Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Қазақ журналистикасының психологиясы.

Қазақ журналистикасының психологиясы.

Бертінгі он-он бес жылдың айналасында алмағайып заман ауаны мүлде өзге арнаға бұрылды. Бұрынғы құндылықтардың мәні өзгерді. Әлемдік өркениет кеңістігіне иек артқан жас мемлекетіміз дүние жүзіндегі дамыған елу елдің қатарына қосылуды көксейді. Осындай жауапты кезеңде қазақ журналистикасы қандай бағытты таңдайды, әдебиетіміз бен мәдениетіміз қай межеден көрінуі керек? Міне, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының, сондай-ақ халықаралық «Тарлан» сыйлығының иегері, жазушы, республикалық «Начнем с понедельника» апталығының бас редакторы Дидар Амантай осы төңіректе ой толғайды. Пушкин: «Я пишу для себя, а печатаю только ради денег» деп жазыпты. Орыстың ұлы ақыны неге бұлай деді екен? Әңгімемізді осындай тосындау сауалдан бастайықшы. Бұл жерде Пушкиннің айтып отырғаны орынды. Және айтылған сөздің екінші бір мағынасы бар, оны ақын тұспалмен аңдатады. Пушкиннің өзі үшін жазатыны рас. Ал оның шығармасы ақ қағазға мәтін болып түскеннен кейін авторсыз-ақ өмір сүретін құқыққа ие болады. Егер оны біреулер ұнатып, мынау жақсы дүние екен басайық деп сұрап, оған ақша төлеп жатса, автор қарсы емес. Міне, осының астарына үңіліп көру керек. Одан соң Пушкин кей туындысын тапсырыспен жазуы да мүмкін. Оны да ашып айтпайды. Тек «мен өзім үшін жаздым. Сол жазғанымды енді бір жерден шығарсам, олар маған қаламақы төлесе, онда нұр үстіне нұр» дегенді мегзейді. Ақын мәселенің екінші қырын да бүгіп қалып отыр. Пушкин тек өлеңдерім мен басқа да шығармаларымды ақша үшін жарыққа шығардым дейді. Бірақ ол расында ақша үшін жазып көріп пе екен? Мәселе сонда ғой. Әдебиет мен үшін ешқашан ақша табудың жолы болған емес. Әдебиет ең әуелі менің ішкі дүниемді, өзім айтқым келген жәйттерді қағазға түсіріп, елге жеткізетін бір жол. Сондықтан, ақша үшін жазамын деп айта алмаймын және ақша үшін кітап та шығарған емеспін. Десек те, табыс табудың басқа да жолдары бар ғой. Жазушы ондай жолдармен ешуақытта айналыспасын деген шарт жоқ. Ең бастысы шұғылданған шаруаңыз сіздің шығармаларыңыздың көркемдік дәрежесіне нұқсан келтірмеуі тиіс. Сол кезде сіз ешқашан да ақшаға тәуелді болмайсыз, яғни ақша үшін қалам тербеудің қажеті болмайды. Проза мен журналистиканы қатар алып жүрген адамсың. Жаңа заманғы журналистиканың рөлі... Әдебиеттің міндеті дегендер бар. Осыған тоқтала кетсең. Ұлтқа, халықтың рухын асқақтату жолында қызмет ету ұғымы да еске түседі. Бұл да жоғарыда Пушкиннің айтқан сөзі іспеттес. Мен де өзім үшін жазамын. Ал жазған дүниелерім халқымның рухын көтеріп жатса, құба- құп. Онда мен өзімді бақытты адам санаймын. Кез-келген ақын- жазушы қолына қалам алған кезде ұлттың мүддесіне арналған белгілі бір тапсырыспен жазбайды. Тіпті, ол халықтың рухын көтеру үшін еңбек еттім дегеннің өзінде оған бір ықпал ететін, көңіл күйіне әсерін тигізетін әлдебір күш болуы керек қой. Сол кезде шабыт келуі мүмкін. Жазушы, қаламгер, театр режиссері тапсырыс бойынша балта жасайтын ұста немесе етікші емес. Шығармашылық парлап самғататын қиял дүниесін, белгілі дәрежедегі қабілетті қажет ететін ерекше еңбек. Сондықтан мұның жолы мүлде бөлек. Жалпы, өз басым мен ұлттың мүддесіне қызмет етіп жатырмын, елдің жоғын жоқтап жүрмін деп кеудесін қағып, өңешін жыртып жүрген кейбір адамдарға сене қоймаймын. Сіздің ел мүддесі жолында атқарған еңбегіңіз ешқандай бір есепсіз жасалған еңбек болуы тиіс. Сол кезде ғана ұлттық мұраттар жолында төккен маңдай теріңіз лайықты бағаланады. Ал егер де мен ұлтқа олай көмектестім, бұлай жәрдемдестім деп айқайға бассаңыз, оның артында «мен» деген үлкен мақтан тұрады. «Мынау –менмін, осыны істеген менмін, мен кереметпін» деген. Сондықтан, өз ойымша, ұлтқа қызмет ету үшін ең әуелі сол халықтың жүз пайыз өкілі болып алуыңыз қажет. Мұндағы басты шарттардың бірі – сіздің ойлау жүйеңіз ана тілінде болуы тиіс. Сондай-ақ сіз қазақ тілінің мәртебесін көтеру жолында аянбай күресе білетін, ұлт тағдырына жаны ашитын, оның