Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

қоршаған ортаны қорғау

Жабайы табиғатты бағындырып адамдар өздерін жердің «иесіндей» сезінді. Бірақ ұқыпты иеленуші болу қажет екнін бірден ұғына қоймады. Табиғат байлықтарының шектеулі екенін, кейбіреуінің қалпына өздігінен келмейтінін , табиғаттың байлығын сақтауға,
молайтуға қамқорлық қажет екнін, олай етпеген жағдайда адамдар өздерін қоршаған ортаны, оның байлығын жойып алатынын түсіну үшін қаншама уақыт өтті. Табиғат ресурстарын қалпына келтірмей, өсіріп сақтамай табиғи ортаның бұзылуына, ресурстарының сарқылуына әкеліп соғады. Ол адамдардың биялогиялық түрі ретінде өздерінің қажеттіліктерін қамтамасыз ете алмай, өмір сүруін тоқтату мүмкін деген сөз.
Табиғатты ұқыпты пайдалану адамдардың өздерінің өмір сүру шарты екенін түсінген соң ғана олар табиғатты қаншалықты, қандай шамада пайдалануға болатынын қарастыра бастады.
Тұтыну шегін анықтау өте қиын мәселе . Өйткені, кезінде Г.Гегель айтқандай «нақты қажеттіліктің шегін анықтаудың ешқандай мүмкіндігі жоқ, қажеттілікті қанағаттандырудың жаңа құралы ашылды, ол өз кезегінде жаңа тұтыным тудырады , жаңа қажеттілік тудырады».Ұдайы артып отыратын қажеттілік пен табиғаттың үйлесімділігіне қалай жетуге болады? Тұтыну шегі не? Тұтыну шегінен асқанды қалай білуге болады ? Егер Гегельмен келісетін болсақ , тұтыну шегі өзің өндірген өнімдер, өндіргеннен артық тұтыну артықшылық.Қазір мұны анықтау мүмкін емес, қазіргі адамдардың өндірісі мен тұтынымы табиғатын өндіргеніңді – тұтыну сипатын жоғалтып, қоғамдық сипат алған: бір затты өндіруге көптеген адам қатысады.
Сонымен тұтынудың қажетті және мүмкін шегі қандай?
Бұл сұрақтың бірден – бір дұрыс жауабы жоқ. Әрбір нақты жағдайға байланысты : біріншіден, жеке адамдардың немесе адамзат қоғамының қажеттілігін оның дамуы, ұдайы өндірісі қамтамасыз ете ала ма? (төменгі және жоғары шектері ) ; екіншіден, адамдардың тұтынымы, өздері өмір сүретін биосфераның қалыпты жағдайына, дамуына қарсы болмай ма? (ең жоғарғы шегі ) ; осыларды анықтау керек . Әрбір жеке адам мен бүкіл қоғам жеткілікті пайымды тұтыну принципін ұстану керек.Мәселе мүмкіндікке сәйкес өмір сүріп, қажеттілікті тежеп, тұтынуды шектей білуде. Бұл жеке адамдардың шешімі емес. Жердің мүмкіндігінің шегіне байланысты табиғи заңдылыққа мойынсыну.
Азаматтың озық ақыл-ойы, дін қағидалары осыны меңзейді. Тарихшы А. Тойынбидің айтуы бойынша діндердің негізін қалаушылар, ғаламның жаратылуы, рух пен тән туралы әр түрлі пікірде болғанымен, этикалық көзқарас туралы бір пікірге келіседі. Олардың барлығы – егер біз материалдық байлығымызды басты мақсат етсек, ол бізді сорлатады - деп үйретеді.
Өкінішке орай, табиғи ортаның қазіргі жағдайы және адамзат қоғамы тұтыну шегінің ұдайы сақталмайтынын көрсетіп отыр. Бір жағынан, өндіріс процестеріне қоғамның дамуына қажетті шамадан ондаған, жүздеген есе артық табиғат ресурстары қарастырылады. Екінші жағынан – планетамыздың кез-келген тұрғыны өздерінің қажеттіліктерінің толық қанағаттандырылмайтынын айтады. Және неғұрлым көп тұтынған сайын оның өзінің тұтыну деңгейіне наразылығы арта түседі.
Өндірісі дамыған елдерде тұтыну басты өмірлік құндылыққы айналады. Әлеуметтік дәрежелерге ұмтылу, жарнама, мемлекеттік саясат, тауар нарығы, коммерция, тұтынуды насихаттау барлығы - тұтынуға
Итермелейді. Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін, АҚШ-та молшылық дәуірі басталғанда, американдық сауда маманы В. Лебау « Біздің жоғары өнімді экономика... тұтынудың біздің өмір салтымызға зат сатып алу және тұтыну дәстүрге, тұтыну рухани қажеттілікке, өзіміздің «кім екенімізді сездірушіге айналуын талап етеді.»- деп жар салады. Бізге заттардың сатып алынуы, тасталуы және басқасымен ауыстырылуы қажет» деді. Осындай тұтынуды қамтамасыз ету үшін табиғат ресурстарын көп мөлшерде пайдалану оны сарқылту, орманды, топырақты, суды атмосфераның бүлдіру тіпті климаттың өзгеру қалпын туғызады.
Қазір планетамыздың орташа тұрғыны XX ғасырдың басындағы тұрғыннан 4,5 есе бай. Соған қарамастан жер тұрғындарының әл – аухаты барлық жерде бірдей емес. Бір миллиарды молшылықта тұрса, бір миллиарды жоқшылықта. Байлықтарын доллармен есептегенде, қазіргі кезде 157 миллиардер, екі миллион миллионер бар, ал 1,1 млрд адамның табысы бір АҚШ долл. Жетпейді. Әлемдегі теңсіздікті 20 пайыз ең кедей тұрғындар табысын салыстырып көруге болады.
