Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Жасуша теориясы

Жасуша теориясы
Цитология-жасуша туралы ғылым.Жасушаны
зерттейтін ғылымды цитология деп атайды(грек-
ше “цитос”-жасуша,”логос“-ғылым).Цитология ғылымы біржасушалы,көпжасушалы ағзалар жасу-
шасының құрылысын,құрамын және қызметін зерт-
тейді.Ал жасуша бүкіл тірі денелердің ең қарапайым
құрылысын,қызметін және дамуын сипаттайды.
Сондықтан да цитологияның зерттейтін құрылыс-
тары мен заңдылықтары цитология,тәнтану,эм-
бриология,физиология,генетика,биохимия,молекула-
лық биология және т.б. ғылым негіздерінің қалануы-
на жол ашты.
Цитология бөлімі-цитохимия пәні жасушаның
химиялық құрамының құрылысын,олардың түзілуін,
жасушадағы таралуы мен белсенділігін және оның
қызметінің өзгеруіне байланысты химиялық қосылыс-
тардың өзгеріп отыруын зерттейді.Цитхимияның негізгі жетістіктерінің бірі-нуклеин қышқылдары-
ның ақуыз молекуласын синтездеудегі генетикалық рөлін анықтау.Жасушаның белсенді қызметіне байланысты ақуыздың өзгеріске ұшырау себептерін
және олардың зат айналымындағы рөлін зерттеу де цитохимияның үлесіне тиеді.
Бұдан біз цитология ғылымының көп саланы
қамтитынын байқаймыз.Өзінің даму бағытында
цитология тек биологиямен ғана емес,сонымен қа-
тар медицина,ауылшаруашылық,химия,физика,мате-
матика және т.б. ғылымдармен де тығыз байланыс-
ты.Бұл ғылымдардың жетістіктері мен әдістері цитологиялық зерттеулерде кең көлемде қолданыла-
ды.Сондай-ақ цитологияның жетістіктері көптеген
ғылымның негізін салуда маңызды рөл атқарады.
Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының жасалуы
алдында ағзаның жасушалы құрылысты екендігі туралы өте маңызды жаңалық ашылған болатын.
Осы ашылған жаңалық органикалық дүние бірлігінің
өте нанымды дәлелінің бірі болды.Осындай дәлелді
өсімдіктер мен жануарлардың жасуша құрылымы-
ның ұқсастықтарынан да көруге болады.
Жасуша теориясының ашылуы.Жасуша теория-
сы дегеніміз-тіршіліктің негізін құрайтын жасуша-
лардың құрылымы,көбеюі және көпжасушалы ағза-
ларды қалыптастырудағы қызметі туралы жинақ-
талған ұғым.Жасуша теориясының даму тарихы 300 жылға созылды.Оны зерттеуде әр түрлі оптикалық әдістердің дамуы микроскоптың жетілдірілуіне негізделді.Алғашқы микроскопты 17 ғасырда ағыл-
шын физигі Роберт Гук (1635-1703ж.)жасаған.Ол микроскоппен 1662 жылдан бастап түрлі объекті-
лерді:тығын шұрықтарын (пораларын),қымыздық,
қамыс және басқалардың ішкі қуыстарын көрді.
Гуктің микроскопы қаралатын затты жүз еседен
астам ғана үлкейтіп көрсететін болған.Роберт Гук
өсімдіктерді микроскоп арқылы қарап отырып,олар-
дың ұлпаларынан ара ұясы тәрізденген құрылысты
тапқан.Ол осы ұяларды грек сөзімен “целлюл-ла“-
“жасуша” деп атады.Бұл жерде Роберт Гук тірші-
лігін жойған жасушалардың ұяшығын ғана көрген еді.
17 ғасырдың 70-жылдарынан бастап голландық
Антони Ван Левенгук объектіні үш есе үлкейтетін
микроскоп жасап,оның көмегімен судағы біржасу-
шалы ағза-кірпікшелі кебісшені тұңғыш рет көрді.
Тірі жасушаны алғаш рет 1839 жылы чех ғалымы
Ян Пуркинье көрген еді. Ол жасушаның ішіндегі сұ-
йықты протоплазма немесе алғышқы плазма деп атады.Қазір протоплазма тек тарихи дерек ретінде ғана пайдаланылады,оны ғылыми тілде цитоплазма дейді. Протоплазма дегеніміз-жасуша ішіндегі сұ-
йықтық пен ядро.Роберт Броун жасуша протоплаз-
масының тұрақты бөлігі-ядроны ашты.19 ғасырдың басында жануарлар мен өсімдіктердің жасушалары кеңінен зерттеліп,олардан алынған мағлұматтар 1838-1939 жж.ботаник Маттиас Шлейден мен зоолог ТеодорШваннға жасушалардың құрылысы ту-