мұң-мұқтажын жеке басыңыздың ауыртпалығындай көретін адам болсаңыз, сол кезде ғана өз-өзіңізден ұлтқа қызмет ету жолына шығасыз. Ал егер белгілі бір ситуацияға немесе коньюктураға байланысты мына жерде қазақ тілі деп айқайлап, ана бір орында басқаша сайрайтын болсаңыз, онда сіздің ұлт үшін жасап жатқан еңбегіңіз жай ғана есеп болып шығады. Шынын айтайық, ондай адамдар сонау парламентте отырған ағайындардың қатарынан да табылады. Ұлт мүддесі, халық тағдыры деген ұрандарды ұстанып алып, өз тірліктерін күйттеп жүрген адамдарға күмәнмен қарамасқа лаж қайсы! Неге екенін, осы ретте баяғы кеңес үкіметі тұсындағы зиялы қауым өкілдерінің ас үйде отырып алып күңкілдеп билікті сөгіп, өздері Жер бетінен пана таба алмай жүріп Айдағы келеңсіздіктерге алаңдайтын қаңғыбастарша әлемдік түйткілдерді қаузайтынына байланысты қалыптасқан "дежа вю" ұғымы ойға оралып отыр. Қалай ойлайсың, біз сол әдеттен арылып болдық па? Кеңес одағы тұсында қалыптасқан «ас үйдегі әңгіме» бүгіндері мүлде тыйылған дей алмас едім. Неге? Өйткені, біздің қоғамда көпшілік әлі де болса шындықтың алдында адал болуға тырыспайды. «Аш пәледен қаш пәле»– әркімге тыныштық керек! Көптеген БАҚ та іргесін ақ алмастай ақиқаттан алыс ұстайды. Кей әңгіменің ас үйге көшетіні сондықтан. Ол ас үйден шығып, газет бетіне қашан шығады? Ол әзірге белгісіз. Десек те, Қазақ елінде азды-көпті демократиялық құндылықтардың бой түзегені рас. Оған бір дәлел – «Тасжарған», «Республика», «Политика КZ» секілді оппозициялық басылымдар. Солай бола тұра мемлекеттік дотацияға қарайтын көптеген газет-журналдар кәсіби деңгейі қаншалықты биік, қаншалықты батыл саналғанымен ел ішіндегі шешуін күткен небір түйткілдерге дендеп бойлай алмай келеді. Шындықты айта алмаймыз. Көп күмілжиміз. Әлгінде сөз болғанындай, тіпті, халық сенімін арқалап, ел мүддесін көздеп жүр деген көптеген депутат ағаларымыздың өздері шындықтан тайсақтайды. Біздің газет – бейтарап бағытты ұстанатын газет. Егер сіз біздің басылымды қадағалап оқып жүрген оқырман болсаңыз, онда билікті жақтайтын партиялар өкілдерінің де, оппозициялық партия белсенділерінің де пікірлері мен сұхбатын оқи аласыз. Арнайы тоқталып айта кетейік, бізде Елбасының бір апталық қызметіне шолу жасап отыратын дәстүр бар. Мұны беруге міндеттіміз. Өйткені біз егер Заңға, тәртіпке негізделген мемлекет болуға талпынатын болсақ, онда біз заңды орындауымыз керек. Сондықтан, Президентіміздің қызметі бүкіл басылымдардан көрініс тауып отыруы қажет деп ойлаймын. Ал атқару билігінің жұмысы жайында, облыстық, аудандық әкімдер жайында мақтау да, сынау да болып жатады. Өз ойымша, егер сіздің газетіңіз ақиқатты, адалдықты айтуға талпынатын болса, онда ол басылымның таралымы да өседі деп білемін. Газет үшін ең ауыр нәрсе– оқырманның сенімін жоғалту. Ел сенімін жоғалтқан газеттердің көпшілігі мемлекеттік ресурс, әкімшілік ресурс арқылы оқырмандарды өз газетіне жазылтуға тырысатыны түсінікті. Бірақ біреудің күштеуі бойынша жазылған газеттің қадір-қасиеттен жұрдай болатыны белгілі емес пе! Жалпы, жаңа заманғы журналиске қандай қасиеттер қажет? Дәл бүгінгі күні журналист, әрине, біріншіден, журналистика факультетінде оқып жүрген кезінде-ақ белгілі бір бағыт бойынша мамандануы тиіс. Яғни, айталық, ауыл шаруашылығы тақырыбына немесе мәдениет, саясат, экономика, халықаралық қатынастар жөніндегі салаларға бейімделіп, әбден машықтануы қажет. Бұл бірінші саты, алғашқы қадам деп ойлаймын. Журналистің екінші қадамы– газетке немесе телевизияға барып жұмысқа орналасқаннан кейін ең әуелі Қазақстанда шығып жатқан заңдарды жетік білуге тиіс, яғни, ол заңдарда не айтылды, оның мазмұны қандай – соны білуі қажет! Әрине, баптың нөмірін жатқа білу шарт емес шығар, бірақ ол қандай заң, қашан қабылданды, міне, осының бәрінен хабардар болған жөн. Одан соң сол заңдардың электрондық нұсқасы журналистің компьютерінде тұруы керек. Сонда журналистің көзі ашылады. Ол кез келген уақытта мақаласын жаза отырып, заң шеңберінде белгілі бір жақты жақтап немесе сынап шыға алады. Бұл – журналистің міндеті.