20 пайыз кедей және 20 пайыз бай адамдар табыстарының айырмашылығы 1960 жылы 30 есе, 1980 жылы 45 есе, 1990 жылы 59 есе болған.
Әрине, артық тұтынудың қарсы жағы – кедейлік не экономикалық, не әлеуметтік мәселелердің шешімі емес, оларды тек шиеленістіре түседі. Бірақ, кедейшілік адамдар үшін моллшылықтан жаман болғанымен, табиғатқа олардың айырмашылығы жоқ. Орманды аймақтың кедейлері күн көріс үшін ормандарды жояды. Мысалы Африканың көшпенділері жайылымдарды шөлге, тақырға айналдыруда. Табиғатты бүлдіру кедейшіліктен де, артық тұтынушы молшылықтан да бірдей болады. Бірақ табиғатқа заңның басым бөлігі дамыған елдердің үлесіне келеді.
Өнеркәсібі дамыған елдер болаттың 2/3 бөлігін, алюминийдің, мыстың, қорғасынның никелдің, қолайының, мырыштың 3\2 астамын , энергияның 4\3 – ін тұтынады. Осы елдер парникті газдардың 2\3 атмосфераға шығарады. Оларда энергия тұтыну атмосфераға шығарылатын күкірт пен азот тұтықтарының 3\4-ін береді. Өнеркәсібі дамыған елдер зиянды химиялық қалдықтардың басым бөлігін, құрамында атмосфераның озон қабатын бұзатын гологендер бар көмірсутектерінің 90 пайыз- не жуығын шығарады.
Тұтынылған табиғат ресурстарын, бүлінген биосфераның орынын толтыру жұмыстары толығымен орындалмайды. Табиғатқа « экологиялық қарыздар» ұдайы өсіп келеді, жыл сайын триллион долларға жетеді. Оған дәлел ретінде өндіріс әрекеттерінің салдарынан атмосферада көмірқышқылы газының өсуін баяулауға жыл сайын 65 миллиард қаржы бөлінуі қажет екенін айтсақта жеткілікті.
«Экалогиялық қарыздар » қайтарылып жатыр ма? десек мыналарды айтуға болады. Дамыған елдерде «ластаушы төлейді » принципі жарияланған. Оның мағынасы өндірістерді ластаушы газдарды шығару немесе олардың ауада шоғырлануы мөлшерленген, нормадан артық ластаушылар айып төлейді.Одан жиналған қаржы табиғат шараларына жұмсалады.
Бірақ мұндай талаптар іс жүзінде толық орындалмайды, оның өзінде өздеріндегі ластауларға ғана қарсы бағатталады.Бірақ олар зинды өз территорияларынан жүздеген, мыңдаған километр қашықтыққа келтіреді.Бұл аймақтардағы зиянның орнын толтыру туралы айтудың өзі орынсыс деп есептледі. Мысалы, АҚШ барлық ластаушылардың 40% - ын шығарады, оның үстіне басқа елдерде орналасқан американ компанияларын қоссақ, АҚШ – тың табиғатқа қарызы арта түседі.Оны өтеу үшін олар ондаған жылдар ештеңе тұтынбай табиғкатты қорғауға жұмыс істеу керек.
АҚШ және басқа дамыған елдер үкіметтері экалогиялық міндеттерді басқа елдерге, негізінен дамушы елдерге жүктегісі келеді . Олардың айтатын қисыны:ластаушы өндірістер дамушы елдерде, яғни олар табиғаптқа келтірген зиянның орнын толтыруы
керек. Ал ол елдердегі өндірістердің көпшілігі дамыған елдердікі екендігі және өндіріс өнімдері сыртқа әкелетіні, шетелде орналасқан өздерінің кәсіпорындарының иелері табиғат қорғауға аз қаржы жұмсайтыны мүлдем ұмытылды.
Дамыған елдер дамушы елдердің ресрстарын алып қана қоймай, өндірістің табиғатты ластау зиянынын
сонда қалдырады және табиғат қорғау шығындарын да соларға жүктегісі келеді.
Мұндай озбырлықты дамушы елдер көтере ала ма? Жоқ, өйткені олардың эканомикасы нашар дамыған, өздерінің күн көріс қажеттерін де қанағаттандыра алмайды.
Дамушы елдерде өздерінің « ластаушы » кәсіпорындарын орналастырған дамыған елдер табиғат қорғау шараларын орындаудың орнына «қайырымдылық көмек » көрсеткен болады.дамушы елдерде жаңа территориялар игерілді, көлік, байланыс дымытылды, жаңа жұмыс орындары ашылды.Осындай «көмектер» үшін олардың төлейтін мүмкіндіктері болмағандықтан қ арыздары жылдан - жылға артып келеді. 1970 – 1990 жылдар аралығында дамушы елдердің дамыған елдерге қарызы 200 миллиардтан 1600 млрд жеткен.
Кім кімге қарыз? Дамыған елдер өздерінің табиғатқа қарызын ескермейді. Ал дамушы елдердің дамыған елдерге қарызы жылма жыл қомақты өсімге көбейіп отырады. 1980 – 1990 жылдарда әлемдегі қаржы ағымы: дамыған елдерден дамушы елдерге - 49 млрд, 242 млрд болған.
Осындай әділетсіздік , әлеуметтік теңсіздік табиғи ортаның жағдайын онан сайын нашарлатады. Табиғатты артық тұтынушы дамыған елдер

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]