негізде тұрғындарды амбулаториялық жағдайларда медициналық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 1,0 млрд. теңге бағытталды.
Облыс экономикасының қарқынды дамуының себебінен денсаулық сақтау саласындағы оңды өзгерістердің ықпалымен демографиялық ахуал көрсеткіштері жақсарып, тұрғындардың әлеуметтік маңызы бар науқастарға шалдығуы біршама азайды.
Туу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 2006 жылғы 19,74 қарсы 2007 жылы 20,59 құрады. Жалпы өлім көрсеткіші төмендеді және 1000 тұрғынға 9,52 құрады (2006 жылы 9,63) құрады. Нәресте өлімі 1000 тірі туылғанға 2006 жылғы 14,4 – тен 2007 жылғы 13,38 дейін төмендеді.

Кадр мәселесінде қанағаттандырарлық серпін байқалуда. Тұрғындардың дәрігер кадрлармен қамтылу көрсеткіші 10 000 тұрғынға шаққанда 39,2, орта медицина қызметкерлері – 66,5 құрады.
Тұрғындардың туберкулезбен ауруының төмендеуін соңғы жылдардың елеулі жетістігі деп есептеген жөн. 2007 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 9,9 % кеміді.
Жалпы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсаруының және жүргізіліп жатқан денсаулық сақтау іс-шараларының нәтижесінде эпидемиологиялық ахуал қалыпты күйін сақтап келеді.
Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің материалдық-техникалық базасы елеулі түрде нығайтылды. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының зертханаларына жаңғырту жүргізілді. Заманға сай зертханалық жабдықтардың 56 атауы және 68 бірлігі сатып алынды және пайдалануға берілді.
Заманға сай жабдықтар сатып алған сәттен бастап АОСЭСО санитарлық-эпидемиологиялық сараптаудың жаңа деңгейіне көтерілді. Бұған қоса зертханалық зерттеулердің номенклатурасы 70,2%-тен 98% дейін кеңейе түсті.
Денсаулық сақтау қызмет көрсетуіне арналған Мемлекеттік шығыстар 2008 жылы облыстың 1 тұрғынына есептегенде сомасы 21429 теңге көлемінде жоспарланды, ал 2007 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 15 771 теңгені құрады.
Саланың күрделі шығындары елеулі өсті, жыл аяғына дейін 600 млн. теңге бюджеттік қаражаттар денсаулық сақтаудың 43 объектісін, соның ішінде ауылдағы 22 объектісін күрделі жөндеуге жұмсалатын болады.
Мемлекет басшысының Қазақстан Халқына арнаған Жолдауында айтылған, «100 мектеп 100 аурухана құрылысы» жобасы ауқымында облыста 2 жаңа аурухана – ересектердікі және балалардікі, сондай-ақ (Ақтөбе қаласының «Тұрғын үй қалашығы» және «Авиақалашығы») ауысымына 500 адам қабылдайтын 2 емхананы салу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Олардың құрылысы үстіміздегі жылға жоспарланып отыр.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен үстіміздегі жылы денсаулық сақтау объектілерін салуға сомасы 231,3 млн. теңге жоспарланды.
Жыл аяғына дейін Құрашасай дәрігерлік амбулатория, Байғанин ауданының Баршақұм ауылында медициналық пункт, Заречный-1 ауылында дәрігерлік амбулатория пайдалануға беріледі.
Биыл облыс аудандарында қосымша 10 типтік медициналық пункт және дәрігерлік амбулаторияны салу басталады.
Қонаев көшесі бойындағы жаңа мөлтек аудандағы тұрғын корпустардың бірінде аусымында 150 қабылдауды жүзеге асыратын емхана ашылатын болады. Сонда, цокольді қабатта орталықтандырылған кешенді зертханамен жабдықтау жоспарлануда.
Ана мен бала денсаулығын сақтау әлеуметтік саясаттың негізгі басымды бағыттарының бірі болып табылады.
Перзентханалық мекемелерге диагностиканың және емдеудің жаңа технологияларын іс-тәжірибеге енгізу ана мен бала өмірінің сапасын арттыруға ықпалын тигізеді.
Жедел және шұғыл медициналық көмек станцияларының қызметі жетілдірілуде, бригадалардың саны нормативке дейін жеткізілді.
Облыста медициналық академия базасында өңірлік кардиоорталық құрылды, онда коронография орындалады, коронарлық тамырларын стенттеу басталды.
Мақсатты топтағы тұрғындарды алдын-ала қарау және амбулаторлық деңгейінде тұрғындардың жекелеген топтарын (аурулардың бекітілген түрлері бойынша диспансерлік есепте тұрғындар, 5 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер) дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тұрақты жүргізілуде.
2008 жылғы 1 мамырда бюджеттік қаражаттардың 11,3 млн. тг. жүкті әйелдер үшін йод және темір препараттарын жеткізуге, 17,9 млн. тг. – балалар мен жеткіншектер үшін дәрі-дәрмектерге, 10,2 млн. тг. – 5 жасқа дейінгі балаларға, 256,1 млн. тг. – азаматтардың жекелеген санаттары үшін аударылды.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.003 ]