Кейінде әлемдік журналистикамен бірге қазақ баспасөзі де айтарлықтай сапалық өзгерістерге ұшыраған сияқты.

Ол рас. Менің ойымша, бүгінгі күні, мәселен, Батыс пен Америка журналистикасы модернистік үлгідегі әдебиеттің талғам-талаптарын алған. Солардың сөз қолданысын, жазу тәртібін, машығын иемденген. Мысалы, бұрын модернизмде бірінші сөйлем қысқа болу қажет, сонымен қатар ойды автор емес, оқиға айтуы керек, автор бейтарап позиция ұстануы қажет деген шарт болған. Бүгінгі кез келген ақпараттық хабарда қарама-қарсы екі жақ та сөйлесін дейді. Қазақ әдебиетіне келер болсақ, біз қазақтың сөздік бай мұрасын қалайша ұтымды пайдаланып, оны белгілі формаға енгізіп, бүгінгі стильге қалайша бой ұсындыра аламыз? Міндет осы сияқты. Яғни, форма – стиль – қазақтың бай тілі. Осы үшеуінің арасынан лайықты үндестік таба білген адам ең мықты қаламгер болмақшы. Және осы үш талапқа жақсы сюжеттік желі қосылатын болса, онда сіз бірнеше астары бар ғажап шығарма жазар едіңіз. Оның ішінде бүгінгі күні проза мен поэзияға да, кинофильмдерге де, театрға да бүгінгі күннің сұрағына жауап беруге тырысуд

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]