Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Халыққа әлеуметтік көмек көрсету

1.2.7. Халыққа әлеуметтік көмек көрсету
2006-2007 жылдарда 30,6 мың жаңа жұмыс орнының ашылғаны жұмыспен қамтылғандардың өсуіне және жұмыссыздар санының азаюына ықпал етті, сонымен қатар 2007 жылы құрылған жұмыс орындарының саны 15,7 мың бірлікті құрады, оның ішінде 12,8 мыңы тұрақты негізде құрылды. 2006 жылғы нақты көрсеткішіне өсім 105,9% құрады.
Жұмыспен қамтудың белсенді формаларымен қамтамасыз етуде жұмыссыз азаматтарға тұрақты көмек көрсетілді. Жаңадан ашылған және бос тұрған жұмыс орындарына 2006-2007 жылдарда 23,6 мың жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, қоғамдық жұмыстарға 6,5 мың жұмыссыз азамат қатысты, 2,5 мың жұмыссыз жаңа немесе қосымша мамандықтар алды.
Азаматтарды жұмысқа орналастыру мүмкіндігін арттыруға жұмыс іздестіру Клубы жұмысы бағытталған, мұнда 2006-2007 жылдары 420 адам оқудан өтті. Осы кезеңде 42 бос орын жәрмеңкелері өткізілді, нәтижесінде жәрмеңкеге қатысқан қатысушының әрбір үшіншісі жұмысқа орналастырылды. Оқу орындарының 672 түлегі үшін жастар практикасы ұйымдастырылды. Мақсатты топтарға кіретін азаматтар үшін 746 әлеуметтік жұмыс орындары ашылды.
Орташа жанға шаққандағы кірісі кедейшілік шегінен төмен аз қамтылған отбасыларын және азаматтарының кірісін арттыру және кедейшілік жағдайынан шығару үшін әр түрлі шаралар қабылданды. Бұл кедейлердің және аз қамтылған азаматтардың санын тұрақты қысқартуға көмегін тигізді.
2007 жыл бойында кедейшілік шегінен төмен тұратын азаматтардың саны 6,8 мың адамды құрады, олардың 6 мыңына сомасы 112,9 млн. теңгеге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
2007 жылы тұрғын үй көмегі сомасы 75,8 млн. теңгеге 9,5 мың отбасыға тағайындалды.
Азық-түлік себетінің бағасынан төмен табысты отбасылардағы 18 жасқа дейінгі 25 мың балаға 2007 ж. 310,5 млн. теңге көлемінде жәрдемақы тағайындалды. 2008 жылдың 1 қаңтарына облыстағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарында тіркелген жұмыссыздардың саны 2007 жылдың басына қарағанда 34,9 % қысқарған, облыстың экономикалық белсенді халқына шаққанда нақты тіркелген жұмыссыздық деңгейі 2007 жылдың басындағы 1,0 %-ға қарағанда 0,7 % құрады.
2008 жылдың қаңтар-қазанында 12748 жаңа жұмыс орны құрылды, 10253 жұмыссыз азамат жұмысқа орналастырылды, оқуға, дайындауға және қайта даярлауға 870 жұмыссыз жіберілді. Жұмыспен қамту органдарында тіркелген 4820 адам үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылды.
2008 жылдың 1 қазандағы күйі бойынша кедей және аз қамтылған азаматтардың саны 6795 құрады, оның 6338 адамы сомасы 80,0 млн теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алатындар болып табылады. Азық-түлік себетінің бағасынан төмен табысты отбасылардағы 18 жасқа дейінгі 31406 балаға 275,7 млн. теңге көлемінде жәрдемақы тағайындалды.
Жалпы 2008 жылдың қорытындысы бойынша 10 мыңнан астам жұмыс орнын ашу күтілуде. Жаңадан ашылған және бос тұрған жұмыс орындарына жұмыспен қамту органдары арқылы 10,1 мың адам жұмысқа орналастырылады, кәсіби дайындықпен 1,1 мың жұмыссыз қамтылады, қоғамдық жұмыстарға 5,5 мың жұмыссыз азамат қатысады, әлеуметтік жұмыс орындарына тұрғындардың мақсатты топтарынан 360 жұмыссыз орналастырылатын болады.
Қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбекақысын төлеуге қаражаттар, кәсіби дайындыққа және азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларды (жастар іс-тәжірибесін ұйымдастыру, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, бос орын жәрмеңкелерін өткізу) іске асыруға шығындар қажеттілігі тиісінше 231,9 млн. теңге, 20,3 млн. теңге және 34,2 млн. теңгені құрайды.
2008 жылы облыс бойынша кедейшілік шегінен төмен кірісі бар кедейлер және аз қамтылған азаматтарының орташа жылдық саны 6,7 мың адамды құрайды. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер, аз қамтылған отбасыларынан шыққан азаматтарды тұрақты және уақытша жұмысқа, оған қоса әлеуметтік жұмыс орындары, қоғамдық жұмыстарға орналастыру жөніндегі шараларды қабылдау, жұмыссыздарды кәсіби дайындау және қайта дайындауды жүзеге асыру атаулы әлеуметтік көмек алатындардың санын 6,8 мың адамға дейін төмендейді.
Аталған көмектің түрін төлеуге 2008 жылы (республикалық трансферттерді есепке ала отырып) 196,1 млн. теңге қарастырылған. Алайды, 2008 жылдың 1 маусымында тағайындалған атаулы көмектің нақты сомасы – 41,1 млн. теңгені ескере отырып, үстіміздегі жылдың аяғына дейін қажеттілік 122,4 млн. теңгені құрайды. Осыған байланысты 2009-2011 жылдарға арналған қажеттілік 129,9 – 146,2 млн. теңгені құрайды.
Бұдан басқа, 2008 жыл бойында азық-түлік себетінің бағасынан төмен табысты отбасылардағы 18 жасқа дейінгі 31,7 мың бала ай сайынғы жәрдемақы алады деп күтілуде, бұл 351,9 млн. теңге тартуды қажет етеді.
Тұрғын үй көмегін 9,1 мың отбасыға тағайындау күтілуде. 2008 жылғы бюджетте қалаға бөлінген 133,8 млн. теңге субсидиядан тұрғын үй көмегіне 35 млн. теңге қарастырылды.
Осылай жергілікті бюджетті есепке ала отырып, тұрғын үй көмегіне бөлінген қаражаттар 110,8 млн. теңгені құрайды. Осы мақсаттарға қаражаттар қажеттілігінің төмендеуі жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың шешімі бойынша 2007 жылы 9 санаттағы азаматтарды, ал 2008 жылы 12 санаттағы азаматтарды 50-ден 100% коммуналдық қызметтерді төлеуден босатуымен байланысты.
2008 жылға қаражаттардың нақты қажеттілігі 110,8 млн. теңгені, 2009 жылы 119 млн. теңгені құрайды және 2011 жылы 128,2 млн. теңгеге жетеді.
Тұрғындарды жұмыспен қамтитын іс-шараларды іске асыру, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, балаларға жәрдемақы төлеу және тұрғын үй көмегін көрсету үшін 2008 ж. бюджеттік қаражаттардың жалпы қажеттілігін бағалау – 945,5 млн. теңгені құрайды.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.001 ]