Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

М.Н Оспанқұлов
Оңтүстік Қазақстан облыстық дарынды балалар үшін мамандандырылған
№1 мектеп-интернат, Шымкент қ.

Қазығұрт ауданының су ресурстары және оларды тиімді пайдалану.
Қазығұрт ауданы ертеден келе жатқан киелі жер, яғни «Қазығұрт» сөзінің мағынасы «адамзат тарихын асырап қалған жер» деген мағынаны береді. Осындай киелі де, қасиетті жердің су ресурстарын пайдалы мақсатта жұмсау қазіргі мәселелердің бірі болып отыр. Қазығұрт ауданында өзендер көптеп кездеседі дегенмен оларды тиімді пайдаланбай жатыр, сондықтан су ресурстарын халық игілігіне жұмсау үшін шаралар қолдану керек. Суды тиімді пайдалану үшін ең алдымен оның бастауын бақылап, судың көзін ашу керек. Ұлы қазақ халқымыз айтқан «Бұлақ көрсең көзін аш» демекші судың бастауын жеңілдетіп, сол арқылы үлкен өзенге айналдыру керек. Қаншама бұлақтар таудан бастау алады, сол арқылы бір-біріне қосылып, суы мол өзенге айналады. өзендерді бекерге ағыза бергенше пайдалы мақсатта жұмсау керек. Қазығұрттағы ірі өзендерді көбінесе егін шаруашылығына пайдалану қажет. Себебі, бұл ауданның жері егіс үшін өте қолайлы. Күнделікті өмірді алып қарағанның өзінде судың қандай маңызға ие екендігіне көзіміз жетеді. Өйткені «сусыз өмір жоқ» екендігі бәрімізге белгілі. Судың маңызы туралы айтқанымызд, оны біз:
1. Ауыз су есебінде пайдаланамыз. Сондықтан да судың маңызы адамға ауыз су ретінде де пайдасы мол.
2. Суды адам күнделікті тіршілігінде де қажет етіп отырады. Судың күнделікті үй шаруашылығында пайдасы мол.
3. Суды сонымен қатар жан-жануарлар да ауыз су есебінде пайдаланады.
4. Судың адамзат өмірінде басты маңызы егіншілік шаруашылығы үшін.
5. Суды тағы да өндіріс пен өнеркәсіпте де пайдаланады.
6. Суды комуналдық қажеттіктерде де көп пайдаланады.
7. Суды адамзат табиғи апаттарға қарсы қолданады.
8. Судың аса маңызды пайдаланатын жері болып бұл минералды емдік қасиеті бар сулар.
9. Судың пайдасы арзан энергия көзі болып табылады. [1с. 12,13]
Бір кездері Алексеевка, одан кейін Ленинское, тіпті Малақан деп аталған қазіргі Қазығұрт ауданы болатын. Сол кезде Қазығұрт атауы ел есінде әр дайым сақталып келу себебі: Нұқ пайғамбар кемесі осы тауға келіп тоқтаған екен. Ресей империясы кезінде Қазығұрт атауы сан аталып келгенімен, халық бәрібір бұл тауды ұмытпай, қадірлеп, мәңгілік есінде сақтап келді. Сол уақыттан 70 жыл өткен соң қайтадан Қазығұрт атауына ие болды. Ертеде бұл жерлерде Түрік қағанаты өмір сүрді, кейіннен Батыс түрік қағанаты өмір сүрді. Бұл жерлер ертедегі түрік, қытай, парсы деректерінде де кездеседі. «Қорқыт ата», «Оғызнама» жырларында Қазығұрт аты кездеседі. әсемдігі мен көркемдігін суреттей білген, Төле би де бұл жерді жайлауы еткен, себебі бұл жердің топырағы құнарлы, суы мөлдір таза, малға өте жайлы. Қазығұрт ауданы таулы, қыратты. Ал шығысында Батыс Тянь-Шан тауларының етегі саналатын тізбек тауларға: Өгем, Қаржан, Шымған қыраттары мен табиғаттың тамаша тартулары: Шатқал, Шарбақ қорықтары өз алдына бір дүние. Қазығұрт ауданы- облыстың оңтүстік шығысында орналасқан әкімшілік бөлік. 