Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

«Свадьба Фигаро»

«Свадьба Фигаро»
Бомаршенің «Безумный день, или Женитьба Фигаро» комедиясының сюжетін Моцарт өзі таңдап алды. Бомаршенің комедиясы да, Моцарттың операсы да феодалдық тәртіпке қарсы көзделген социалдық идеяны қамтиды. Сол себепті революция алдындағы Парижде өткір қақпайласуға тап болып, императорлық Венада цезурамен тыйылды. Ал да Понтенің либреттосында комедияның социалдық өткірлігі кішкене әлсіреді, бірақ негізгі сюжет желісі, сонымен қатар зердесіз және азғын мырзалар мен жеңіске жететін ақылды қызметшілердің образдарын қарама- қаосы қойып салыстыру қалды.
«Свадьба Фигаро» итальяндық buffa операсының дәстүрінде жазылған. Бұл жағдайда әдеттегідей күлкілі қақтығысулар, жаңылыстар ,танымай қалушылықтарға толы сюжет; үлкен финалдармен аяқталатын екі әрекет. Финалдағы алмаспайтын музыкалық дамуы бар жайылған сценалардан басқа, опера secco речитативтарымен байланысқан аяқталған нөмірлерге бөлінген(ариялар, дуэттар, ансамбльдер). Сонымен қатар Моцарт
buffa операсының шегінен шығып, шынайы мінездер комедиясын жасады. Операға қатысатын әр кейіпкер музыкада өзіне ғана тән мінездеме алды. Моцарт бұнда шексіз әртүрлілікті және тәсілдердің икемділігін табады, кейде тек бір кейіпкерге тән өзгеше кескінді ашып, кейде оларды жалпы драмалық жағдайға бағындырады.
Фигаро бейнесінде әрекеттердің шапшаңдығы мен табандылығы, тапқырлық, зеректік, белсенділік, ептілік; оның ариялары, речитативтері, ілікпе сөздері(реплики) тез темппен, батылдықпен, кейде дөрекі қарапайымдылықпен ерекшеленеді. Сюзаннаның кейпі жарқындыққа, әйелдік ғажайып сүйкімділікке, қулықшылдыққа толы; Сюзаннаны мінездейтін музыка оның әрекеттері мен көңіл- күйіндегі өзгерістердің артынан икемді және шебер өкшелей жүреді. Керубиноның музыкалық бейнесі қарапайым: екі ариясында да ол өзара сүюді аңсайтын, ғашық блған бозбала ретінде сипатталады. Граф Альмавиывтің күрделі бейнесі тұтастықпен өзгешеленеді. Графиняның бейнесі құбылмалы: жарының опасыздығын жайында қайғыланып өз- өзімен оңаша болғанда ол мұңды және уайымды; Фигаро және Сюзаннамен графқа қарсы одаққа кіргенде ол көңілді және ойнақы. Бартоло, Базилио. Марцелинаның бейнелері де көрнекті және бедерлі. Комедиялық өткір жағдайға қарамастан, опера нәзік, ақындық лирикаға толы.
Опера Presto темпында жазылған увертюрадан басталады. Опера мен увертюраның арасында тікелей тематикалық байланыс жоқ. Бірақ жалпы мінезі мен стилі жағынан ол, өзі сияқты шапшаң және тез дамитын, операның әрекеттерімен терең байланысты. Увер-тюра өңдеуші бөлімсіз(разработка) сонаталық формада жазылған.
Увертюраның негізгі партиясы екі темадан тұрады: бірінші темасы негізгі дыбысты айналып, квинтаға көтеріліп, қайта оралады.
Негізгі партияның қуанышты екінші темасы фанфарлық мінезде жазылған.
Доминанталық тональността жазылған қосымша партияда «қақсаушы» және табанды бірдеңе бар
Қосымша партияның екінші элементінде де осы табандылық сезіледі.
Аяқтушы партия әсем, назды және Сюзаннаны мінездейтін музыкаға жақын.
Кішкентай тізбектен кейін әр тема негізгі тональността қайталанатын реприза басталады; Кода да негізгі мен байланыстырушы партияның материалында осы тональностты бекітеді.
Бірінші әрекет, бірінші сурет. Граф Альмавивтің қорғанындағы бөлме. Бірінші әрекет Фигаро мен Сюзаннаның дуэтінен басталады. Дуэттың басында олардың партиялары қарама- қарсы: бөлмені өлшеп жүріп, сандарды дауыстап айтып жүрген Фигарода оркестрдың мелодия фразаларының тек соңдарын ғана іліп әкететін үздік- создық речитативтік ілікпе сөздер; айнаға қарап, өзімен сүйсініп отырған Сюзаннада назды мелодия.
Бірақ Фигаро өз жұмысын қойып, Сюзаннаға қарғанда, ол Сюзаннаның мелодиясын қайталайды. Бұл дуэт дамитын әрекеті бар сцена болып табылады. Бұнда Фигаро өзінің мінезін сахналық мінез- құлқының өзгеруіне байланысты өзгертеді. Бірақ нөмірдің композициялық түзулігі сақталады.
Қысқа речитативтан кейін Фигаро мен Сюзаннаның екінші дуэті басталады.

Скачать работу







Скачать работу
Создание сайта - студия Riskk.kz
Sachok.kz © [ 0.001 ]