Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Кавитация

Кавитация

Кавитация деп- бумен және газбен толтырылған, көпіршіктер пайда болған сұйық ағынының бұзылуын айтады. Кавитация қысымының төмендеуінен пайда болады. Нәтижесінде сұйықтық қайнап немесе одан ерітілген газ бөлініп шығады. Әдеттте, сұйық ағынында мұндай қысымның төмендеуі жоғары жылдамдық облыстарында пайда болады.Көп жағдайларда сұйықтық қысымы төмен облыстарынан тез өткені сонша, тіпті газ бөлініп үлгермейді.Мұндай жағдайлардағы кавитацияны булы деп айтады.Буға толтырылған қуыстар мен көпіршіктер, қысымы жоғары облыстарға ауып кетеді.Бұл жерде бу конденсацияланады да буға толтырылған қуыстар жабылады.Кавитация нәтижесіне келесідегілер әсер етеді.
1. Канал қабырға материалдарының эрозиясы.Конденсация кезінде бу көпіршіктерінің қысымы көпіршік ішінде тұрақты және қаныққан бу қысымына тең болып қалады.Ал сұйықтықтың қысымы көпіршік қозғалысының әсерінен жоғарлайды.Көпіршікті қоршаған сұйықтық бөлшектері барлық келе жатқан сұйықтық қысымдарының әсерінде болады және көпіршік ішіндегі қысым оның центріне тарта қозғалады,Көпіршіктің толық конденсациясы кезіде сұйық бөлшектерінің соққысы пайда болады.Сипатталған механикалық процесте канал қабырғаларының бұзылуы эрозия деп аталады.Сонымен бірге кавитацияның қауіпті ісі болып келеді.
2. Дыбыс құбылыстары (шулы дыбыс, соққыларт.б) және қондырғының дірілі.
3. Берілудің, арынның, қуаттың және сорғыш КПД-сының төмендеуі.
Кейде газ көпіршіктері қосылған сұйықтықтың арынымен жұмыс істеуге тура келеді.Көпіршіктердің қысымы төмен обылыстарынан өткен кезінде олардың өсуі байқалады,яғни, көлемді газ концентрациясы үлкейеді.Бұл сорғыштың арыны мен беруінің азаюына әкеп соғады.Сұйықтықтағы көлемді газ концентрациясының ұлкеюі, дыбыс жылдамдығының қатты азаюына әкеледі.Солай, судағы көлемді ауа концентрациясы 1% тең болғанда, дыбыс жылдамдығы 120 м/с тең,ал 10% -40 м/с.Тар каналдағы сұйық жылдамдығы дыбысқа қарағанда үлкен болмайды.Сондықтан көлемді газ концентрациясының көбеюі кезінде пйда болған дыбыс жылдамдығының азаюы, сорғыштың беруіне және сұйық жылдамдығының төмендуіне әкеп соғады.Сонымен қатар дыбыс жылдамдығының азаюы кезінде, каналдың гидравликалық кедергі жоғарлайды да, артынан берілу төмендейді.Сорғыш жұмысы режимінің бұлай бұзылуы, сұйықтықтың дыбысқа дейінгі жылдамдығында да болуы мүмкін.Нәтижесінде орталық дөңгелектің бөлшегінде газ жиналады.Мұндай құбылыстарды әдетте газды кавитация деп атайды.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]