1928 жылы Қаратас ауданы болып құрылған. Жерінің аумағы 4,5 мың шаршы км-ге (облыс аумағының 3,5%). Ауданның жалпы тұрғыны 95,9 мың адам. Аудандағы 61 елді мекен 12 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орталығы-Қазығұрт. Ауданның көп жері теңіз деңгейінен 800-1200м биіктікте орналасқан. Шығысында Қаржантау орналасқан биіктігі 3000-3600м, шығысында Қазығұрт жотасы бар. Қазығұрттың батысы мен солтүстік батысының көп бөлігі қырқалы жазықты болып келеді. Бұл жерден минералды су, ақ құм, қиыршық тас барланған, 21,4 мың тонна әктас пен гипс өндіріледі. Климаты континентті, қысы жылы болып келеді. Қар қалыңдығы 25-50 см-н аспайды, бұл жақта қар 1-2 күнде еріп кетеді. Жазы ыстық.болып келеді.[2, с. 169]
Қазығұрт ауданы су ресурстарына бай деп айта аламыз. Өйткені таулардың арасынан бұлақтарды көп кездестіруге болады. олар біртіндеп көбейіп үлкен өзенге айналады. Бұл өзендерді жол-жөнекей халық өз пайдасыны пайдаланады. Ауданда ірілі-кішілі өзендер, көлдер, бұлақтар тағы басқа су көздері көп. Олардың бастылары: Өгем, Келес, Ұялысай, Қаржансай, Мұғалысай сонымен қатар Сарыағаш ауданымен жалғасып жатқан Құркелес, Жылыбұлақсай, Бадам тағы басқа өзендер бар. Өзендер қар, еріген мұз, жаңбыр суларымен үнемі толығып отырады. Бұл өзендер халықтың қажетін айыруға және ауылшаруашылық кәсіпорындарын сумен қамтамасыз етуге қызмет етеді. Бұл буынның ойыс жағалауларында жуып-шаю жұмыстары жүріп ағыс бойынша төменірек оған қашығыңқы жағалауда ені 2...5м келетін жағажай пайда болады. Жуылып шайылған жарқабақтар құлап, арналар шөгіндіге толуы мүмкін. Бұл жерлерде арна маңайы орман белдеулерінің ені жел жағында 25...30м, ал қарсы бетте- 15...20м болуы керек. Тікелей арна жағасында бұталар егіледі. Опырылуға бейім үлескілер түгелімен тамыр жүйесі жақсы дамыған өсімдіктермен отырғызылуы керек. Жуып-шайылатын жағалаулар арнайы қалың бұтақты, күшті тамыр жүйесі бар өсімдіктермен немесе талдан жасалған тоқыма шарбақпен бекітілуі тиіс. Өзендердің екінші буынының жайылмаларын шабындық ретінде немесе ауылшаруашылық дақылдарын өсіру үшін пайдаланады.[3.c 71-72]
Қазығұрт ауданының ең ірі өзенінің бірі-Келес. Келес- Сырдария алабындағы өзен. Бұл өзен Қазығұрт, Сарыағаш аудандары арқылы ағып өтеді. Ұзындығы 241км, су жиналатын алабының ауданы 3310 км2. Қаржантаудың батыс беткейі мен Қазығұрт тауынан бастау алып, құяр жері Шардара бөгені болып табылады. Жол-жөнекей оған әр жерлерден түрлі бұлақтар қосылып отырады. Бастапқы ағысында өзен мөлдір таза болып келсе орта ағысынан асқанда лайқай түседі. Жолдағы адамдардың іс-әрекеттерінің арқасында. Келес өзенінің басты салаларына: Көкпарсай, Қаржансай, Ұялысай, Ащықарабаусай тағы басқа кіші салалары бар. Бұл өзеннің суы тұщы. Келес Қазығұрттан өтіп Қапланбекке жақындағанда көбейе түседі. Қапланбектегі Келестің көп жылдық орташа су ағымы 5,9 м3/с шамасында. Өзен суы жол-жөнекей бау-бақша суаруға, мал шаруашылығына, егін суаруға пайдаланылады. Соңғы