Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Римский – Корсаковтың опералық шығармашылығы

Римский – Корсаковтың опералық шығармашылығы
Римский – Корсаковтың операларының мазмұны мен көркемдік кейпі, формасы мен музыкалық драматургиясы түрлі. Олардың ішінен біз тарихи, ертегі, лирикалық-драмалық, лирикалық – ойлы, сатиралық шығармаларды табамыз. Сонымен қатар композитор көлемді опералық жауһарлармен бірге кішігірім біракттық операларды жазды; кейбіреулері тек камералақ түрде жазылған. Операларының көбісі орыс классикалық әдебиетіне немесе халық шығармашылығынан алынған сюжеттерге жазылған.
Римский – Корсаков мұрасында ертегілік – эпикалық жанрда жазылған операла орталық орынды иеленеді. Глинканың «Руслан и Людмила» операсынан бастау алған операдағы эпикалық стильді байытып, кеңінен дамытты. Шетелдік өнерде Римский-Корсаковтың ертегілік – эпикалық операларына ХІХ ғ. неміс музыкасындағы романтикалық жанрдың дамуын тәмәмдайтын Вагнердің қияли – мифологиялық опералары өз бейнеленуін табады. Римский – Корсаковтың ертегілік опералары, Глинканың шығармашылығында қалыптасқан, орыс опера мәдениетінің өзгешеліктеріне ие болады. Глинкамен байланысы тек терең және халық ән жанрларымен, халықтық бұқаралық хор сахналарда, тармақтанған байланыста анық көрінеді, тұтас, эпикалық мағынада кейіпкерлердің жалпылама мінезінің басым көпшілігімен жақындасады. Римский-Корсаковтың ертегілік операларында орыс халқының өмірі, оның тұрмысы, наным-сенімдері, ұғымдары, әдет-ғұрыптары шынайы бейнеленген.
Өзгеше, әдеттегі корсаковтық кейіпкерлер көркемдік дарынды тұлғалар, халық ақындары мен музыканнтары – Левко, Лель, Садко, сонымен қатар билеп әкететін лирикалық сүйкімділікке, нәзіктіллікке, биязылық, мейірімділіккке толы, жиі – адами және ертегілік келбет қосылған қыздар бейнелері, шынайы және жартылай ертегілік – Мафа, Ақшақар, Волхова, Млада – болып табылады. Оларға қарапайым, құмарлы, қызбалы кейіпкерлер қарама – қарсы болып келеді – Купава, Любаша, Войслава. Бұл бейнелердің кейбіреулері романтикалық өнерге жақындығын табады. Бұл – тек Римский-Корсаковқа тән және оған ғана тиесілі қыздар бейнелері – адам сезімдерінің байлығы мен толықтығын, махаббат бақытын сезу үшін адамдар әлеміне кіруге талпынып сарылған, жартылайшынайы – жартылайқияли кейіпкерлер.
Бұндай түрлі кейіптерді жасау үшін Римский-Корасков халық шығармашылығына, халық әндері мен ертегілеріне сүйенген. Табиғат әлемімен байланысты көптеген ертегілік бейнелерді жасауда халықтық поэзия маңызды қайнар көз болып табылды. Халық өмірі Римкий-Корсаковқа қарапайым кейіпкерлерге – атақ - даңқы мен сословиесі түрлі - нақты, жарқын музыкалық мінездеме беруде үлкен ақпарат берді.
Римский – Корсаковтың ертегілік – эпикалық опералары көркемдік мазмұнның байлығымен және сан қырлылығымен ерекшеленеді. Лирикалық, тұрмыстық, қияли бастаулар олардың (опералардың) ішінде күрделі және таң қаларлық табиғи түрде бір тұтас бүтінді құрайды.
Сонымен қатар Римский – Корсаков үлкен драма және терең өмірлік шиеленісті суреттеген. Оның кейбір тарихи-эпикалық және лирикалық-психилогиялық операларында өзінің драматизмімен ерекше әсерледіретін эпизодтар кездеседі.
Композитор опералық стилінің ерекшелігі - музыкалық формалардың кеңдігі мен ән номерларының көп болуы, халық жанрларына жақын болуы. Соңғысы орпералардың хордық бөлігінде, халықтың өзін суреттегенде, кең өріс алған. Бұқаралық хор сахналарының көп болуы Римский – Корсаков операларына кеңдік, көлемділік береді. Әсіресе көне халық сенімдері мен табиғат күштеріне табыну салттарды бейнелейтін әдет-ғұрыптық сахналар тән.
Римский- Корсаков операларындағы вокалдық стиль көбінесе әндік, әуендік. Орыс ұлттық және халық сюжеттері композитордың халық ән темаларын, әуенді, тіпті кейде речитативтерді, халық ән мақамында жазуды алдын ала белгілеп қойған.
Композитордың операларындағы оркестр ролі ерекше. Композитордың 80 -90 жж. кемеліне келген ертегілік опералары керемет симфониялық күшке толы. Ол барлық шығармаларында лейтмотив жүйесін кеңінен қолданады, бірақ оны еркін тематикалық даму әдістерімен ұштастырады.
Римский – Корсаков шығармаларында сахна бойынша құру принципі басым болады, олар азды-көпті аяқталған номерлар мен эпизодтарды қамтиды.
Римский – Корсаковтың опералары әлем опералық әдебиетінде үлкен және маңызды орынға ие.

Скачать работу







Скачать работу
Создание сайта - студия Riskk.kz
Sachok.kz © [ 0.001 ]