ралы ортақ қортынды жасауға мүмкіндік берді.
Олардың тұжырымдауы бойынша,өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының құрылыстары өте ұқсас және тіршіліктің дербес иесі екендігі,тірі ағзаның ең ұсақ бірлігі,сонымен қатар жасушасыз тіршілік болмайтындығы туралы ғылымға дұрыс түсінік берді.Осыдан кейін жасушаның тіршілік үшін маңыздылығы терең және жан-жақты зерттеле бастады.Мәселен,1858 жылы Рудольф Вирхов әрбір жасуша өзіндей жасушаның бөлінуі арқылы пайда болатынын анықтады.Карл Бэр сүтқоректілердің жұмыртқа жасушасын ашып,көп жасушалардың дамуы бір жасушадан басталатынын және аталық сперматозоид пен аналық жұмыртқа қосылғанда,зи-
гота түзетінін анықтады.К.Бэрдің бұл жаңалығы жасушалардың ағза дамуындағы маңызын дәлелдеді.
Тірі ағзалар жасушаларының химиялық құрамы мен
зат алмасуының ұқсастығының ашылуы жасуша теориясын дамытып,барлық органикалық әлемнің шығу тегі мен эволюциялық дамуының бірыңғай екенін дәлелдей түсті.
Сонымен жасуша теориясының негізгі қағидалары төмендегідей:1)жасуша-барлық тірі ағзалардың ең кіші негізгі өлшемі:2)әр түрлі ағза жасушаларының құрылысы,химиялық құрамы,зат алмасуы және негізгі тіршілік әрекеттері ұқсас:3)жасушалар бастапқы(аналық)жасушаларының бөлінуі арқылы пайда болады.Атқаратын қызметі мен құрылысына қарай жасушалардың пішіні алуан түрлі болып келеді.
Ағзалар жасушаларының құрылысына қарай екі топқа бөлінеді.Оның бір тобына құрылысы өте қарапайым болып келетін бактериялар мен көкжа-сыл балдрлар жатады.Олардың толық қалыптасқан ядросы болмайды,бұларды прокариоттар деп атай-
ды.Ағзалардың екінші тобына ядро және арнаулы қызмет атқаратын органоидтары болады.Мұндай ағзаларды эукариоттар деп атайды.Эукариоттарға біржасушалы жасыл балдырлар,қарапайымдар,жо-ғары дәрежелі гүлді өсімдіктер және сүтқоректі хайуанаттар,т.б.жатады.
Ал вирустар-тіршіліктің жасушасыз ерекше пішіні.Қорта келгенде,жасуша теориясы”жасуша-
ның“барлық тірі ағзалар құрылымының бірлігі екенін,жануарлар мен өсімдіктер жасушаларының өзара ұқсас екенін толық дәлелдейді.Бұл ұқсастық бүкіл тірі ағзалардың шығу тегінің бір екенін айқын-дай түсті.Жасуша теориясы тіршілікті материа-
листік тұрғыдан түсінуге,ағзалар арасындағы эволюциялық байланысты ашуға негіз болды.
Микроскоп.Жасушалардың мембранасына,ядро-
сына және цитоплазмасының құрамына кіретін
молекулалар мен органоидтарды жарық немесе электрондық микроскоп арқылы көруге болады.Жа-
рық арқылы көрсететін микроскоп зерттейтін заттарды 100-3000 есеге дейін үлкейтіп көрсетеді,
ал жетілдірілген окулярды қолданып,зерттелетін объектіні экранға түсіргенде оны 100 мың есеге дейін үлкейтуге болады.
Биологияның арнаулы саласы-биохимия жасуша-
ның химиялық құрамын молекулалық деңгейде зерт-
теу үшін центрифуга деп аталатын күрделі құралды
пайдаланады.Ол өте жылдам айналып,жасушаның
құрылымдық бөліктерін бір-бірінен бөліп алады,себе-
бі оның бөліктерінің тығыздықтары әр түрлі болады
Жасушаның аса нәзік құрылысы мен қызметін зерт-
тек тек цитологтардың,биохимиктердің,физиолог-тардың,генетиктер мен биофизиктер күш-жігерін ұштастырудың нәтижесінде ғана мүмкін екені өзінен-өзі түсінікті.Жасуша теорясы негізінің қала-
нуы және жетілдірілген техникалық құралдардың шығуы жасушаның құрылысы мен химиялық құра-
мын,атқаратын қызметін зерттеуге кең жол ашты.

Скачать работу







Скачать работу
Создание сайта - студия Riskk.kz
Sachok.kz © [ 0.001 ]