Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Өмірі мен шығармашылығы.

Өмірі мен шығармашылығы.
Б.Байқадамов 1917 жылы Торғай облысының Торғай селосында дүниеге келді. Оның әке-шешесі дарынды адамдар болған, анасы өзі ән шығарып, ән шырқайтын, ал әкесі домбырада ойнайтын. Музыкаға деген әуестік болашақ композиторда бала кезінен-ақ пайда болды. Ол ән айтып, домбырада ойнады.
1920-1930-шы жылдары қазақ халқы үшін жаңа өмір құру үшін ғана емес, халыққа ауыр сын әкелген – аштық, қоныс аудару, жазалау жылдары болды. Осы ауыр жағдайға Байқадамовтардыңда жанұясы ұшырады. 1930 жылы әкесін ату жазасына кесті. Б.Байқадамов интернатта тәрбиеленді. Мұнда да ол музыка өміріне араласып, көркемөнерпаздардың үрмелі оркестрінде ойнады. Бірақ музыка оның өмірінің бірден, негізгі кәсібі болған жоқ. Мектепте оқып жүрген жылдары баланың математикаға деген қабілеті кейінгі тағдырын шешті және бұл әуестік 40-шы жылдардың соңына дейін созылды.

1937 жылы Бақытжан, Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының механико-математикалық факультетін бітірді. Одан кейін орта мектепте математика мұғалімі болып жұмыс істейді. Бұл жылдары музыкаға деген ынтасы арта түседі. Институтта ол драма үйірмесін ұйымдастырып, өзінің алғашқы әндерін жазады. Мектеп қабырғасында өнерпаздардың музыкалық ансамблін ұйымдастырады.

Соғыстан кейінгі жылдары Б.Байқадамовтың музыкаға көңілі ауа береді. Өнерпаздар ұжымының ұйымдастырушысынан бірте-бірте профессионалды ұжым ұйымдастырушысына дейін өседі. Қазақтың қыздар ән-би ансамблінің жетекшісі болады. Кейін 40-шы жылдардың соңында оған Қазақтың мемлекеттік хор капелласын басқаруды тапсырады. 50-ші жылдары жетекші ретінде Б.Байқадамов бұл ұжыммен тығыз байланыста болады, шығармашылығында жаңа бағыт пайда болады. Хорға арналған шығармалар жазу, әндері мен қатар шығармашылығының өзекті жанры болып табылады.
Б.Байқадамовтың музыка ұжымдарын ұйымдастыру әрекеті ұстаздық жұмысын тастап, композитор мамандығын игеруге жол салды. Композитор ретінде осы кездерде танымал болып, 1943 жылы оны Композиторлар одағына мүше етіп қабылдайды. 1949 жылы Б.Байқадамов Алматы консерваториясына түсіп, 1954 жылы бітіреді. Композиция класынан ол Е.Брусиловскийде болады. Оқу жылдары ол басқада жанрларды игеріп, біледі. Мысалы, дипломдық жұмысы – «Ақайша» операсы, «Майра» музыкалы комедиясы, «Жарқын жастық жақ», «Тамаша мереке» симфониялық поэмалары, екі соната және фортепианоға арналған он вариациялары болды. Өнерпаздар ансамблімен жұмыс істеп жүрген кезінде ол халық аспаптар оркестріне музыка жазады. Консерваторияда оқып жүрген кезінде және одан кейінде көптеген қызықты шығармалар жазады. «Домалатпай», «Саранжап», «Қосалқа», «Қарабас» күйлері өңдеп, «Жарыс» сюитасын жазды. Бұл салада еңбек етудің композитор үшін мәні зор болды. Кейін бұл білімінің бәрі хорға арналған музыкасынан орнын тапты.
Б.Байқадамовтың өмірінің соңғы жиырма жылында жасаған іс әрекеті әр қырлы болады. Ол композитор, ұстаз және ұйымдастырушы ретінде белсенді жұмыс істейді. Бұл әрекеттері бір-бірімен тығыз байланысты. Өзі басқарған ұжым үшін өзі жазған шығармалары ұжымның дамуына және қалыптасуына ықпалын тигізді. «Айгүл» би ансамблін басқарып жүріп, «Саяхатта» вокалды би композициясын жазады.
Домбыраның бар мүмкіндігін жақсы меңгерді және А.Жұбановтың халық аспаптарын өңдеу жөніндегі жұмысын жалғастырды.Оның механико-математикалық факультетінде алған білімі осы жерде пайдасын тигізді. Б.Байқадамов халық аспабының үн ерекшелігін тереңірек ұғып кейіннен хорға арналған музыкасында пайдалана білді.

Скачать работу







Скачать работу
Создание сайта - студия Riskk.kz
Sachok.kz © [ 0.001 ]