құяр жері- Шардара су қоймасы. Тағы бір ірі өзендердің біріне- Құркелес өзені. Ол Қазығұрт пен Сарыағаш аудандары арқылы ағып өтеді. Жалпы ұзындығы 98км, су жиналатын алабы 3600км2. Тасқұдық өзенінің сағасына келгенде жылдық орташа су шығыны 0,44м2/с. Бастауы тік және жарлы болып келеді. Аңғары кең әрі енді. Аудандағы өзендердің бірі- Өгем. Өгем тау сілемдерінен бастау алатын бірден-бір өзен. Бастауы жарлы тік. Өгемнің жағасында түрлі ауруларға пайдаланылатын шөптер өседі. Ол басында суы аз кішкене өзенге ұқсап көрінеді. Орта сағасына келгенде суы көбейе түседі. Өгемнің негізгі салаларына: Майдантал, Байдыберік, Сайрамсу, Сарыайғыр тағы басқа өзендер бар. [4.c71-72]
Су ресурстарын тиімді пайдалану дегеннің өзі ағып жатқан кішкене суды да бір мақсатта пайдалану. Суды тиімді пайдалануға: оның бойына егерде ол үлкен өзен болса сарқырамаға су электр станцияларын салу, жағажайларда демалыс орындарын ұйымдастыру, үлкен мөлшердегі астықтарды суландыру үшін каналдар салу, және де өзенге балықтардың көп түрінің ұрықтарын салып екі жылдай өнуіне мүмкіндік беріп, содан соң балық аулайтын жер екенін көрсетіп қойып, жыл сайын мезгілінде балық аулау сайыстарын өткізіп тұру, су ойындарын ұйымдастыру да жатады ол үшін өзеннің бірқалыпты жерлерін пайдаланып катомаран, су қайығын және су асты құралдарын адамдарға бере отырып су астын тамашалатуға болады, тағы да жағажайларда волейбол ойындарын ұйымдастыру. Бұл айтқан саяхаттар мен су ойындарын ірі деген Келеске кірістіруге болады. Суды ең бастысы егін шаруашылығы үшін пайдалану. Келестің суы мол дегенмен оны ешқандай тиімді мақсатта пайдаланбай отыр.
Ол үшін орта белінен асқан кезінде оның бойынан егістік алқаптарға қарай каналдар тарту, одан басқа кішігірім бау-бақшаларды суаруға болады. келес өзені Қазығұрттан өтіп Қапланбекке келгенде суы көп болады. Сондықтан менің айтайын деп отырған ұсынысым Келестің орта беліндегі мол суды жүзім шаруашылығына пайдалану. Жүзім шаруашылығы үшін бұл су таптырмайтын байлық болар еді. бұл округтің жер бедері тегіс болуы, жүзім үшін өте қолайлы. Сондықтан жүзім шаруашылығының дамуына сенімдімін. Бұдан басқа алма, анар тағы түрлі жеміс-жидектер өсіруге болады. Сонымен қатар бұл ауданда Жүзімсай өзені бар. Аты айтып тұрғандай өзен алдын үлкен өзен болып, халық суын жүзім өсіру үшін пайдаланған. Қазіргі күнде суы көп емес дегенмен оны халық көп шоғырланған аймаққа бұру арқылы кіші болса да егістікке пайдалану. Бұл өзендерден бөлек: Мырғалымсай, Ащысай, Көкпарсай сияқты кішігірім өзендер кездеседі. Бұларды үлкен мақсаттарда пайдаланбасақ та халықтың ауыз суы есебінде, және де, тұрмыстық қажеттіліктерде пайдалану қажет. Ірі өзендердің бірі- Құркелес. Оны тиімді пайдалану үшін Келес өзені мен Құркелес өзенін екеуіне біріктіріп үлкен өзен шығару керек сонда оны үлкен мақсатта пайдалануға болады, ол да болса сарқырамаға кішекене болса да күлдіреуік су электр станциясын салу. Бұда

Скачать работу







Скачать работу
Создание сайта - студия Riskk.kz
Sachok.kz © [ 0.001 ]