Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Физика

Физика (грек. physike, physis – табиғат)- өріс пен заттың жалпы қаситтерін және олардың қозғалыс заңдарын зерттейтін ғылым.Физика – табиғат жөніндегі жетекші ғалымдардың бірі. Ол басқа да жаратылыс тану ғылымдары
сияқты ұзақ тарихи даму жолынан өтті.
Жеке физикалық ілімдердің пайда болу дәуірі физика жайлы алғашқы деректер Ежелгі Вавилон , Египет жазбаларында кездеседі. Зәулім сарайлар мен күрделі құрылыстар (пирамида , қорғандар) салу жұмысында құрылыс механика мен статиканың қарапайым заңдылықтары және рычаг , көлбеу жазықтық тәрізді қарапайым механизмдер пайдаланылды.Практикалық талаптардан туған Ежелгі Вавилон , Египет ғылымының теориялық негізгі халық арасында тарамады. Ғылым терелдей діни абыздар қолында болды. Ежелгі грек ғалымдары табиғат құбылыстарын, табиғаттан тысқары, күштің әсерінсіз –ақ ғылыми негіздерді түсіндіруге ерекше мән берді. Ежелгі грек ғалымдары (Гераклит, Анаксимандр, Амаксимен, Фалес т.б.) табиғат негізінен төрт элементтен (от, топырақ, ауа және су) тұрады десе Демокрит (б.з.б. 5ғ.) Эпикур (б.з.б. 341-270), Лукреций (б.з.б. 1ғ.) дүниенің ең қарапайым кірпіші одан әрі болінбейтін бөлшек – атом деп санады. Атом туралы ілім талай ғасырға созылып талас – тартыстан кейін , қазіргі табиғат жайлы ғалымдардың негізіне айналды. Аристотелдің табиғат жайлы жазған кітабы “Физика” деп аталған. Осыған орай Аристотильді физиканың негізін қалаушы деп те атайды. Архимед гидростатиканың негізгі заңын (Архимед заңы) ашты , қарапайым механизмдерді зерттеді.
Демокрит , Аристотиль , Архимед тәрізді ерте дүниедегі ұлы ғалымдардың ғылымға қосқан теңдесі жоқ мол үлесі халықтардың ғасырлар бойына жинақталған тәжірибесінен ұштаса келіп , Физиканың ірге тасы болып саналады. Классикалық механикалардың тууына қолайлы жағдай жасады.
XVIII ғасырларда Физиканың барлық салаларын онан әрі дамытуға , жетілдіруге бағытталған зерттеулер кеңінен жүргізілді. Ньютон механикасы , жер бетіндегі денелер мен аспан денелерінің қозғалыс заңдарын толық қамтитын кең тараған ілімдер жүйесіне айналады. Физиканың басқа салаларында да тәжірибелік деректер онан әрі жинақталып қарапайым заңдар тұжырымдала бастады. Бір – біріне ешқандай байланыссыз жүргізілген зермтаулер нәтижесінде Г. Кавендин ағылшын ғалымы Дж. Пристали және
Ш. Кулон электростатикалардың негізі болып саналатын зарядтардың әсер заңын ашты. Атмосфералық электр туралы ілім де пайда болды (М.В. Ломоносов , В. Франклин).
Атом құрылысы жөнінідегі көзқарастың дамуы.
Зат атомдардан тұрады деген идея өте көне ғылымы идея: (біздің дәуірге дейінгі VI-II ғ,Демокрит, Эпикур). Осы идеяға сәйкес заттың ең кіші бөлшегіне-атомға дейін ғана бөлуге болады. Баолық зат атомдардан және атомаралық қуыстардан тұрады. Ал әр түрлі заттық болуы атомдардың пішіні және мөлшеріне байланысты түсіндірілді.
Бірақ, бұл түсініктер дерексіз, ойдан шығарылғандықтан, ұзақ уақыт бойы қолдау таппай келеді. Тек XVIIIғ. ғана химиктер өз тәжірибе нәтижелерін атом ұғымын пайдаланып түсіндіре бастады. Реакцияға түсетін заттардың массалары арасындағы қатынасты түсіндіру үшін атом ұғымы қажет болды. 1808 ж. ағылшын ғалымы Д. Дальтон атомистикалық теорияны тұжырымдады. Осы теорияға сәйкес заттар жойылмайтын және жоқтан пайда болмайтын, өте кішкентай, бөлінбейтін бөлшектер – атомдардан тұрады. Бір элементтің атомдары бірінен – бірі айырғысыз, мысалы, масалары бірдей болады.
Атомдар жөніндегі осы түсінік ғалымда XIX ғ. аяғына дейін орын алып келді.
XIX ғ. аяғы XXғ. басында ашылған бірқатар құбылыстарды атом күрделі және бөлінеді деген тісініктерге сүйенгенде ғана түсіндіруге мүмкін болды. Катодық сәулелерді зерттеу, бұлардың электрондар ағыны екендігін көрсетті.Электрондардың атомдардан, катодтық қандай заттан екендігіне қарамастан шығарылуы, электрондардың әр түрлі атом құрамында болатындығын көрсетті. 1896 жылы француз ғалымы А.Беккерель радиоактивтілік құбылысын ашты. Осы құбылысты зерттеу нәтижелері атом өзгермейді және бөлінбейді деген түсінікті бүтіндей жоққа шығарды.
Ал, атом тұтас алғанда электрлік бейтарап болатындықтан, оның құрамындағы электрондардың теріс зарядын теңестіретін оң зарядталған бөлшектер де болуға тиіс. Енді атомдағы осы оң және теріс зарядтар қалай таралып, орналасқан деген сұрақ туады.
Бұл сұраққа жауапты 1911жылы ағылшын ғалымы Э.Резерфорд тәжірибе жүзінде тапты.
1903жылы ағылшын физигі Дж. Томсон атомның алғашқы физикалық моделін ұсынды. Осы модельге сәйкес атом – оң зарядталған сфера, ал электрондар сфераның әр жеріне, атом тұтас алғанда бейтарап болатындай орналасады.
Бірақ Томсон моделі көптеген күдік туғызды.






















Қолданған әдебиет.
1.Қазақ Совет Энциклопедиясы (471бет)
М.Қ. Қаратаев (Алматы – 1977жыл)
Тегеран –Хикая.
2.Қазақ ССР халыққа білім беру министрлігі.
Жұманов К.Б.
Атомдық Физикаға кіріспе.
(Алматы “Қазақ университеті”1991жыл)


















Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі.







РЕФЕРАТ

Тақырыбы:Физика және атом құрылысы






Орындаған: Сағынғалиев Б.Е.
Тексерген: Қайырлиева К.Т.






Орал қаласы 2006ж.

Скачать работу







Скачать работу
Создание сайта - студия Riskk.kz
Sachok.kz © [ 0.001 ]