Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Парламент.

Парламент.
П.(ағылшын тілінде parlament,французша parler-сөйлеу )жоғарғы өкілді орган болып табылады, өйткені халық онда өз өкілдерін тікелей де, жанама да сайлайды және алқалы мекемеге біріккен оларға өз өкілдіктерін береді,олар оны халық атынан іске асырады. Халық атынан әрекет ете отырып,П.заң шығарушылық қызметті атқарады.
П. тұрақты негізде жұмыс істейтін 2Палатадан тұрады:Сенаттан және Мәжілістен.
Сенат әр облыстан,республикалық маңызы бар қаладан және ҚР-ңастанасынан 2адамнан,облыстың,республиканың, өкілдікті органдарының депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады.Сенаттың 7 депутатын Сенат өкілеттігі мерзіміне Президент тағайындайды.Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі 6 жыл.
Мәжіліс 77 депутаттан тұрады.67 депутат Р-ң әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын және шамамен сайлаушының саны тең бір мандатты аумақтығ сайлау округтері бойынша,10 депутат партиялық тізімдер негізінде сайланады.Мәжіліс депутатының өкілеттік мерзімі 5 жыл.
ҚР-ң кемінде 5жыл азаматы болған,30 жасқа толған,жоғарғы білімі және кемінде 5 жыл тәжірибесі бар,тиісті облыстық, республикалық маңызы бар қалалық не республикалың астаналық аумағында кемінде 3 жыл тұрақты тұрған азаматы Сенат депутаты бола алады.
Қызметтері:
1.ҚР-ң Президентінің ұсынысы бойынша конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізеді,конституциялық заңдар қабылдайды,оларға өзгертулер мен толықтырулар енгізеді.
2.Республикалық бюджетті бекітеді және Үкімет пен республикалық бюджеттің атқарылуын бақылайды.
3.Соғыс және бітім мәселерді шешеді.
Палаталарды мемлекеттік тілді еркін меңгерген,өз депутаттарының арасынан палаталар депутаттары санының көпшілік дауысымен жасырын дауыс беру арқылы Сенат және Мәжіліс сайлаған төрағалар басқарады.Сенат Төрағалығынакандидатураны ҚР-ң Президенті,ал Мәжіліске Паланың депутаттары ұсынады.
Парламент сессиясы оның Палаталарының бірлескен және бөлек отырыстары түрінде өткізіледі.П-ң кезекті сессиялары жжлына 1 рет қыркүйектің 1-жұмыс күнінен маусымның соңғы жұмыс күніне дейін өткізіледі.Палатаның бірлескен және бөлек отырыстары оларға әр палата депутаттарының жалпы санының кемінде 2/3-і қатысқан жағдайда өткізіледі.Палаталар әр Палатада саны 7-ден аспайтын тұрақты комитеттер құрады.Комитеттер мен комиссиялар өз құзырындағы мәселелер бойынша қаулылар шығарады.
Мәжіліс депутаттары қараған және жалпы санының көпшілік дауысымен мақұлданған заң жобасы Сенатқа беріліп,онда 60 күннің ішінде қаралады.Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен заң жобасына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды Мәжіліске жібереді.Егер Мәжіліс депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысымен ұсынылған өзгертулермен,толықтырулармен келіссе, заң қабылданады.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.001 ]